3-дүниежүзілік соғыс: электірмен технологияның жойылуы
3-дүниежүзілік соғыс: электірмен технологияның жойылуы

Үшінші дүниежүзілік соғыс және электірмен технологияның жойылуы

https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/321296496630729

Электір соғысқа ісетілгеніне 120 жыл, үйлерге кіргеніне 80 жыл болмады, 100 жыл бұрын адамдар технологияны білмейтін, құпия болып келген электір сырын оларға үйреткен шайтан еді, ол осылай ерушілеріне дүниені тізгіндеу тетігін үйретіп, адамзатты өзіне құл етті. Шайтанның технологияны әкелудегі мақсаты адамдардың иманын ұрлау, технология келісімен адамдат шешініп жалаңаштана бастады және құдайға қарсылығы онан арман артып, барынша әтейістенді. Болашақта келетін Махди қазірет шайтанның осы электірмен құрған технология империясын күйретеді, ол электірді жойып, мұғжизалар дәуірін орнататын болады, қазіргі технология Махди қазірет әкелетін илаһи (қасиетті) технологияның қасында тым елеусіз нәрсе ғана болмақ, 21-ғасыр ішінде таңғажайып заман келе жатыр. Махди қазірет қазіргі дүниенің мына жүйесінде өмір сүруге келмейді, мына жүйе- шайтани жүйе, керісінше ол бұл жүйені мүлдем жойып, орнына өзінің шыт жаңа илаһи жүйесін орнатқалы келеді.
 

Станбул, Түркия, 1980-жыл.

- Әулие Маулана Шайық Мұхаммад Назым Қазірет


Үшінші дүниежүзілік соғыс ...

Жоғарыда айтылған бұл уақиғалар әл-Малхама Кұбыра (Армадагон яғни үшінші дүниежүзілік соғыс) ең жоғарғы шегіне жеткен соң қазірет Махдидың шығуымен іркес-тіркес арт-артынан туылмақ. Айтылуынша бұл ұрыс әлде қашан жыл бұры басталып кеткен делінеді, шамамен 2011-жылдары басталған, оның шырқау шегі ресеймен қытай одақтасып түркияға шабуыл жасап, стамбулды басып алуы деп айтылады. Көп ұзамай орыс-қытай одағы 80 елді (қазақстанда осы одақтың ішінде болары сөзсіз) бастап АҚШ-европа бастаған 80 елмен сирия-түркияның шегара аумағындағы амуқ деген мекенде милион әскермен өзара ұрысады, бұл соғысың ең шырқау шыңы болып, бұл кезде дүние меңгеруден шығып кетеді де, нағыз қырғын басталады, аспаннан оқтар-бомбалар жаңбырша жауады, қалалармен адам көп жерлер ең қауыпты орынға айналады, ал ауылдармен адам аз алыс далалармен таулы мекендер хауыпсіз мекендерге айналады.

Бұл адамзат тәрихындағы ең үлкен қырғын болып, ешқандай күштер оны тоқта алмайды, өте көп адам опат болады, ұкіметтер жоғалып, дүние былығады, соңыра соғыстың өріттей өршіп тұрған ортасында қазірет Махди шығып үш рет "аллаһу акбар" деп тәкбір айтқанда, қүдіретпен электір ғайып болады, бұл уақйға технологияның түбірімен күйреуіне әкеліп соғып, қару-жарақ, оқтар, машиналар, ұшақтар, кемелер, зауаттар түгелдей өз жұмысын тоқтатады, әйтеуір электір, мұнай, оқ-дәрілерге қатысты нәрсенің барлығы істен шығып бос нәрсеге айналады, қазірет Махди 3-дүниежүзілік ұрысты осылай тоқтатады, күллі адамзат есінен танғандай болады, нәтижесінде дүние төңкеріліп түседі және орыс-қытай сияқты елдер жойылып өз іштерінен көптеген ұсақ мемілекеттерге бөлініп кетеді. Бұдан білетініміз орыс-қытай және ақш-европа держауалары үшінші дүниежүзілік соғыс болмай дүние тағынан түспейтінін көре аламыз, олар әл-Малхама Кұбырадан соң жойылмақ, одан бұрын олар күшеймесе әлсірмейтін сияқты.

Қазірет Махди келген соң ...

