Исламның жасы 1500 жыл: 3-Ұрыс, Махди, Тажал, Иса, Яжұж-Мажұж ...
Исламның жасы 1500 жыл: 3-Ұрыс, Махди, Тажал, Иса, Яжұж-Мажұж ...

Исламның Жасы 1500 Жыл: 3-Ұрыс, Махди, Тажал, Иса, Яжұж-Мажұж және Қиямет ахуалдары
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/206809344746112
Ислам дінінің жасы, 3-дүние ұрысы (ал-малхама, армадагон), қазірет Махди, қазірет Иса пайғамбар, тажал, яжұж-мажұждар және қиямет туралы пайғамбарымызбен әулиелер көптеген мәліметтерді айтып қалдырған, бұларды көне ислам қолжазбалармен бертінгі кездегі ғұлама-әулиелердің еңбектерінен тауып алуға болады. Мұнда айтылар тақырыпты бірсыпыра адамдар естіседе, олар туралы мағұлыматтарды анық білмейді, кұңгірт ұғымда, тіпті кейбірі естіпте көрмеген, ал бұнда олар жайлы анығырақ деталдар айтылатын болады.


Қысқаша Баян.

Баяндар бойынша алдымен «Ал-Мәлхама» (мұсұлмандар осылай атайды) туылады, оны қазіргі тілмен дүние жүзілік 3-ұрыс деп атаса, христандар оны «Армадагон» дейді. Бұнда жер бетіндегі ең ірі батыс-шығыс екі үлкен топ өзара ұрысады. Одан алты ай өткен соң қазірет Махди шығады, онан бір айдан соң іле-шала тажалда шығады, бұл үш уақиға іркес-тіркес арыт-артынан туылады. 3-дүнйе ұрысты қазірет Махди шығып тоқтатады, бұнда батыс жеңеді, шығыс жеңіледі.

Тажал ақырзаманда келуі анық болған ерекше мақұлық, ол адам баласының тұқымынан емес, алла тағаланың жаратқан бір бөлек жаратылысы. Алла тағала пенделерін сынау үшін оған көптеген табиғаттан тыс ерекше кереметке толы қабылеттер берген, мәселен өліні тірілдіру, кезкелген нәрсені алтынға айналдыру сынды, оның тағы басқада көптеген ерекше қасиеттері бар. Оның шығатын жағы Қорасан өңірі - бұгінгі Иран-Афғанның бір бөлім өңірлері немесе орта азияның оңтүстік өңірлері, оның қайдан келгені белгісіз осы өңірде өзін алғаш рет жәриялайтын болады. Ерекше жаратылыс әрі тәбиғаттан тыс қабылетке ие болғандықтан ол қысқа ғана уақыт ішінде аса көп сандағы адамды соңына ертіп алады әрі оның құдіретіне ешнәрсе төтеп бере алмайды.

Ертеде пайғамбарымыз бір сахабасына «сені тажалға жіберемін, ол сенен Мұхаммад тіріме деп сұрайды, сонда сен тажалға Мұхаммад өлмейді, ол мәңгі тірі деп айыт, оны естіген тажал күшінің жартысын жоғалтады.» дейді. Мұнда қоса кетерлігі, осы себепті дәстұрлі мұсұлман жолында пайғамбарымызбен шахиттер өлмейді деп айтылады, бұған қатысты басқада құран аяттарымен хадистер көптеп кездеседі, мәселен құрандағы 2:154, 3:169, 33:56 аяттар. Қазақтың әр рулары ұрыс майданда қаза болған өздерінің шахит батырларының атын ұранға айналдыру дәстүрі бар, бұл салтыта құранның осы аяттарына байлансты қалыптасқан яғни шахит батырлар өлі емес, олардың атын шақырып ұрандаса ұрыстарда олар немесе олардың әруағы келіп, шақырушыларға көмек-медет береді. Сонымен жындар бұл сахабаны адам баласы жоқ бір тілсім жерге алып келеді, онда тажал бар еді. Пайғамбар айтықандай, тажал «Мұхаммад тіріме?» деп сұрайды, пайғамбар сахабасы жоғарыда айтылғандай жауап береді.

Пайғамбардан қалған сөздер бойынша тажал, адам білмес бір сырлы-құпия аралда киелі шынжырмен байланып-маталып қойылған, ол онда «ей адамдар мен сендердің құдайыңмын ...» деп айғайлауда. Өз уақыты келгенде алла тағала қалауымен ол шынжырдан босатылады да, лап беріп адамдар арасына адам бейнесінде келеді. Тажал өзі байлаулы болғанымен оның адамдар арасында 30 халифасы бар, олар тажалды қарсы алуға және оның келуіне алғашқы шарттарды әзірлейді, олар ұқсамаған замандар бойынша ретімен келеді. Қазір тажалдың бұл халифаттары адамдарды алладан бездіріп, олардың жүрегіндегі иман нұрын сөндіріп, тажалдың келуіне керекті шарт-жағдайларды жасауда.

Тажал пайғамбар заманынан бері бар, әлі тірі, өте ұзақ жасаған мақұлұқ, бірақ сырлы «аралда» матаулы күйінде, ол шыққан соң өзін көктен түсетін Иса пайғамбар өлтіргенше адамдар арасында небір сұмдық зұлматтар істейтін болады. Оның бойына бүккіл зұлматтықтың барлығы жиналған, дүние тәрихында одан өткен жауыз зұлым болмайды, ол шайтандардың патшасы. Бұл күндегі көз көріп, құлақ естіген зұлымдықтар оның зұлымдығына қарағанда ештеңе болмай қалады.


Дүние жүзілік 3-ұрыс және қазірет Махдидың шығуы.

