Әулие Бистами және Исламға кірген Еврейлер
Әулие Бистами және Исламға кірген Еврейлер

https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/221385473288499

Әулие Бистами және Исламға кірген Еврейлер

Мәшхұр әулие қазірет Бистами әл-Баязит тафаккұр (жүрекпен терең ойланып, алла тағалаға мінажат ету) етіп отырғанда, оның жүрек көзінің алдына бір илаһи көрніс әлсін-әлсін келе береді. Бұл көрністе ол өзінің еврейлерше (яхуди) жасанып, еврейлердің ғибадатқанасында (синагога) жүргенін көреді, ол алғашында таң қалады. Алайда бұл көрніс көп рет қайталана көріне берген соң, әулие қазірет Бистами бұл жай іс емес, онда сөзсіз құдіретті алла тағаланың жасырған сыры бар деп, бұл илаһи көрніске амал етеді яғни еврейлерше жасанып алып, еврейлердің ғибадатханасына кіріп отырады.

Сәлдең соң еврейлердің дін ғұламаларымен олардың ең үлкен бастығы бас раббида келеді, бас рабби тұрып сөз сөйлемек болады, алайда ол тұрған соң сөз сөйлемей, үнсіз қалады, ол орнында үнсіз біраз уақыт тұрды, ал еврейлер болса, улап-шулап, не боп қалды деп ренжи бастайды. Осыдан соң ғана рабби сөзге келіп «уа халайық, бұнда біздің арамызда пайғамбар Мұқамметтің (әлеихиссалам) бір ерушісі отыр екен, ол бізді сынап-тексергелі келіпті, менің бағанадан бері сөз сойлей алмағаным осы себепті еді» дейді. Бұны естісімен еврейлер бейне тулаған өрттей аласұрады, олар қатты ашуланып «о бас рабби оны көрсет, бізге рұхсат бер, арамызға кіріп алған оны дереу өлтіреміз.» деп сұранады. Рабби оларға «оны дәлелсіз өлтіре алмаймыз, біз алдымен тынышталып, оған құрметпен сөз сөйлеп көрелік.» дейді.

Сонан, рабби «уа, пайғамбар Мұқаметтің (әлейхиссалам) ерушісі, пайғамбарыңның құрметі үшін орныңнан тұршы, егер сен біздің ойымыздағы исламға деген күмәнімізді кетіре алсаң, исламды қабылдаймыз, егер өйте алмасаң сені өлтіреміз.» дейді. Бұны естіген қазіреті Бистами әл-Баязид орнынан тұрып, олардың өзінен сұрақ сұрауына рұхсат береді.

Рабби: өзі бір, екеу емес, ол не?
Қазірет Бистами: Алла тағала.

Рабби: өзі екі, үшеу емес, ол не?
Қазірет Бистами: түн және күндіз.
[Құран 17:12 - "Күн мен түнді екі белгі жасадық ..."]

Рабби: өзі үш, төртеу емес, ол не?
Қазірет Бистами: Аршы, Күрсы және Қалам.

Рабби: өзі төрт, бесеу емес, ол не?
Қазірет Бистами: таурат, зәбұр, інжіл және құран.

Рабби: өзі бес, алтау емес, ол не?
Қазірет Бистами: бес парыз намаз.

Рабби: өзі алты, жетеу емес, ол не?
Қазірет Бистами: жермен көкті және оның арасындағылардың барлығы жаратылған алты күн.
[Құран 50:38 - "Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық ..."]

Рабби: өзі жеті, сегіз емес, ол не?
Қазірет Бистами: жеті қат көк.
[Құран 67:3 - "Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан ..."]

Рабби: өзі сегіз, тоғыз емес, ол не?
Қазірет Бистами: Алла тағаланың аршысын көтеріп тұрған сегіз тірек.
[Құран 69:17 - "... Раббыңның аршысын сегіз періште үстеріне көтереді ..."]

Рабби: өзі тоғыз, он емес, ол не?
Қазірет Бистами: пайғамбар қазірет Салих әлеихиссаламның ауылында тұратын тоғыз бұзық.
[Құран 27:48 - "... жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді ..."]

Рабби: өзі он, он бір емес, ол не?
Қазірет Бистами: үлкен қажылықта кіші қажылық жасап, бірақ құрбандық шалуға шамасы келмегендер ұстайтын он күндік оразасы.
[Құран 2:196 - "... хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды ..."]