Қазірет Махдимен оның әскерлері ерекше мұғжизалы күштерге йе-дүр, мінгендері пырақ болып аспанда ұшар, сілтенген қылыштары жердің шығысымен батысына жетер, оларға ештеңе шыдас бермес, ол кәпірді басып исламболға (стамбул) кірер, одан османлының сұлтан Сәлим Төртінен пайғамбарымыздан қалған халифалық аманатты алар, оған еріп көп адам исламға кірер, өкінерлік әттегенай істерде көп болар, қарасы мол ақымақ мұсылмандар оған қарсы келем деп жанынан жұда болар, елді құртып дінді бұзған ниеті қара сан 70 мың шайықтың басы кетер, дін осылай кіршіксізденер. Дәл сол кезде тажал шығар, оны қазірет Иса пайғамбар көктен түсіп өлтірер, қазірет Махди екеуі бүкіл жер бетін күпірлік, зұлымдық, жалғандық атаулыдан тазалар, күллі адам баласын дін исламға кіргізер хәм мұғжизаға толы жаңа дәуірді орнатар. Адам баласының жамандарының бәрі кетіп, тек иманды жақсылары ғана аман қалар, бұлардың көбі кілең жастармен әйелдер болар, оған ердің көбінің қасарысқан тоңмойындығымен әйелдің жұмсақ тәбиғаты себеп болар. Осы дәуір орнай сала қара жер бар қазынасын төгер, құран-хадистердің мұғжизалы сырлары ашылып, жер беті бейне бір жәннаттың бақшасындай болар, қазірет Махдимен Иса пайғамбар 7 жылдай бірге тұрар.

Қазірет Иса пайғамбардың кезінде ...

Ол кезде ақша болмас, салауатпен дұға ақша орнына жүрер, сыртқа шыққан дәретің биссимилламен күйіп жоқ болар, жер бетінде еш ластық немесе сасық нәрселер болмас, алтын-күміспен гаухарлар таудай болып үйіліп-төгіліп жатар, бірақ оларға көз қырын салар адам табылмас, жынмен періштелер адамға қызмет етіп, жер бетіндегі қалаларды, машиналарды, бұрынғылардан қалған қалдықтарды бір күнде тасып әкетіп теңіз түбіне тығар да, орнына құлақ естіп көз көрмеген қиял жетпеген ғажайып қалаларды бір-ақ түнде салар, адамдардың барлығы дүниені мүлдем тастап құранның мұғжизаларына өз көзімен куа болар, жүректері жарқырап исламның шын нұрына барынша малынар, биссимилланың құдіретімен қазірет Исаға еріп басқа әлеммен жеті қат көкке сапар шегер, сол заманда өмір сүргендер адамзаттың ең бақыттылары болмақ-дүр, қиямет күнінде де олардың бөгенайы бөлек болар да, «шіркін» дегізіп бар жандының таңдайын қақтыра тамсандырар.

Әрбір құран әрпінің астына жасырылған 12 мың түрлі ғажап сырлы білім бар-дүр, бұл кереметтер осы кездерде білініп, күллі жұрт құранның мұғжиза ақиқатына иманы әбден ұйыр, сырлы Каф Тауынан сансыз мал-түліктер, ибрахим пайғамбардың қойлары және ғажайып адамдар жер бетіне тасылар, әуелгі әмір «үйлену» болып, ешкім бойдақ қалмас, әркім сүйген жұптарымен бірге жүрер. Қазірет Әлидей сахаба-әулиелер тіріліп келіп, кірпіктерін ақ басқанша арамызда жүрер, пайғамбарымызға үмбет болуды аңсап, арманы қабыл болған теңіз йесі Ілияс және Ыдырыс пайғамбарларда келер, үмбеттігін орындар, орындарда ол дүниеге аттанар, жер йесі Қызырда шығар. Қазірет Махдиді аңсаған сан түмен әруақтар барзақтан тірілдіріліп Махдиға қауышар, Махдиді күтіп сүймектің сыры осы-дүр, оны кім сүйсе сол әкелінер, оларға барзақ-әруақ әлемі тілсім болмас. Ол кезде шайтан құрықталып есі шығар да, ойсыз-күйсіз 40 жыл ұйықтар, осылай адамдар Иса қазіретпен бақыттың дәмін сан 40 жыл татар.

Қазірет Иса пайғамбардан соңғы қиямет ахуалдары ...

