Ібліс-шайтанның астарына жасырылған хикіметті даналық
Ібліс-шайтанның астарына жасырылған хикіметті даналық
Ібліс-шайтанның астарына жасырылған хикіметті даналық
 
Біздің үлкен аулие шайқымыз хикіметті даналық жөнінде былай дейді. Хикімет - білімнің жаны, ол саф әтір майы секілді, оның бірнеше тамшысын бір құмыра суға тамдырсаңыз болғаны, құмырадағы судың түсі өзгеріп сала береді. Хикіметті даналықты тек қасиетті адамдардың бойынан ғана таба аласыз, ал бірақ білімді әркімнің бойынан табуға болады. Хикіметті даналық алла тағаланың талданған пенделеріне ғана берілген си. 
 
Хикіметті даналық тек жүрегі саф таза адамдарға ғана қонады, асыл тасты кезкелген лас ыдысқа салып сақтамайды ғой, сол секілді хикіметті даналықты алла тағала тек қана өте кіршіксіз таза жүрекке салады. Еш күмансіз, біздің үлкен аулие шайқымыз осындай хикіметті адамдардың сапында, ол біздің жүрекке ұдайы хикіметті сөздер құяды, қазір бұнда ол кісінің кейбір хикіметті сөздерінен аз ғибрат келтірелік.
 
Ол кісі бірде «шайтан - алла тағала адамдар үшін берген аса үлкен нығмет» деді. Әрине, көптеген адамдар бұл сөзді естігенде таң қалары хақ, әсіресе көп оқып-тоқығаны бар оқымысты кісілерге жәй түскендей әсер береді. Олар «бұл қалай айтылған сөз? бұнысы несі ...» деп сұрар еді, кімде кім осыған ұқсас сұрақ үстінде болса, бұл оның хикіметті даналыққа жетпегенін білдіреді.
 
Алла тағала жаратқан барлық пенделерін ібліс-шайтанмен күресуге бұйырады әрі оны «сендердің ең үлкен дұшпандарың» деп анық ескертеді. Ал енді, осылай бола тұра бұл үлкен дұшпанымыз ібліс-шайтан біз үшін тағы қандай үлкен нығмет «ала» келмек? Себебі, мүминдер ібліс-шайтанға қарсы күресте жеткен жеңіс-жетістіктері арқылы алла тағаланың илахи құзіретінде өз дәреже-мақамдарын көтереді, әркім өзінің көрсеткен күрескерлігіне сай си алмақ. Ібліспен болған жойқын шайқас арқылы әулиелер яғни алланың достары (уәли аллах) әулиеліктің ең биігіне, ал пайғамбарлар пайғамбарлықтың ең биігіне жетеді. Егер ібліс-шайтан болмаса, жер бетінде иман келтіргендер, мүминдер, әулиелер немесе пайғамбарлар болмаған болар еді. 
 
Алла тағаланың илахи құзіретінде әулиелікте ең жоғары мақамды (дәрежені)  «фардани мақам» деп айтады, бұл мақам тек біреу ғана. Ал бұдан жоғары мақамды «пайғамбарлық мақам» дейді, ол қос мақамды. Жер бетінде жалпы 124 мың пайғамбар өткен, кейбірінің баяны айтылған, кейбірінікі айтылмаған. Әр заманда 313 жоғары мақамды әулие болады. Әулиеліктің ең жоғары мақамы «фардани мақамға» жетуге мүминдерге мүмкіндік берілген, бұл мақамға жеткен мүминдерге алла тағала пайғамбарларға берген мұғжизалы-керемет қасиеті секілді қасиет кие береді. Ал бұндай дәрежелерге адамдар ібліс-шайтанмен күресу арқылы ғана жетеді. 
 
Баспалдақсыз жоғары көтеріле алмаймыз, ал ібліс-шайтан болса адамдар сол әр мақам-биікке шыққанда істететін баспалдақ тәрізді. Егер алла тағаланың илахи құзіретінде жоғары дәрежеге жеткің келсе, онда шайтаныңмен күрес. Әрбір адам үшін арнайы бекітілген бір шайтан бар, ол өмір бойы бізбен бірге болмақ әрі бұл «серік» шайтан тағы бір үлкен шайтанның әмірінде болады. Бұл «өмірлік серік» шайтаныңыз сіздің нәпсіге ұстаз-мұғалым болып, сізді аздыруға жұмыс етеді. Сізбен бірге періштеден тағайындалған серіктеріңіз болғаны секілді, қасыңыздан бір елі кетпейтін бір аздырушы шайтан «серігіңіз» бар, ол сіздің жүрегіңізге әрдайым сыбыр-уәсуа салумен шұғылданады.
 