Рабби: Алла тағала «он бір, он екі, он үш» деп айтқан, олар не?
Қазірет Бистами:
а) пайғамбар Юсұф әлейхиссаламның он бір бауыры.
б) бір жылдың он екі айы.
[Құран 9:36 - "... Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі ..."]
с) пайғамбар Юсұф әлейхиссаламға сәжде еткен он үш нәрсе.
[Құран 12:4 - "... Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім ..."]

Рабби: қайсы қауым өтірік айтып жәннатқа кірді, ал қайсы қауым шындық айтып тозаққа кірді?
Қазірет Бистами:
а) қазірет пайғамбар Юсұф әлейхиссаламның аға-бауырлары өтірік айтты, бірақ жәнаттқа кірді.
[Құран 12:17 - "... Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, бізге сенбейсің ғой ..."]
б) христандармен еврейлердің арасындағы олар өзара айтысқан қайшылықтар шын, бірақ олардың екеуіде тозаққа кіреді.
[Құран 2:113 - "... Яһудилер: «Христиандар еш нәрсе емес» деді. Христиандар да: «Яһудилер дәнеңе емес» деді ..."]

Рабби: құранның 51-сүресіндегі 1-4 аяттардың мағанасы не? онда «қайықтарды алып жүрушінің атыменен, ауырды көтеріп аспанда алып жүрушінің атыменен, тыныштықта жұмсақ қана жылжып кете берушінің атыменен және бұйрықпен таратып, бөліп берушілердің атыменен серт ...» делінген.
Қазірет Бистами: қайықтарды алып жүруші - жел, ауырды көтеріп жүрушы - бұлыт, жұмсақ жылжып кете барушы - қайық, ең соңғы айтылғандар - риздық таратушы періштелер.

Рабби: бір нәрсе бар, жаны жоқ, тыныс алумен еш қатысы жоқ, бірақ ол тыныс алады, ол не?
Қазірет Бистами: ол атқан таң, жаны жоқ бірақ тыныс алады.
[Құран 81:18 - "... тыныс ала ататын таңға серт ..."]

Рабби: Алла тағала құрметтей сөйлеген он төрт нәрсе, олар не?
Қазірет Бистами: жеті жермен жеті көк.
[Құран 41:11 - "... ОЛ (Алла Ж.Ж) түтін болып тұрған көкке бұрылып, онымен жерге «ерікті я еріксіз түрде келіңдер (жаралыңдар)» деді, олар «біз ерікті түрде қуана келдік» деді ..."]

Рабби: бір қабыр бар, ішіндегі адамды ары-бері алып қозғалып жүретін, ол не?
Қазірет Бистами: қазірет пайғамбар Юнұс әлейхиссаламның балығы.
[Құран 37:142,144 - "... Сонда оны балық жұтты ... қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді ..."]

Рабби: бір су бар, ол аспаннан жаумаған не жерден шықпаған, ол не?
Қазірет Бистами: қазірет пайғамбар Сүлеймен әлейхиссаламның Шибаның әйел патшасы Билқысқа жіберген суы, ол жылқыдан шыққан тер-суы еді.

Рабби: төрт нәрсе бар, олардың әкесі жоқ әрі ананың құрсағынан тумаған, олар не?
Қазірет Бистами: олар қазірет Исмайылдың қойлары, пайғамбар Салих әлейхиссаламның түйесі, қазірет Адам ата және Хау анамыз.

Рабби: кімнің қаны жер бетінде алғаш ақты?
Қазірет Бистами: Абылдың қаны, оны Қабыл өлтірді.

Рабби: Алла тағала өзі жасап, одан соң оны сатып алған нәрсе не?
Қазірет Бистами: мүминдердің жаны-рухы.
[Құран 9:111 - "... күдіксіз, Алла тағала мүміндердің жандарымен малдарын жәннатқа айырбастап сатып алды ..."]

Рабби: Алла тағала бір нәрсені өзі жаратып, бірақ ол жайлы жағымсыз сөйледі, ол не?
Қазірет Бистами: есектің дауысы.
[Құран 31:19 - "... дауыстардың ең жаманы есектің дауысы ..."]

Рабби: Алла тағала бір нәрсе жаратты және ол жаратылстың ұлылығынан қорқынышты жаратты, ол не?
Қазірет Бистами: әйелдің қулығы.
[Құран 12:28 - "... Расында сендердің амалдарың үлкен (азим) ..."]

Рабби: Алла тағала бір нәрсе жаратты және ол туралы сұрады, ол не?
Қазірет Бистами: қазірет пайғамбар Мұса әлейхиссаламның таяғы.
[Құран 20:17 - "... Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе? ..."]