40 жылда өтер, Иса қазіретте қайтыс болар, шайтанда жарты өлімінен оянар, оянарда «иса өлді, енді кезек біздікі.» дер, одан соң жер бетінде өмір сүрудің еш мәнісі қалмас, адамдар дінін бар-жоғы 10 жылдай ұстап тұрар хәм тым тез азар, көп өтпей имандының бәрі өліп, тек шайтанға ерген кәпір қауым ғана қалар, имандылардың ең соңғысы Қызыр қазіреті болар, еш пенде ұрпағының бұл кезге қалуын қаламас, олар киімсіз тыр жалаңаш жүрер, ар-ұятты мүлдем білмес, ол шақтарда олардың ең имандысы «"бұрын ата-бабам құдай бар." деп айтқан екен.» дер, бірақ бұл сөзіне өзі сенбес, құран-хадис көтеріліп, олардан түк қалмас, қиямет тәп осылардың басына таяу тұрар. Кенет жерді үсті басын жүн басқан тастан жұмсақтың бәрін жейтін адам тектес яжұж-мажұж қаптар, олар босатылып биіктен не көктен түсер, бұл іс боларда көкте күн екеу көрініп, жер ысыр, олар ай-шайға қаратпай манағы азғындарды тірідей шайнап жер. Одан жерді дұхан-тұман басар, жер астынан жануар шығар, күн батыстан көтерілер, жерің көбі теңізге жұтылып, енді қиямет шын орнар.

Исрафил қазіреті келер, сансыз саңылаулы сүр-сырнайын үрлеп, даусымен бар жандыны өлтірер, әр саңылауына әр рухты салып ала кетер, жер тіршліксіз бәлен уақыт ұйықтап жатар, одан тау үгітіліп, жер сапырылып жұмыртқадай майда болар, сонда да пайғамбарлармен әулиелердің денесіне еш зақым келмес. Уақыт өтер, бір кезде шаухат тектес жауын 40 күн жауар, артынша адам тәндері дәнін жарып шыққан өріктей көктеп шығар, толысқанда Исрафил тағы келер хәм сүрін үрлер, әр саңылаудан атылған әрбір рух өз йесін тауып кірер, адам баласына осылай жаны бітіп қайта тірілер, шаңын қағып жерден тұрар.

Олар қып-жалаңаш, таңданана бір-біріне қарар, шошып үрейленер, соңыра белгісіз күштің итеруімен шамдағы (сирия дамашық өңірі) махшар алаңына жүгірер, Жабал Қайсүнға бет алар, кейбірі арып-шаршап қатты қиналып әзер жетсе, кейбірі жануарға мініп жеңіл ғана демде жетер, таразы орнатылып сұрақ басталар, әркім ергенімен сүйгенінің артында сап түзер, шайтанға ергендер шайтанның артына тізілер, пайғамбар-әулиелермен алланың сүйіктілері көлеңеде салқын тұрар, күнәкарлар тері теңізіне тұншығар, күнге әбден күйер. Кей адамның сүрағы тез бітер, кедей-жарлының сұрағы жеңілдеу болар, бай-патышаның сұрағы тым көп болмақ-дүр, сұрақ сонша қиын, сүлейменде билігіне әзер жауап берер хәм жаннатына 40 жыл кешін кірер. Кей адамның таразы соты 100 мың жыл, тіпті милион жыл болар, осыншама ұзақ соттан соң кейі жәннатқа кірсе, кейбірі тозаққа лақтырлар, хақ дін жетпегендер жәннат-тозақ арасындағы Ағрафта бой көрсетер.

 

 

ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس جانە ەلەكتىرمەن تەحنولوگيانىڭ جويىلۋى