Сен алланы еске алмаған кезде, ол сөйлейді, әсіресе өзің жалғыз қалып, еш жұмыс істемей бос отырғаныңда. Шайтан « ... екі қолың бос ештеңе істемей нағып отырсың? Тұрда кафеге бар ...», ол осылай аз-аздан қолыңнан тарта-тарта, соңында жетектеп әкетеді. Шайтанның ең алғашқы уәсуасына құлақ салсаң, лезде жеңіліске ұшырайсың. Пайғамбарымыз «шайқас а деп басталған алғашқы сәттерде жеңе білсең ең жақсы» деп өсиеттейді. Егер қос қолыңды көтеріп шайтанға бағынсаң, ол сені «қасапханасына» апарып, иманыңның басын кесіп алады.
 
Мәселен, таңға жақын қалған түнгі берекелі қасиетті сағат-уақыттарда алла тағала барлық адамдарды оятады, бірақ шайтан саған келіп «ұйықта, таң намазына әлі көп уақыт бар» деп уәсуа салып, жүрекке сыбырлайды. Әр жолы біз бәлендей бір жақсылық немесе игілікті іс істемек болсақта, ол осы жақсы амалдарыңды күйдіріп жоқ етіп жібермекке даяр тұрады. «Неге дәрет алып жатсың? Қазір қатты суық емеспе?» т.б., осылайша оның біз жер төсек жастанғанша бітпейтін «уәсуа әңгімесі» айтыла бермек. Шынын айтқанда, ол бізге көп істі оңтайластырып тұр, әр жолы оған қарсы күресе білсең болды, сенде ілгерлеушілік болғанын білдіреді де, алла тағаланың илахи құзіретінде орның жоғарламақ.
 
Ібліс-шайтан болмаса, біз адамдар арасында да дәреже-мақам болмақ емес, барлығымыз періштелер секілді болып, тең болған болар едік, бірақ адам баласының дәрежесі періштелерден жоғары. Сондықтанда ібліс-шайтанды адам баласына жіберілген үлкен бір нығмет деп айтамыз. Егер бір пенде алла тағала ібліс-шайтанның астарына жасырған хикіметті даналықты әлі түсіне білмеген болса, онда ол ешқашанда өзін ібліс-шайтанның құрсауынан құтқара алмайды.
 
- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым
 
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды
 
Сілтеме: http://www.nvrislam.net/index.php?post=30
 
 
ءىبلىس-شايتاننىڭ استارىنا جاسىرىلعان حيكىمەتتى دانالىق
 
بىزدىڭ ۇلكەن اۋليە شايقىمىز حيكىمەتتى دانالىق جونىندە بىلاي دەيدى. حيكىمەت - ءبىلىمنىڭ جانى، ول ساف ءاتىر مايى سەكىلدى، ونىڭ بىرنەشە تامشىسىن ءبىر قۇمىرا سۋعا تامدىرساڭىز بولعانى، قۇمىراداعى سۋدىڭ ءتۇسى وزگەرىپ سالا بەرەدى. حيكىمەتتى دانالىقتى تەك قاسيەتتى ادامداردىڭ بويىنان عانا تابا الاسىز، ال ءبىراق ءبىلىمدى اركىمنىڭ بويىنان تابۋعا بولادى. حيكىمەتتى دانالىق اللا تاعالانىڭ تالدانعان پەندەلەرىنە عانا بەرىلگەن سي.
 
حيكىمەتتى دانالىق تەك جۇرەگى ساف تازا ادامدارعا عانا قونادى، اسىل تاستى كەزكەلگەن لاس ىدىسقا سالىپ ساقتامايدى عوي، سول سەكىلدى حيكىمەتتى دانالىقتى اللا تاعالا تەك قانا وتە كىرشىكسىز تازا جۇرەككە سالادى. ەش كۇمانسىز، ءبىزدىڭ ۇلكەن اۋليە شايقىمىز وسىنداي حيكىمەتتى ادامداردىڭ ساپىندا، ول ءبىزدىڭ جۇرەككە ۇدايى حيكىمەتتى سوزدەر قۇيادى، ءقازىر بۇندا ول كىسىنىڭ كەيبىر حيكىمەتتى سوزدەرىنەن از عيبرات كەلتىرەلىك.
 