Рабби: төрт ең тақуа әйелдермен ең берекелі өзендер қайсылар?
Қазірет Бистами:
а) төрт ең тақуа әйел: қазірет Хауа ана, қазірет Қадиша, қазірет Айша және қазірет Фатима.
б) ең берекелі өзендер: сейхұн, жейхұн (аму), тигір, епрат және ніл өзендері, олардың бастау көзі жәнатта.

Рабби: ең қасиетті таумен ең қасиетті жануар қайсы?
Қазірет Бистами: ең қасиетті тау - Меккедегі Тұр тауы, ең қасиетті жануар - жылқы.

Рабби: ең жақсы аймен ең жақсы түн қайсы?
Қазірет Бистами: рамазан айы ең жақсы ай, қадір түні ең жақсы түн.
[Құран 2:185 - "... Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді ..."]
[Құран 97:3 - "... Қадыр түні мың айдан қайырлы ..."]

Рабби: бір ағаш бар, онда 12 бұтақ бар, әр бұтада 30 жапырақ бар, ал әр жапырақта 5 тал жеміс бар, оның 2 данасы күн жақта, 3 данасы көлеңке жақта, бұл ағаштың мәнісі не?
Қазірет Бистами: ағаш - бір жыл, 12 бұтақ - 12 ай, 30 жапырақ - 30 күн, 5 тал жеміс - 5 уақ намаз, күн жақтағы 2 данасы - күндізгі намаз (бесінмен екінті намаз), көлеңкедегі 3 данасы - күн батқан соң оқылатын намаздар (ақшам, құптан және таң намаз).

Рабби: жаны жоқ болсада Меккедегі Қағбаны айналып тұрып алған не нәрсе?
Қазірет Бистами: пайғамбар Нұхтың кемесі, ол жерді топан су басқанда Меккеге келіп, қағбаны көп айналған.

Рабби: қанша пайғамбар бар, оның нешесі елші нәбилер?
Қазірет Бистами: нақты анық санын тек Алла тағала біледі, бірақ білінгені бойынша 124000 пайғамбар жіберілген, оның ішінде 313 елші нәби бар.

Рабби: төрт нәрсе бар, олардың тамыры бір, бірақ түстерімен дәмдері ұқсамайды, ол не нәрселер?
Қазірет Бистами: көздегі жас, құлақтағы бұлық, мұрындағы маңқа және ауыздағы түкірік.

Рабби: есектің даусы нені білдіреді?
Қазірет Бистами: ол бажы (такс) жиушыларға айтылған қарғыс-лағнет дауыс.

Рабби: иттің даусы нені білдіреді?
Қазірет Бистами: ол алла тағаланың ашуынан тозақтың тұрғындарына жіберілген азап.

Рабби: өгіз айтатын зікір (алланы ұлықтауы) не?
Қазірет Бистами: сұбханаллаһ уа бихамдихи, сұбханаллһ ил әзим.

Рабби: түйенің айтатын зікір (алланы ұлықтауы) не?
Қазірет Бистами: хасбұналлаху уа ниғмал уакил.

Рабби: төтықұстың айтатын зікір (алланы ұлықтауы) не?
Қазірет Бистами: хуал уадуд, ұул ғаршил әзим.

Рабби: бұлбұлдың әдемі сайрағанда айтатын зікірі (алланы ұлықтауы) не?
Қазірет Бистами: сол үшін аса кіршіксіз пак Алла тағаланы таңертең және кеште еске алып ұлықтаңдар.

Рабби: Алла тағала бір аян жіберді, бірақ ол аян адамға, жынға немесе періштеге жіберілмеді, сонда оны кімге жіберді?
Қазірет Бистами: ол бал арасына жіберілген аян еді.
[Құран 16:68 - "... Раббың бал араға аян беріп ..."]

Бұл сұрақтарынан соң еврейлердің бас раббиы басқада не сұрарын білмей, осы арада тоқтайды, үнсіз қалады. Ал қазірет Бистами «енді маған рухсат берсеңіздер, мен сіздерден бір ғана сұрақ сұраймын, сұрарым "жәннаттың кілті не?"» деп сұрақ қойды. Рабби «егер мен жауабын айтар болсам, мына жиналған еврей қауымым мені өлтіреді ғой.» деді, алайда жиналғандар «о рабби, айт-айт, біз ештеме етпейміз, бізге ақиқатын айтып сал.» деп барлығы бірдей үн қатады.