ەلەكتىر سوعىسقا ىسەتىلگەنىنە 120 جىل، ۇيلەرگە كىرگەنىنە 80 جىل بولمادى، 100 جىل بۇرىن ادامدار تەحنولوگيانى بىلمەيتىن، قۇپيا بولىپ كەلگەن ەلەكتىر سىرىن ولارعا ۇيرەتكەن شايتان ەدى، ول وسىلاي ەرۋشىلەرىنە دۇنيەنى تىزگىندەۋ تەتىگىن ۇيرەتىپ، ادامزاتتى وزىنە قۇل ەتتى. شايتاننىڭ تەحنولوگيانى اكەلۋدەگى ماقساتى ادامداردىڭ يمانىن ۇرلاۋ، تەحنولوگيا كەلىسىمەن ادامدات شەشىنىپ جالاڭاشتانا باستادى جانە قۇدايعا قارسىلىعى ونان ارمان ارتىپ، بارىنشا اتەيىستەندى. بولاشاقتا كەلەتىن ماحدي قازىرەت شايتاننىڭ وسى ەلەكتىرمەن قۇرعان تەحنولوگيا يمپەرياسىن كۇيرەتەدى، ول ەلەكتىردى جويىپ، مۇعجيزالار ءداۋىرىن ورناتاتىن بولادى، قازىرگى تەحنولوگيا ماحدي قازىرەت اكەلەتىن يلاھي (قاسيەتتى) تەحنولوگيانىڭ قاسىندا تىم ەلەۋسىز نارسە عانا بولماق، 21-عاسىر ىشىندە تاڭعاجايىپ زامان كەلە جاتىر. ماحدي قازىرەت قازىرگى دۇنيەنىڭ مىنا جۇيەسىندە ءومىر سۇرۋگە كەلمەيدى، مىنا جۇيە- شايتاني جۇيە، كەرىسىنشە ول بۇل جۇيەنى مۇلدەم جويىپ، ورنىنا ءوزىنىڭ شىت جاڭا يلاھي جۇيەسىن ورناتقالى كەلەدى.

ستانبۋل، تۇركيا، 1980-جىل.

- اۋليە ماۋلانا شايىق مۇحامماد نازىم قازىرەت


ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس ...

جوعارىدا ايتىلعان بۇل ۋاقيعالار ءال-مالحاما كۇبىرا (ارماداگون ياعني ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس) ەڭ جوعارعى شەگىنە جەتكەن سوڭ قازىرەت ماحديدىڭ شىعۋىمەن ىركەس-تىركەس ارت-ارتىنان تۋىلماق. ايتىلۋىنشا بۇل ۇرىس الدە قاشان جىل بۇرى باستالىپ كەتكەن دەلىنەدى، شامامەن 2011-جىلدارى باستالعان، ونىڭ شىرقاۋ شەگى رەسەيمەن قىتاي وداقتاسىپ تۇركياعا شابۋىل جاساپ، ستامبۋلدى باسىپ الۋى دەپ ايتىلادى. كوپ ۇزاماي ورىس-قىتاي وداعى 80 ەلدى (قازاقستاندا وسى وداقتىڭ ىشىندە بولارى ءسوزسىز) باستاپ اقش-ەۆروپا باستاعان 80 ەلمەن سيريا-تۇركيانىڭ شەگارا اۋماعىنداعى امۋق دەگەن مەكەندە ميليون اسكەرمەن ءوزارا ۇرىسادى، بۇل سوعىسىڭ ەڭ شىرقاۋ شىڭى بولىپ، بۇل كەزدە دۇنيە مەڭگەرۋدەن شىعىپ كەتەدى دە، ناعىز قىرعىن باستالادى، اسپاننان وقتار-بومبالار جاڭبىرشا جاۋادى، قالالارمەن ادام كوپ جەرلەر ەڭ قاۋىپتى ورىنعا اينالادى، ال اۋىلدارمەن ادام از الىس دالالارمەن تاۋلى مەكەندەر ءحاۋىپسىز مەكەندەرگە اينالادى.

بۇل ادامزات تاريحىنداعى ەڭ ۇلكەن قىرعىن بولىپ، ەشقانداي كۇشتەر ونى توقتا المايدى، وتە كوپ ادام وپات بولادى، ۇكىمەتتەر جوعالىپ، دۇنيە بىلىعادى، سوڭىرا سوعىستىڭ ورىتتەي ءورشىپ تۇرعان ورتاسىندا قازىرەت ماحدي شىعىپ ءۇش رەت "اللاھۋ اكبار" دەپ تاكبىر ايتقاندا، قۇدىرەتپەن ەلەكتىر عايىپ بولادى، بۇل ۋاقيعا تەحنولوگيانىڭ تۇبىرىمەن كۇيرەۋىنە اكەلىپ سوعىپ، قارۋ-جاراق، وقتار، ماشينالار، ۇشاقتار، كەمەلەر، زاۋاتتار تۇگەلدەي ءوز جۇمىسىن توقتاتادى، ايتەۋىر ەلەكتىر، مۇناي، وق-دارىلەرگە قاتىستى نارسەنىڭ بارلىعى ىستەن شىعىپ بوس نارسەگە اينالادى، قازىرەت ماحدي 3-دۇنيەجۇزىلىك ۇرىستى وسىلاي توقتاتادى، كۇللى ادامزات ەسىنەن تانعانداي بولادى، ناتيجەسىندە دۇنيە توڭكەرىلىپ تۇسەدى جانە ورىس-قىتاي سياقتى ەلدەر جويىلىپ ءوز ىشتەرىنەن كوپتەگەن ۇساق مەمىلەكەتتەرگە ءبولىنىپ كەتەدى. بۇدان بىلەتىنىمىز ورىس-قىتاي جانە اقش-ەۆروپا دەرجاۋالارى ءۇشىنشى دۇنيەجۇزىلىك سوعىس بولماي دۇنيە تاعىنان تۇسپەيتىنىن كورە الامىز، ولار ءال-مالحاما كۇبىرادان سوڭ جويىلماق، ودان بۇرىن ولار كۇشەيمەسە السىرمەيتىن سياقتى.

