АЛЛА тағалаға өзіңді арна
АЛЛА тағалаға өзіңді арна
АЛЛА тағалаға өзіңді арна
 
Біз әр күнгі 24 сағат уақытымыздың қалай өтіп жатқаны туралы ойлануымыз қажет болатұғын, алайда біз бұл жайлы 24 сиконтта ойлап қоймаймыз. Әр нәрсе алла тағала үшін, өзіңде алла тағала үшін екеніңдігіңді білгін. Сондықтан, әрбір ісіңді алла тағала үшін істе, ол сенің ниетіңе қарайды, егер ниетің ол үшін болса, ол сені әсте шайтанның қолына қалдырып тастап қоймайды. Күмәнсіз, ол кезде алла тағала сенімен бірге болады да, саған көмек береді. Алла тағала жүрегіңе назар салады, егер ол кезде өз нәпсің немесе дүниелік мақсаттарың үшін жұмыс істеп, сонымен әбігер болып жүрген болсаң, ол көмегін тоқтатады, ол сенің оның жолында жүріп, оның бұйрықтарын атқарып жүрсің бе, соған қарайды. Егер бұлай болмаса, ол сені бірталай уақыт өзіңе тастап қояды, сонан соң өз-өзіңе қайтарсың. Егер алла тағала үшін іс етсең, ол саған берекесін береді де, құзіретінде абыройлы әрі қабыл етілген жан боласың. Егер ісің алла тағала үшін болмаса, өзіңді босқа сарқып тауысасың да, өз-өзіңді яғни кімдігіңді жоғалтасың, сонымен түгемес мәселелер сені шыр айналатын болады.
 
Әр жолы еткен істеріңе қара да, оларды алла тағала үшін әлде басқа үшін істеп жүрсің бе, осыған қара, қанша сағатыңды алла тағала үшін арнап, илаһи құзіретпен байланыста бола білдің, қанша сағатың өз нәпсіңмен бірге болуға кетті, осыларға жақсы назар сал және оны үзбей тексеріп тұр. Әр әрекетіңді алла тағалаға арнауға көңіл бөл, мәселен, жеу, ішу, жұмыс істеу, намаз-құлшылық және әрбір сәтің! Осылай ете білу сені әлеуеттендіріп, бақтықа бөлейді, өмірің тәтті өтетін болады, алла тағала мүминдердің өмірін қиын немесе дәмсіз етпестен, тәтті әрі дәмді-мәнді етіп қояды, ал алла тағала өзіне сенбейтіндермен күнә-жамандық істейтіндердің өмірін қиын, ашты әрі дәмсіз-мәнсіз етіп қояды. Сондықтан, АЛЛА үшін бол, АЛЛА үшін өмір сүр, АЛЛА үшін өл, ал басқасы еш маңызсыз, көз салуғада татымас. Басқалар бұл дүниені алғысы келсе, оларға бар дүниені қалтыр, солар алсын, олар бұл дүниелік рақатпен байлыққа белшесінен батып, қыбы қанғанша ішіп-жеп, ойнап-күлгісі және ләззаттанғысы келеді.
 
Алайда, адамдар ләззәттың құдіретті ұлық алла тағаладан келетінін білсін, біздің жүректеріміз алла тағаланың шексіз берекелері үшін арналған.
 
Алла тағалаға қызмет етіп, оған бойсынсаң алла тағала сені илаһи нұрымен безендіретін болады, онан соң бұл нұрыңды қорғап, жақсы сақтасаң болғаны, сол жеткілікті. Жан-рухыңа руханият илаһи күші әрі тез әрі оңай жетуі үшін, өзіңнің дүниелік-нәпсілік қалауларыңды құрбан етуың керек. Саған «мен сенің ішіп-жеуіңді қамдайтын кепіліңмін, егер сен мен үшін болсаң, әр нәрсені саған оңайластырамын, егер сен маған шын сенсең, сені шаршатпаймын.» деп айтқан жаратушың алла тағалаға сеніміңді жоғалытпа. Алла тағалаға бұндай шын сенім арту саған қанағаттылықты силап, сені алла тағалаға қызмет етуден басқаны ойламайтын жан етеді. Ұлы алла тағала «маған сен, бәрін мен өзім саған оңайластырып, жеңілдетемін.» дейді, бұл исламдағы ең маңызды түйін. Алла тағала үшін өзін арнағандарға алла тағала жеткілікті емеспе? әрине алла тағала оларға әлде қайда жетіліп артылады. Біз алла тағалаға иман етеміз, оған тас түйін сенеміз, енді өзіңді алла тағала үшін өтелетін илаһи қызметтерге арна, сол жолдың сызығынан шықпа, осы жол хауыпсыз жол.
 
- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым Әділ әл-Хаққани
 
اللا تاعالاعا ءوزىڭدى ارنا
 
ءبىز ءار كۇنگى 24 ساعات ۋاقىتىمىزدىڭ قالاي ءوتىپ جاتقانى تۋرالى ويلانۋىمىز قاجەت بولاتۇعىن، الايدا ءبىز بۇل جايلى 24 سيكونتتا ويلاپ قويمايمىز. ءار نارسە اللا تاعالا ءۇشىن، وزىڭدە اللا تاعالا ءۇشىن ەكەنىڭدىگىڭدى بىلگىن. سوندىقتان، ءاربىر ءىسىڭدى اللا تاعالا ءۇشىن ىستە، ول سەنىڭ نيەتىڭە قارايدى، ەگەر نيەتىڭ ول ءۇشىن بولسا، ول سەنى استە شايتاننىڭ قولىنا قالدىرىپ تاستاپ قويمايدى. كۇمانسىز، ول كەزدە اللا تاعالا سەنىمەن بىرگە بولادى دا، ساعان كومەك بەرەدى. اللا تاعالا جۇرەگىڭە نازار سالادى، ەگەر ول كەزدە ءوز ءناپسىڭ نەمەسە دۇنيەلىك ماقساتتارىڭ ءۇشىن جۇمىس ىستەپ، سونىمەن ابىگەر بولىپ جۇرگەن بولساڭ، ول كومەگىن توقتاتادى، ول سەنىڭ ونىڭ جولىندا ءجۇرىپ، ونىڭ بۇيرىقتارىن اتقارىپ ءجۇرسىڭ بە، سوعان قارايدى. ەگەر بۇلاي بولماسا، ول سەنى ءبىرتالاي ۋاقىت وزىڭە تاستاپ قويادى، سونان سوڭ ءوز-وزىڭە قايتارسىڭ. ەگەر اللا تاعالا ءۇشىن ءىس ەتسەڭ، ول ساعان بەرەكەسىن بەرەدى دە، قۇزىرەتىندە ابىرويلى ءارى قابىل ەتىلگەن جان بولاسىڭ. ەگەر ءىسىڭ اللا تاعالا ءۇشىن بولماسا، ءوزىڭدى بوسقا سارقىپ تاۋىساسىڭ دا، ءوز-ءوزىڭدى ياعني كىمدىگىڭدى جوعالتاسىڭ، سونىمەن تۇگەمەس ماسەلەلەر سەنى شىر اينالاتىن بولادى.
ءار جولى ەتكەن ىستەرىڭە قارا دا، ولاردى اللا تاعالا ءۇشىن الدە باسقا ءۇشىن ىستەپ ءجۇرسىڭ بە، وسىعان قارا، قانشا ساعاتىڭدى اللا تاعالا ءۇشىن ارناپ، يلاھي قۇزىرەتپەن بايلانىستا بولا ءبىلدىڭ، قانشا ساعاتىڭ ءوز ناپسىڭمەن بىرگە بولۋعا كەتتى، وسىلارعا جاقسى نازار سال جانە ونى ۇزبەي تەكسەرىپ تۇر. ءار ارەكەتىڭدى اللا تاعالاعا ارناۋعا كوڭىل ءبول، ماسەلەن، جەۋ، ءىشۋ، جۇمىس ىستەۋ، ناماز-قۇلشىلىق جانە ءاربىر ءساتىڭ! وسىلاي ەتە ءبىلۋ سەنى الەۋەتتەندىرىپ، باقتىقا بولەيدى، ءومىرىڭ ءتاتتى وتەتىن بولادى، اللا تاعالا مۇميندەردىڭ ءومىرىن قيىن نەمەسە ءدامسىز ەتپەستەن، ءتاتتى ءارى ءدامدى-ءماندى ەتىپ قويادى، ال اللا تاعالا وزىنە سەنبەيتىندەرمەن