Рабби «онда құлақ салңыдар, жәннаттың кілті "әшхаду әл ләилаха иллалах, уа әшхаду әнна мұхаммадар расұлаллах.» деді, қалың жұртшылықта раббиға ілесе осы калима шахадаға тілідерін келтіреді, осылайша барлығы ислам қабылдап, сол арада мұсұлман болады. Бүккіл қауымның исламға кіргеніне куа болған әулие қазірет Бистами алла тағалаға шүкірлігін айтып, жолына түседі.

Бұл уақиға әулие қазірет Бистами жүрегін алла тағалаға аса жақындатып тафаккұр еткенде, жүрек көзіне көрінген илаһи көрністің сыры еді, бұл көрністі алла тағала жіберген.

- Қайнар: уақыт-баласы.
*Әулие сәидина имам Баязид әл-Бистами رضى الله عنه, қазіреті 9-ғасырда өмір сүрген өз заманының мәшхұр құтып әулиесі. Нақшыбанд сопылық тәриқатының шежіресіндегі (сисилия) 6-шайқы әулие.

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


اۋليە بيستامي جانە يسلامعا كىرگەن ەۆرەيلەر

ءماشحۇر اۋليە قازىرەت بيستامي ءال-بايازيت تافاككۇر (جۇرەكپەن تەرەڭ ويلانىپ، اللا تاعالاعا ءمىناجات ەتۋ) ەتىپ وتىرعاندا، ونىڭ جۇرەك كوزىنىڭ الدىنا ءبىر يلاھي كورنىس ءالسىن-ءالسىن كەلە بەرەدى. بۇل كورنىستە ول ءوزىنىڭ ەۆرەيلەرشە (ياحۋدي) جاسانىپ، ەۆرەيلەردىڭ عيباداتقاناسىندا (سيناگوگا) جۇرگەنىن كورەدى، ول العاشىندا تاڭ قالادى. الايدا بۇل كورنىس كوپ رەت قايتالانا كورىنە بەرگەن سوڭ، اۋليە قازىرەت بيستامي بۇل جاي ءىس ەمەس، وندا ءسوزسىز قۇدىرەتتى اللا تاعالانىڭ جاسىرعان سىرى بار دەپ، بۇل يلاھي كورنىسكە امال ەتەدى ياعني ەۆرەيلەرشە جاسانىپ الىپ، ەۆرەيلەردىڭ عيباداتحاناسىنا كىرىپ وتىرادى.

سالدەڭ سوڭ ەۆرەيلەردىڭ ءدىن عۇلامالارىمەن ولاردىڭ ەڭ ۇلكەن باستىعى باس راببيدا كەلەدى، باس راببي تۇرىپ ءسوز سويلەمەك بولادى، الايدا ول تۇرعان سوڭ ءسوز سويلەمەي، ءۇنسىز قالادى، ول ورنىندا ءۇنسىز ءبىراز ۋاقىت تۇردى، ال ەۆرەيلەر بولسا، ۋلاپ-شۋلاپ، نە بوپ قالدى دەپ رەنجي باستايدى. وسىدان سوڭ عانا راببي سوزگە كەلىپ «ۋا حالايىق، بۇندا ءبىزدىڭ ارامىزدا پايعامبار مۇقاممەتتىڭ (الەيحيسسالام) ءبىر ەرۋشىسى وتىر ەكەن، ول ءبىزدى سىناپ-تەكسەرگەلى كەلىپتى، مەنىڭ باعانادان بەرى ءسوز سويلەي الماعانىم وسى سەبەپتى ەدى» دەيدى. بۇنى ەستىسىمەن ەۆرەيلەر بەينە تۋلاعان ورتتەي الاسۇرادى، ولار قاتتى اشۋلانىپ «و باس راببي ونى كورسەت، بىزگە رۇحسات بەر، ارامىزعا كىرىپ العان ونى دەرەۋ ولتىرەمىز.» دەپ سۇرانادى. راببي ولارعا «ونى دالەلسىز ولتىرە المايمىز، ءبىز الدىمەن تىنىشتالىپ، وعان قۇرمەتپەن ءسوز سويلەپ كورەلىك.» دەيدى.

سونان، راببي «ۋا، پايعامبار مۇقامەتتىڭ (الەيحيسسالام) ەرۋشىسى، پايعامبارىڭنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ورنىڭنان تۇرشى، ەگەر سەن ءبىزدىڭ ويىمىزداعى يسلامعا دەگەن كۇمانىمىزدى كەتىرە الساڭ، يسلامدى قابىلدايمىز، ەگەر ويتە الماساڭ سەنى ولتىرەمىز.» دەيدى. بۇنى ەستىگەن قازىرەتى بيستامي ءال-بايازيد ورنىنان تۇرىپ، ولاردىڭ وزىنەن سۇراق سۇراۋىنا رۇحسات بەرەدى.