قازىرەت ماحدي كەلگەن سوڭ ...

قازىرەت ماحديمەن ونىڭ اسكەرلەرى ەرەكشە مۇعجيزالى كۇشتەرگە يە-ءدۇر، مىنگەندەرى پىراق بولىپ اسپاندا ۇشار، سىلتەنگەن قىلىشتارى جەردىڭ شىعىسىمەن باتىسىنا جەتەر، ولارعا ەشتەڭە شىداس بەرمەس، ول كاپىردى باسىپ يسلامبولعا (ستامبۋل) كىرەر، ودان وسمانلىنىڭ سۇلتان ءساليم تورتىنەن پايعامبارىمىزدان قالعان حاليفالىق اماناتتى الار، وعان ەرىپ كوپ ادام يسلامعا كىرەر، وكىنەرلىك اتتەگەناي ىستەردە كوپ بولار، قاراسى مول اقىماق مۇسىلماندار وعان قارسى كەلەم دەپ جانىنان جۇدا بولار، ەلدى قۇرتىپ ءدىندى بۇزعان نيەتى قارا سان 70 مىڭ شايىقتىڭ باسى كەتەر، ءدىن وسىلاي كىرشىكسىزدەنەر. ءدال سول كەزدە تاجال شىعار، ونى قازىرەت يسا پايعامبار كوكتەن ءتۇسىپ ولتىرەر، قازىرەت ماحدي ەكەۋى بۇكىل جەر بەتىن كۇپىرلىك، زۇلىمدىق، جالعاندىق اتاۋلىدان تازالار، كۇللى ادام بالاسىن ءدىن يسلامعا كىرگىزەر ءحام مۇعجيزاعا تولى جاڭا ءداۋىردى ورناتار. ادام بالاسىنىڭ جاماندارىنىڭ ءبارى كەتىپ، تەك يماندى جاقسىلارى عانا امان قالار، بۇلاردىڭ كوبى كىلەڭ جاستارمەن ايەلدەر بولار، وعان ەردىڭ كوبىنىڭ قاسارىسقان توڭمويىندىعىمەن ايەلدىڭ جۇمساق تابيعاتى سەبەپ بولار. وسى ءداۋىر ورناي سالا قارا جەر بار قازىناسىن توگەر، قۇران-حاديستەردىڭ مۇعجيزالى سىرلارى اشىلىپ، جەر بەتى بەينە ءبىر ءجانناتتىڭ باقشاسىنداي بولار، قازىرەت ماحديمەن يسا پايعامبار 7 جىلداي بىرگە تۇرار.

قازىرەت يسا پايعامباردىڭ كەزىندە ...