ول كىسى بىردە «شايتان - اللا تاعالا ادامدار ءۇشىن بەرگەن اسا ۇلكەن نىعمەت» دەدى. ارينە، كوپتەگەن ادامدار بۇل ءسوزدى ەستىگەندە تاڭ قالارى حاق، اسىرەسە كوپ وقىپ-توقىعانى بار وقىمىستى كىسىلەرگە ءجاي تۇسكەندەي اسەر بەرەدى. ولار «بۇل قالاي ايتىلعان ءسوز؟ بۇنىسى نەسى ...» دەپ سۇرار ەدى، كىمدە كىم وسىعان ۇقساس سۇراق ۇستىندە بولسا، بۇل ونىڭ حيكىمەتتى دانالىققا جەتپەگەنىن بىلدىرەدى.
 
اللا تاعالا جاراتقان بارلىق پەندەلەرىن ىبلىس-شايتانمەن كۇرەسۋگە بۇيىرادى ءارى ونى «سەندەردىڭ ەڭ ۇلكەن دۇشپاندارىڭ» دەپ انىق ەسكەرتەدى. ال ەندى، وسىلاي بولا تۇرا بۇل ۇلكەن دۇشپانىمىز ءىبلىس-شايتان ءبىز ءۇشىن تاعى قانداي ۇلكەن نىعمەت «الا» كەلمەك؟ سەبەبى، مۇميندەر ءىبلىس-شايتانعا قارسى كۇرەستە جەتكەن جەڭىس-جەتىستىكتەرى ارقىلى اللا تاعالانىڭ يلاحي قۇزىرەتىندە ءوز دارەجە-ماقامدارىن كوتەرەدى، اركىم ءوزىنىڭ كورسەتكەن كۇرەسكەرلىگىنە ساي سي الماق. ىبلىسپەن بولعان جويقىن شايقاس ارقىلى اۋليەلەر ياعني اللانىڭ دوستارى ء(ۋالي اللاح) اۋليەلىكتىڭ ەڭ بيىگىنە، ال پايعامبارلار پايعامبارلىقتىڭ ەڭ بيىگىنە جەتەدى. ەگەر ءىبلىس-شايتان بولماسا، جەر بەتىندە يمان كەلتىرگەندەر، مۇميندەر، اۋليەلەر نەمەسە پايعامبارلار بولماعان بولار ەدى.
 
اللا تاعالانىڭ يلاحي قۇزىرەتىندە اۋليەلىكتە ەڭ جوعارى ماقامدى (دارەجەنى) «فارداني ماقام» دەپ ايتادى، بۇل ماقام تەك بىرەۋ عانا. ال بۇدان جوعارى ماقامدى «پايعامبارلىق ماقام» دەيدى، ول قوس ماقامدى. جەر بەتىندە جالپى 124 مىڭ پايعامبار وتكەن، كەيبىرىنىڭ بايانى ايتىلعان، كەيبىرىنىكى ايتىلماعان. ءار زاماندا 313 جوعارى ماقامدى اۋليە بولادى. اۋليەلىكتىڭ ەڭ جوعارى ماقامى «فارداني ماقامعا» جەتۋگە مۇميندەرگە مۇمكىندىك بەرىلگەن، بۇل ماقامعا جەتكەن مۇميندەرگە اللا تاعالا پايعامبارلارعا بەرگەن مۇعجيزالى-كەرەمەت قاسيەتى سەكىلدى قاسيەت كيە بەرەدى. ال بۇنداي دارەجەلەرگە ادامدار ىبلىس-شايتانمەن كۇرەسۋ ارقىلى عانا جەتەدى.
 
باسپالداقسىز جوعارى كوتەرىلە المايمىز، ال ءىبلىس-شايتان بولسا ادامدار سول ءار ماقام-بيىككە شىققاندا ىستەتەتىن باسپالداق ءتارىزدى. ەگەر اللا تاعالانىڭ يلاحي قۇزىرەتىندە جوعارى دارەجەگە جەتكىڭ كەلسە، وندا شايتانىڭمەن كۇرەس. ءاربىر ادام ءۇشىن ارنايى بەكىتىلگەن ءبىر شايتان بار، ول ءومىر بويى بىزبەن بىرگە بولماق ءارى بۇل «سەرىك» شايتان تاعى ءبىر ۇلكەن شايتاننىڭ امىرىندە بولادى. بۇل «ومىرلىك سەرىك» شايتانىڭىز ءسىزدىڭ ناپسىگە ۇستاز-مۇعالىم بولىپ، ءسىزدى ازدىرۋعا جۇمىس ەتەدى. سىزبەن بىرگە پەرىشتەدەن تاعايىندالعان سەرىكتەرىڭىز بولعانى سەكىلدى، قاسىڭىزدان ءبىر ەلى كەتپەيتىن ءبىر ازدىرۋشى شايتان «سەرىگىڭىز» بار، ول ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزگە ءاردايىم ءسىبىر-ۋاسۋا سالۋمەن شۇعىلدانادى.
 