راببي: ءوزى ءبىر، ەكەۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: اللا تاعالا.

راببي: ءوزى ەكى، ۇشەۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ءتۇن جانە كۇندىز.
[قۇران 17:12 - "كۇن مەن ءتۇندى ەكى بەلگى جاسادىق ..."]

راببي: ءوزى ءۇش، تورتەۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ارشى، كۇرسى جانە قالام.

راببي: ءوزى ءتورت، بەسەۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: تاۋرات، ءزابۇر، ءىنجىل جانە قۇران.

راببي: ءوزى بەس، التاۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: بەس پارىز ناماز.

راببي: ءوزى التى، جەتەۋ ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: جەرمەن كوكتى جانە ونىڭ اراسىنداعىلاردىڭ بارلىعى جاراتىلعان التى كۇن.
[قۇران 50:38 - "راسىندا كوكتەر مەن جەردى جانە ەكى اراسىنداعى نارسەلەردى التى كۇندە جاراتتىق ..."]

راببي: ءوزى جەتى، سەگىز ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: جەتى قات كوك.
[قۇران 67:3 - "ول سونداي اللا، جەتى اسپاندى قابات-قابات جاراتقان ..."]

راببي: ءوزى سەگىز، توعىز ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: اللا تاعالانىڭ ارشىسىن كوتەرىپ تۇرعان سەگىز تىرەك.
[قۇران 69:17 - "... راببىڭنىڭ ارشىسىن سەگىز پەرىشتە ۇستەرىنە كوتەرەدى ..."]

راببي: ءوزى توعىز، ون ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: پايعامبار قازىرەت ساليح الەيحيسسالامنىڭ اۋىلىندا تۇراتىن توعىز بۇزىق.
[قۇران 27:48 - "... جەر جۇزىندە بۇزاقىلىق ىستەپ، تۇزۋشىلىك ىستەمەيتىن توعىز كىسى بار ەدى ..."]

راببي: ءوزى ون، ون ءبىر ەمەس، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ۇلكەن قاجىلىقتا كىشى قاجىلىق جاساپ، بىراق قۇرباندىق شالۋعا شاماسى كەلمەگەندەر ۇستايتىن ون كۇندىك ورازاسى.
[قۇران 2:196 - "... حاجدا ءۇش كۇن، ۇيگە قايتىپ كەلگەندە جەتى كۇن بولىپ، تولىق ون كۇن ورازا ۇستايدى ..."]

راببي: اللا تاعالا «ون ءبىر، ون ەكى، ون ءۇش» دەپ ايتقان، ولار نە؟
قازىرەت بيستامي:
ا) پايعامبار يۋسۇف الەيحيسسالامنىڭ ون ءبىر باۋىرى.
ب) ءبىر جىلدىڭ ون ەكى ايى.
[قۇران 9:36 - "... اللانىڭ كىتابىنداعى ايلاردىڭ سانى ون ەكى ..."]
س) پايعامبار يۋسۇف الەيحيسسالامعا ساجدە ەتكەن ون ءۇش نارسە.
[قۇران 12:4 - "... اكەتايىم! راس مەن تۇسىمدە ون ءبىر جۇلدىز جانە كۇن مەن ايدى، ماعان ساجدە قىلعانىن كوردىم ..."]

راببي: قايسى قاۋىم وتىرىك ايتىپ جانناتقا كىردى، ال قايسى قاۋىم شىندىق ايتىپ توزاققا كىردى؟
قازىرەت بيستامي:
ا) قازىرەت پايعامبار يۋسۇف الەيحيسسالامنىڭ اعا-باۋىرلارى وتىرىك ايتتى، بىراق جاناتتقا كىردى.
[قۇران 12:17 - "... ءاي اكەمىز! ءبىز جارىسىپ كەتكەندە، يۋسىپتى نارسەلەرىمىزدىڭ جانىنا تاستاپ كەتسەك، سوندا ونى قاسقىر جەپتى. ەندى شىن ايتساق تا، بىزگە سەنبەيسىڭ عوي ..."]
ب) حريستاندارمەن ەۆرەيلەردىڭ اراسىنداعى ولار ءوزارا ايتىسقان قايشىلىقتار شىن، بىراق ولاردىڭ ەكەۋىدە توزاققا كىرەدى.
[قۇران 2:113 - "... ياھۋديلەر: «حريستياندار ەش نارسە ەمەس» دەدى. حريستياندار دا: «ياھۋديلەر دانەڭە ەمەس» دەدى ..."]