ول كەزدە اقشا بولماس، سالاۋاتپەن دۇعا اقشا ورنىنا جۇرەر، سىرتقا شىققان دارەتىڭ بيسسيميللامەن كۇيىپ جوق بولار، جەر بەتىندە ەش لاستىق نەمەسە ساسىق نارسەلەر بولماس، التىن-كۇمىسپەن گاۋحارلار تاۋداي بولىپ ءۇيىلىپ-توگىلىپ جاتار، بىراق ولارعا كوز قىرىن سالار ادام تابىلماس، جىنمەن پەرىشتەلەر ادامعا قىزمەت ەتىپ، جەر بەتىندەگى قالالاردى، ماشينالاردى، بۇرىنعىلاردان قالعان قالدىقتاردى ءبىر كۇندە تاسىپ اكەتىپ تەڭىز تۇبىنە تىعار دا، ورنىنا قۇلاق ەستىپ كوز كورمەگەن قيال جەتپەگەن عاجايىپ قالالاردى ءبىر-اق تۇندە سالار، ادامداردىڭ بارلىعى دۇنيەنى مۇلدەم تاستاپ قۇراننىڭ مۇعجيزالارىنا ءوز كوزىمەن كۋا بولار، جۇرەكتەرى جارقىراپ يسلامنىڭ شىن نۇرىنا بارىنشا مالىنار، بيسسيميللانىڭ قۇدىرەتىمەن قازىرەت يساعا ەرىپ باسقا الەممەن جەتى قات كوككە ساپار شەگەر، سول زاماندا ءومىر سۇرگەندەر ادامزاتتىڭ ەڭ باقىتتىلارى بولماق-ءدۇر، قيامەت كۇنىندە دە ولاردىڭ بوگەنايى بولەك بولار دا، «شىركىن» دەگىزىپ بار جاندىنىڭ تاڭدايىن قاقتىرا تامساندىرار.

ءاربىر قۇران ءارپىنىڭ استىنا جاسىرىلعان 12 مىڭ ءتۇرلى عاجاپ سىرلى ءبىلىم بار-ءدۇر، بۇل كەرەمەتتەر وسى كەزدەردە ءبىلىنىپ، كۇللى جۇرت قۇراننىڭ مۇعجيزا اقيقاتىنا يمانى ابدەن ۇيىر، سىرلى كاف تاۋىنان سانسىز مال-تۇلىكتەر، يبراحيم پايعامباردىڭ قويلارى جانە عاجايىپ ادامدار جەر بەتىنە تاسىلار، اۋەلگى ءامىر «ۇيلەنۋ» بولىپ، ەشكىم بويداق قالماس، اركىم سۇيگەن جۇپتارىمەن بىرگە جۇرەر. قازىرەت اليدەي ساحابا-اۋليەلەر ءتىرىلىپ كەلىپ، كىرپىكتەرىن اق باسقانشا ارامىزدا جۇرەر، پايعامبارىمىزعا ۇمبەت بولۋدى اڭساپ، ارمانى قابىل بولعان تەڭىز يەسى ءىلياس جانە ىدىرىس پايعامبارلاردا كەلەر، ۇمبەتتىگىن ورىندار، ورىنداردا ول دۇنيەگە اتتانار، جەر يەسى قىزىردا شىعار. قازىرەت ءماحديدى اڭساعان سان تۇمەن ارۋاقتار بارزاقتان ءتىرىلدىرىلىپ ماحديعا قاۋىشار، ءماحديدى كۇتىپ سۇيمەكتىڭ سىرى وسى-ءدۇر، ونى كىم سۇيسە سول اكەلىنەر، ولارعا بارزاق-ارۋاق الەمى ءتىلسىم بولماس. ول كەزدە شايتان قۇرىقتالىپ ەسى شىعار دا، ويسىز-كۇيسىز 40 جىل ۇيىقتار، وسىلاي ادامدار يسا قازىرەتپەن باقىتتىڭ ءدامىن سان 40 جىل تاتار.

قازىرەت يسا پايعامباردان سوڭعى قيامەت احۋالدارى ...

40 جىلدا وتەر، يسا قازىرەتتە قايتىس بولار، شايتاندا جارتى ولىمىنەن ويانار، وياناردا «يسا ءولدى، ەندى كەزەك بىزدىكى.» دەر، ودان سوڭ جەر بەتىندە ءومىر ءسۇرۋدىڭ ەش ءمانىسى قالماس، ادامدار ءدىنىن بار-جوعى 10 جىلداي ۇستاپ تۇرار ءحام تىم تەز ازار، كوپ وتپەي يماندىنىڭ ءبارى ءولىپ، تەك شايتانعا ەرگەن كاپىر قاۋىم عانا قالار، يماندىلاردىڭ ەڭ سوڭعىسى قىزىر قازىرەتى بولار، ەش پەندە ۇرپاعىنىڭ بۇل كەزگە قالۋىن قالاماس، ولار كيىمسىز تىر جالاڭاش جۇرەر، ار-ۇياتتى مۇلدەم بىلمەس، ول شاقتاردا ولاردىڭ ەڭ يماندىسى «"بۇرىن اتا-بابام قۇداي بار." دەپ ايتقان ەكەن.» دەر، بىراق بۇل سوزىنە ءوزى سەنبەس، قۇران-حاديس كوتەرىلىپ، ولاردان تۇك قالماس، قيامەت ءتاپ وسىلاردىڭ باسىنا تاياۋ تۇرار. كەنەت جەردى ءۇستى باسىن ءجۇن باسقان تاستان جۇمساقتىڭ ءبارىن جەيتىن ادام تەكتەس ياجۇج-ماجۇج قاپتار، ولار بوساتىلىپ بيىكتەن نە كوكتەن تۇسەر، بۇل ءىس بولاردا كوكتە كۇن ەكەۋ كورىنىپ، جەر ىسىر، ولار اي-شايعا قاراتپاي ماناعى ازعىنداردى تىرىدەي شايناپ جەر. ودان جەردى دۇحان-تۇمان باسار، جەر استىنان جانۋار شىعار، كۇن باتىستان كوتەرىلەر، جەرىڭ كوبى تەڭىزگە جۇتىلىپ، ەندى قيامەت شىن ورنار.