كۇنا-جاماندىق ىستەيتىندەردىڭ ءومىرىن قيىن، اشتى ءارى ءدامسىز-ءمانسىز ەتىپ قويادى. سوندىقتان، اللا ءۇشىن بول، اللا ءۇشىن ءومىر ءسۇر، اللا ءۇشىن ءول، ال باسقاسى ەش ماڭىزسىز، كوز سالۋعادا تاتىماس. باسقالار بۇل دۇنيەنى العىسى كەلسە، ولارعا بار دۇنيەنى قالتىر، سولار السىن، ولار بۇل دۇنيەلىك راقاتپەن بايلىققا بەلشەسىنەن باتىپ، قىبى قانعانشا ءىشىپ-جەپ، ويناپ-كۇلگىسى جانە لاززاتتانعىسى كەلەدى.
الايدا، ادامدار ءلاززاتتىڭ قۇدىرەتتى ۇلىق اللا تاعالادان كەلەتىنىن ءبىلسىن، ءبىزدىڭ جۇرەكتەرىمىز اللا تاعالانىڭ شەكسىز بەرەكەلەرى ءۇشىن ارنالعان.
اللا تاعالاعا قىزمەت ەتىپ، وعان بويسىنساڭ اللا تاعالا سەنى يلاھي نۇرىمەن بەزەندىرەتىن بولادى، ونان سوڭ بۇل نۇرىڭدى قورعاپ، جاقسى ساقتاساڭ بولعانى، سول جەتكىلىكتى. جان-رۋحىڭا رۋحانيات يلاھي كۇشى ءارى تەز ءارى وڭاي جەتۋى ءۇشىن، ءوزىڭنىڭ دۇنيەلىك-ناپسىلىك قالاۋلارىڭدى قۇربان ەتۋىڭ كەرەك. ساعان «مەن سەنىڭ ءىشىپ-جەۋىڭدى قامدايتىن كەپىلىڭمىن، ەگەر سەن مەن ءۇشىن بولساڭ، ءار نارسەنى ساعان وڭايلاستىرامىن، ەگەر سەن ماعان شىن سەنسەڭ، سەنى شارشاتپايمىن.» دەپ ايتقان جاراتۋشىڭ اللا تاعالاعا سەنىمىڭدى جوعالىتپا. اللا تاعالاعا بۇنداي شىن سەنىم ارتۋ ساعان قاناعاتتىلىقتى سيلاپ، سەنى اللا تاعالاعا قىزمەت ەتۋدەن باسقانى ويلامايتىن جان ەتەدى. ۇلى اللا تاعالا «ماعان سەن، ءبارىن مەن ءوزىم ساعان وڭايلاستىرىپ، جەڭىلدەتەمىن.» دەيدى، بۇل يسلامداعى ەڭ ماڭىزدى ءتۇيىن. اللا تاعالا ءۇشىن ءوزىن ارناعاندارعا اللا تاعالا جەتكىلىكتى ەمەسپە؟ ارينە اللا تاعالا ولارعا الدە قايدا جەتىلىپ ارتىلادى. ءبىز اللا تاعالاعا يمان ەتەمىز، وعان تاس ءتۇيىن سەنەمىز، ەندى ءوزىڭدى اللا تاعالا ءۇشىن وتەلەتىن يلاھي قىزمەتتەرگە ارنا، سول جولدىڭ سىزىعىنان شىقپا، وسى جول حاۋىپسىز جول.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل ءال-حاققاني
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف
АЛЛА тағалаға өзіңді арна
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 1799
0 пікір
Блог туралы