راببي: قۇراننىڭ 51-سۇرەسىندەگى 1-4 اياتتاردىڭ ماعاناسى نە؟ وندا «قايىقتاردى الىپ ءجۇرۋشىنىڭ اتىمەنەن، اۋىردى كوتەرىپ اسپاندا الىپ ءجۇرۋشىنىڭ اتىمەنەن، تىنىشتىقتا جۇمساق قانا جىلجىپ كەتە بەرۋشىنىڭ اتىمەنەن جانە بۇيرىقپەن تاراتىپ، ءبولىپ بەرۋشىلەردىڭ اتىمەنەن سەرت ...» دەلىنگەن.
قازىرەت بيستامي: قايىقتاردى الىپ ءجۇرۋشى - جەل، اۋىردى كوتەرىپ ءجۇرۋشى - بۇلىت، جۇمساق جىلجىپ كەتە بارۋشى - قايىق، ەڭ سوڭعى ايتىلعاندار - ريزدىق تاراتۋشى پەرىشتەلەر.

راببي: ءبىر نارسە بار، جانى جوق، تىنىس الۋمەن ەش قاتىسى جوق، بىراق ول تىنىس الادى، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ول اتقان تاڭ، جانى جوق بىراق تىنىس الادى.
[قۇران 81:18 - "... تىنىس الا اتاتىن تاڭعا سەرت ..."]

راببي: اللا تاعالا قۇرمەتتەي سويلەگەن ون ءتورت نارسە، ولار نە؟
قازىرەت بيستامي: جەتى جەرمەن جەتى كوك.
[قۇران 41:11 - "... ول (اللا ج.ج) ءتۇتىن بولىپ تۇرعان كوككە بۇرىلىپ، ونىمەن جەرگە «ەرىكتى يا ەرىكسىز تۇردە كەلىڭدەر (جارالىڭدار)» دەدى، ولار «ءبىز ەرىكتى تۇردە قۋانا كەلدىك» دەدى ..."]

راببي: ءبىر قابىر بار، ىشىندەگى ادامدى ارى-بەرى الىپ قوزعالىپ جۇرەتىن، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: قازىرەت پايعامبار يۋنۇس الەيحيسسالامنىڭ بالىعى.
[قۇران 37:142،144 - "... سوندا ونى بالىق جۇتتى ... قايتا تىرىلەتىن كۇنگە دەيىن بالىقتىڭ قارنىندا قالعان بولار ەدى ..."]

راببي: ءبىر سۋ بار، ول اسپاننان جاۋماعان نە جەردەن شىقپاعان، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: قازىرەت پايعامبار سۇلەيمەن الەيحيسسالامنىڭ شيبانىڭ ايەل پاتشاسى بيلقىسقا جىبەرگەن سۋى، ول جىلقىدان شىققان تەر-سۋى ەدى.

راببي: ءتورت نارسە بار، ولاردىڭ اكەسى جوق ءارى انانىڭ قۇرساعىنان تۋماعان، ولار نە؟
قازىرەت بيستامي: ولار قازىرەت يسمايىلدىڭ قويلارى، پايعامبار ساليح الەيحيسسالامنىڭ تۇيەسى، قازىرەت ادام اتا جانە حاۋ انامىز.

راببي: كىمنىڭ قانى جەر بەتىندە العاش اقتى؟
قازىرەت بيستامي: ابىلدىڭ قانى، ونى قابىل ءولتىردى.

راببي: اللا تاعالا ءوزى جاساپ، ودان سوڭ ونى ساتىپ العان نارسە نە؟
قازىرەت بيستامي: مۇميندەردىڭ جانى-رۋحى.
[قۇران 9:111 - "... كۇدىكسىز، اللا تاعالا مۇمىندەردىڭ جاندارىمەن مالدارىن جانناتقا ايىرباستاپ ساتىپ الدى ..."]

راببي: اللا تاعالا ءبىر نارسەنى ءوزى جاراتىپ، بىراق ول جايلى جاعىمسىز سويلەدى، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ەسەكتىڭ داۋىسى.
[قۇران 31:19 - "... داۋىستاردىڭ ەڭ جامانى ەسەكتىڭ داۋىسى ..."]