يسرافيل قازىرەتى كەلەر، سانسىز ساڭىلاۋلى ءسۇر-سىرنايىن ۇرلەپ، داۋسىمەن بار جاندىنى ولتىرەر، ءار ساڭىلاۋىنا ءار رۋحتى سالىپ الا كەتەر، جەر تىرشلىكسىز بالەن ۋاقىت ۇيىقتاپ جاتار، ودان تاۋ ۇگىتىلىپ، جەر ساپىرىلىپ جۇمىرتقاداي مايدا بولار، سوندا دا پايعامبارلارمەن اۋليەلەردىڭ دەنەسىنە ەش زاقىم كەلمەس. ۋاقىت وتەر، ءبىر كەزدە شاۋحات تەكتەس جاۋىن 40 كۇن جاۋار، ارتىنشا ادام تاندەرى ءدانىن جارىپ شىققان ورىكتەي كوكتەپ شىعار، تولىسقاندا يسرافيل تاعى كەلەر ءحام ءسۇرىن ۇرلەر، ءار ساڭىلاۋدان اتىلعان ءاربىر رۋح ءوز يەسىن تاۋىپ كىرەر، ادام بالاسىنا وسىلاي جانى ءبىتىپ قايتا تىرىلەر، شاڭىن قاعىپ جەردەن تۇرار.

ولار قىپ-جالاڭاش، تاڭدانانا ءبىر-بىرىنە قارار، شوشىپ ۇرەيلەنەر، سوڭىرا بەلگىسىز كۇشتىڭ يتەرۋىمەن شامداعى (سيريا داماشىق ءوڭىرى) ماحشار الاڭىنا جۇگىرەر، جابال قايسۇنعا بەت الار، كەيبىرى ارىپ-شارشاپ قاتتى قينالىپ ازەر جەتسە، كەيبىرى جانۋارعا ءمىنىپ جەڭىل عانا دەمدە جەتەر، تارازى ورناتىلىپ سۇراق باستالار، اركىم ەرگەنىمەن سۇيگەنىنىڭ ارتىندا ساپ تۇزەر، شايتانعا ەرگەندەر شايتاننىڭ ارتىنا تىزىلەر، پايعامبار-اۋليەلەرمەن اللانىڭ سۇيىكتىلەرى كولەڭەدە سالقىن تۇرار، كۇناكارلار تەرى تەڭىزىنە تۇنشىعار، كۇنگە ابدەن كۇيەر. كەي ادامنىڭ سۇراعى تەز بىتەر، كەدەي-جارلىنىڭ سۇراعى جەڭىلدەۋ بولار، باي-پاتىشانىڭ سۇراعى تىم كوپ بولماق-ءدۇر، سۇراق سونشا قيىن، سۇلەيمەندە بيلىگىنە ازەر جاۋاپ بەرەر ءحام جانناتىنا 40 جىل كەشىن كىرەر. كەي ادامنىڭ تارازى سوتى 100 مىڭ جىل، ءتىپتى ميليون جىل بولار، وسىنشاما ۇزاق سوتتان سوڭ كەيى جانناتقا كىرسە، كەيبىرى توزاققا لاقتىرلار، حاق ءدىن جەتپەگەندەر ءجاننات-توزاق اراسىنداعى اعرافتا بوي كورسەتەر.

Үшінші дүниежүзілік соғыс және электірмен технологияның жойылуы
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
11 ай бұрын 1081
0 пікір
Блог туралы