سەن اللانى ەسكە الماعان كەزدە، ول سويلەيدى، اسىرەسە ءوزىڭ جالعىز قالىپ، ەش جۇمىس ىستەمەي بوس وتىرعانىڭدا. شايتان « ... ەكى قولىڭ بوس ەشتەڭە ىستەمەي ناعىپ وتىرسىڭ؟ تۇردا كافەگە بار ...»، ول وسىلاي از-ازدان قولىڭنان تارتا-تارتا، سوڭىندا جەتەكتەپ اكەتەدى. شايتاننىڭ ەڭ العاشقى ءۋاسۋاسىنا قۇلاق سالساڭ، لەزدە جەڭىلىسكە ۇشىرايسىڭ. پايعامبارىمىز «شايقاس ا دەپ باستالعان العاشقى ساتتەردە جەڭە بىلسەڭ ەڭ جاقسى» دەپ وسيەتتەيدى. ەگەر قوس قولىڭدى كوتەرىپ شايتانعا باعىنساڭ، ول سەنى «قاساپحاناسىنا» اپارىپ، يمانىڭنىڭ باسىن كەسىپ الادى.
 
ماسەلەن، تاڭعا جاقىن قالعان تۇنگى بەرەكەلى قاسيەتتى ساعات-ۋاقىتتاردا اللا تاعالا بارلىق ادامداردى وياتادى، ءبىراق شايتان ساعان كەلىپ «ۇيىقتا، تاڭ نامازىنا ءالى كوپ ۋاقىت بار» دەپ ءۋاسۋا سالىپ، جۇرەككە سىبىرلايدى. ءار جولى ءبىز بالەندەي ءبىر جاقسىلىق نەمەسە يگىلىكتى ءىس ىستەمەك بولساقتا، ول وسى جاقسى امالدارىڭدى كۇيدىرىپ جوق ەتىپ جىبەرمەككە دايار تۇرادى. «نەگە دارەت الىپ جاتسىڭ؟ ءقازىر قاتتى سۋىق ەمەسپە؟» ت.ب.، وسىلايشا ونىڭ ءبىز جەر توسەك جاستانعانشا بىتپەيتىن ء«ۋاسۋا اڭگىمەسى» ايتىلا بەرمەك. شىنىن ايتقاندا، ول بىزگە كوپ ءىستى وڭتايلاستىرىپ تۇر، ءار جولى وعان قارسى كۇرەسە بىلسەڭ بولدى، سەندە ىلگەرلەۋشىلىك بولعانىن بىلدىرەدى دە، اللا تاعالانىڭ يلاحي قۇزىرەتىندە ورنىڭ جوعارلاماق.
 
ىبلىس-شايتان بولماسا، ءبىز ادامدار اراسىندا دا دارەجە-ماقام بولماق ەمەس، بارلىعىمىز پەرىشتەلەر سەكىلدى بولىپ، تەڭ بولعان بولار ەدىك، ءبىراق ادام بالاسىنىڭ دارەجەسى پەرىشتەلەردەن جوعارى. سوندىقتاندا ءىبلىس-شايتاندى ادام بالاسىنا جىبەرىلگەن ۇلكەن ءبىر نىعمەت دەپ ايتامىز. ەگەر ءبىر پەندە اللا تاعالا ءىبلىس-شايتاننىڭ استارىنا جاسىرعان حيكىمەتتى دانالىقتى ءالى تۇسىنە بىلمەگەن بولسا، وندا ول ەشقاشاندا ءوزىن ءىبلىس-شايتاننىڭ قۇرساۋىنان قۇتقارا المايدى.
 
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم
 
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق ء#دىن ء#تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى
 
سىلتەمە: http://www.nvrislam.net/index.php?post=30
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1737
0 пікір
Блог туралы