راببي: اللا تاعالا ءبىر نارسە جاراتتى جانە ول جاراتىلستىڭ ۇلىلىعىنان قورقىنىشتى جاراتتى، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: ايەلدىڭ قۋلىعى.
[قۇران 12:28 - "... راسىندا سەندەردىڭ امالدارىڭ ۇلكەن (ازيم) ..."]

راببي: اللا تاعالا ءبىر نارسە جاراتتى جانە ول تۋرالى سۇرادى، ول نە؟
قازىرەت بيستامي: قازىرەت پايعامبار مۇسا الەيحيسسالامنىڭ تاياعى.
[قۇران 20:17 - "... ءاي مۇسا! وڭ قولىڭداعى نە نارسە؟ ..."]

راببي: ءتورت ەڭ تاقۋا ايەلدەرمەن ەڭ بەرەكەلى وزەندەر قايسىلار؟
قازىرەت بيستامي:
ا) ءتورت ەڭ تاقۋا ايەل: قازىرەت حاۋا انا، قازىرەت قاديشا، قازىرەت ايشا جانە قازىرەت فاتيما.
ب) ەڭ بەرەكەلى وزەندەر: سەيحۇن، جەيحۇن (امۋ)، تيگىر، ەپرات جانە ءنىل وزەندەرى، ولاردىڭ باستاۋ كوزى ءجاناتتا.

راببي: ەڭ قاسيەتتى تاۋمەن ەڭ قاسيەتتى جانۋار قايسى؟
قازىرەت بيستامي: ەڭ قاسيەتتى تاۋ - مەككەدەگى تۇر تاۋى، ەڭ قاسيەتتى جانۋار - جىلقى.

راببي: ەڭ جاقسى ايمەن ەڭ جاقسى ءتۇن قايسى؟
قازىرەت بيستامي: رامازان ايى ەڭ جاقسى اي، قادىر ءتۇنى ەڭ جاقسى ءتۇن.
[قۇران 2:185 - "... رامازان ايى سونداي ءبىر اي، ول ايدا ادام بالاسىنا تۋرا جول جانە (اق پەن قارانى) ايىراتىن دالەل تۇرىندە قۇران ءتۇسىرىلدى ..."]
[قۇران 97:3 - "... قادىر ءتۇنى مىڭ ايدان قايىرلى ..."]

راببي: ءبىر اعاش بار، وندا 12 بۇتاق بار، ءار بۇتادا 30 جاپىراق بار، ال ءار جاپىراقتا 5 تال جەمىس بار، ونىڭ 2 داناسى كۇن جاقتا، 3 داناسى كولەڭكە جاقتا، بۇل اعاشتىڭ ءمانىسى نە؟
قازىرەت بيستامي: اعاش - ءبىر جىل، 12 بۇتاق - 12 اي، 30 جاپىراق - 30 كۇن، 5 تال جەمىس - 5 ۋاق ناماز، كۇن جاقتاعى 2 داناسى - كۇندىزگى ناماز (بەسىنمەن ەكىنتى ناماز)، كولەڭكەدەگى 3 داناسى - كۇن باتقان سوڭ وقىلاتىن نامازدار (اقشام، قۇپتان جانە تاڭ ناماز).

راببي: جانى جوق بولسادا مەككەدەگى قاعبانى اينالىپ تۇرىپ العان نە نارسە؟
قازىرەت بيستامي: پايعامبار نۇحتىڭ كەمەسى، ول جەردى توپان سۋ باسقاندا مەككەگە كەلىپ، قاعبانى كوپ اينالعان.

راببي: قانشا پايعامبار بار، ونىڭ نەشەسى ەلشى نابيلەر؟
قازىرەت بيستامي: ناقتى انىق سانىن تەك اللا تاعالا بىلەدى، بىراق بىلىنگەنى بويىنشا 124000 پايعامبار جىبەرىلگەن، ونىڭ ىشىندە 313 ەلشى ءنابي بار.

راببي: ءتورت نارسە بار، ولاردىڭ تامىرى ءبىر، بىراق تۇستەرىمەن دامدەرى ۇقسامايدى، ول نە نارسەلەر؟
قازىرەت بيستامي: كوزدەگى جاس، قۇلاقتاعى بۇلىق، مۇرىنداعى ماڭقا جانە اۋىزداعى تۇكىرىك.

راببي: ەسەكتىڭ داۋسى نەنى بىلدىرەدى؟
قازىرەت بيستامي: ول باجى (تاكس) جيۋشىلارعا ايتىلعان قارعىس-لاعنەت داۋىس.

راببي: ءيتتىڭ داۋسى نەنى بىلدىرەدى؟
قازىرەت بيستامي: ول اللا تاعالانىڭ اشۋىنان توزاقتىڭ تۇرعىندارىنا جىبەرىلگەن ازاپ.

راببي: وگىز ايتاتىن زىكىر (اللانى ۇلىقتاۋى) نە؟
قازىرەت بيستامي: سۇبحاناللاھ ۋا بيحامديحي، سۇبحاناللھ يل ءازيم.

راببي: تۇيەنىڭ ايتاتىن زىكىر (اللانى ۇلىقتاۋى) نە؟
قازىرەت بيستامي: حاسبۇناللاحۋ ۋا نيعمال ۋاكيل.

راببي: توتىقۇستىڭ ايتاتىن زىكىر (اللانى ۇلىقتاۋى) نە؟
قازىرەت بيستامي: حۋال ۋادۋد، ۇۋل عارشيل ءازيم.

راببي: بۇلبۇلدىڭ ادەمى سايراعاندا ايتاتىن زىكىرى (اللانى ۇلىقتاۋى) نە؟
قازىرەت بيستامي: سول ءۇشىن اسا كىرشىكسىز پاك اللا تاعالانى تاڭەرتەڭ جانە كەشتە ەسكە الىپ ۇلىقتاڭدار.

راببي: اللا تاعالا ءبىر ايان جىبەردى، بىراق ول ايان ادامعا، جىنعا نەمەسە پەرىشتەگە جىبەرىلمەدى، سوندا ونى كىمگە جىبەردى؟
قازىرەت بيستامي: ول بال اراسىنا جىبەرىلگەن ايان ەدى.
[قۇران 16:68 - "... راببىڭ بال اراعا ايان بەرىپ ..."]

بۇل سۇراقتارىنان سوڭ ەۆرەيلەردىڭ باس راببيى باسقادا نە سۇرارىن بىلمەي، وسى ارادا توقتايدى، ءۇنسىز قالادى. ال قازىرەت بيستامي «ەندى ماعان رۋحسات بەرسەڭىزدەر، مەن سىزدەردەن ءبىر عانا سۇراق سۇرايمىن، سۇرارىم "ءجانناتتىڭ كىلتى نە؟"» دەپ سۇراق قويدى. راببي «ەگەر مەن جاۋابىن ايتار بولسام، مىنا جينالعان ەۆرەي قاۋىمىم مەنى ولتىرەدى عوي.» دەدى، الايدا جينالعاندار «و راببي، ايت-ايت، ءبىز ەشتەمە ەتپەيمىز، بىزگە اقيقاتىن ايتىپ سال.» دەپ بارلىعى بىردەي ءۇن قاتادى.

راببي «وندا قۇلاق سالڭىدار، ءجانناتتىڭ كىلتى "ءاشحادۋ ءال ءلايلاحا يللالاح، ۋا ءاشحادۋ ءاننا مۇحاممادار راسۇلاللاح.» دەدى، قالىڭ جۇرتشىلىقتا راببيعا ىلەسە وسى كاليما شاحاداعا تىلىدەرىن كەلتىرەدى، وسىلايشا بارلىعى يسلام قابىلداپ، سول ارادا مۇسۇلمان بولادى. بۇككىل قاۋىمنىڭ يسلامعا كىرگەنىنە كۋا بولعان اۋليە قازىرەت بيستامي اللا تاعالاعا شۇكىرلىگىن ايتىپ، جولىنا تۇسەدى.

بۇل ۋاقيعا اۋليە قازىرەت بيستامي جۇرەگىن اللا تاعالاعا اسا جاقىنداتىپ تافاككۇر ەتكەندە، جۇرەك كوزىنە كورىنگەن يلاھي كورنىستىڭ سىرى ەدى، بۇل كورنىستى اللا تاعالا جىبەرگەن.

- قاينار: ۋاقىت-بالاسى.
*اۋليە ءسايدينا يمام بايازيد ءال-بيستامي رضى الله عنه، قازىرەتى 9-عاسىردا ءومىر سۇرگەن ءوز زامانىنىڭ ءماشحۇر قۇتىپ اۋليەسى. ناقشىباند سوپىلىق تاريقاتىنىڭ شەجىرەسىندەگى (سيسيليا) 6-شايقى اۋليە.

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Әулие Бистами және Исламға кірген Еврейлер
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1509
0 пікір
Блог туралы