Дүние жүзілік 3-ұрыс басталып алты айдан соң, қазіреті Махди шығады, ол ұрысты тоқтатқан соң Ыстанболға кіреді, тажалда сол кезде шығатын болады. Бұл ұрыстан соң дүниенің саяси-географиялық келбеті мүлдем өзгеріп кетеді, ол Тұркиямен Сирияның шегарасындағы Амұқ деген жерден басталып, тұтас әлемді шарпиды, еш ел бейтарап қала алмайды. Хадистер бойынша ұрыс белгісі, бәну-асфар жұрты (бүгінгі орыс жұрты) Констанполға (Ыстанбол) басып кіреді, оны мұсұлмандардан тартып алады, кейін мұсұлмандар оны қазірет Махди басшылығында қайтарып алады, бұны «Констанполды екінші рет қайтарып алу уақиғасы» деп атайды. Алдымен Түркияның Ыстанболын Рессеймен Қытай армиясы басып алып, Түркияны екі мемлекетке бөліп жібереді, осылайша Түркия бірі анти-мұсұлмандар тобы енді бір бөлімі мұсұлмандар тобы болып екіге жарылады.

АҚШ бастаған батыс елдері рессейдің бұл істеріне төзе алмай Түркияға көмек ретінде орыс-қытай армиясына үлкен ұрыс ашады, себебі АҚШ-пен Европа елдері орта шығыстағы ықпалынан түбегейлі айырылып бара жатыр әрі Рессей-Қытай армиясы олардың ондағы әскери базаларын талқандайды, олар бұл өңірлердегі өктемдік орнынан айырла бастайды. Соңында Рессей бастаған шығыс елдері АҚШ бастаған батыс елдерінен орта шығыста жеңіледі. Алайда, ұрыс бұған бола тоқтай қоймайды, екі жақ бір-біріне жойқын қаруларымен шабуыл жасайды. бұл өршіп бара жатқан ұрысты Махди шығып мұғжизаларымен тоқтатады, ол тоқтатпаса батыс-шығыс екі жақ бірін-бірі түгелдей қырып жіберуден еш тайынып тұрған жоқ. Махди мұсұлмандарға басшы болады, алайда оған аз бөлім мұсұлмандар ғана ереді. Батыс жеңіске жеткенімен, аса жойқын ұрыстардың салдарынан олардың да жағдайы қатты нашарлап, өлімішті болудың аз-ақ алдындағы күйге түседі. Соңында Рессеймен Қытай өз ішінен көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетеді.

Бұл ұрыста АҚШ бастаған 80 мемлекет Түркияны қолдайды, Рессейды де шығыстағы 80 ел қолдайды. Астанасы Ыстанболдан айырылған Түріктер Ыстанболды қайтарып алмақ болып, шапқыншы Рессей-Қытай армиясына 3 рет шабұыл жасайды. 1-реткі ұрыста Түріктер олардан оңбай жеңіліп кері қашады, 2-ретінде Түріктердің армиясы орыс-қытай армиясынан тағыда жеңіліп, түгелдей қырылады, шахид болады, 3-реткі қайтарма шабұылда Түріктер Орыс-Қытайдың армиясын түбегейлі жойып жібереді әрі бұл 3-реткі шабұылда қазіреті Махдидың "құдірет қолы" бар болып, жеңіс соның көмегінде қолға келеді. Бірақ ұрыс бұккіл жершарын шарпып дүние астаң-кестең болады, қалалы жерлер ең хауыпты орынға айналып, бірақ ауылдар, таулармен ие далалар ең хауыпсыз жерлер болады, батыс-шығыс екі жақ бір-біріне қырғындағыш қаруларымен шабұыл жасауын бір сәт тоқтатпайды. Олар Түркиямен Сирияның арасындағы Амұқ деген жерде үлкен шайқас жасайды, әр жақтан 1 милион жалпы 2 милион әскер өзара осы арада шайқасады, адам қаны өзен болып ағады, батыс жеңеді.

3-дүние ұрысын адамзатқа келген «екінші топан су» депте атайды, бұл ұрыстың басты себебі адамзаттың асқан күпірлігімен қара түнекке батып кетуінен және адамдардың көбі жаратушыны жоққа шығаруы қатарлылар, бұл ұрыс осы себепті оларға жіберілген бір жазалау және тазалау іспеттес яғни Нұх пайғамбар заманындағы топан су секілді бұл ұрыстың да адамзатқа әкелер апаты орасан зор. Қазіргі көп санды адамдардың наным-сенімімен құдайсыздығы пайғамбарымыз исламды жеткізуден бұрынғы адамдармен Нұх пайғамбар заманындағы адамдардыкіне қатты ұқсап кеткен яғни ол кездегі адамдармен бүгінгі көп санды адамдар сенім жағынан өте ұқсайды, барлығы бірдей алла тағаланы жоққа шығарады, олардың наным-сенімдері ұқсас. Қазіргілердікі екінші реткі надандық дәуірі делінеді яғни екінші реткі зор құдайсыздық заманы, 3-ұрыс оларға келген топан су іспеттес болып, бұл топан су оларды жайпап әкетеді.


Технологияның жоғалуы және «илаһи технология».

Қазірет Махдиге алла тағала көптеген ерекше мұғжизалы қасиеттер берген, мәселен, онда адам тірілдіру, ол дүниелік адамдарды барзақтан тірілдіріп әкелу, айлық жерге көз ашып-жұмғанша жету т.б. және басқада көптеген ерекше қасиеттер бар, анықтап айтқанда, оған бұл дүниемен ол дүниенің арасы еш тілсім болмайды. Махди қазірет ұрыс ортасында үш рет «аллаһу акбар» деп тәкбір айтады. 1-такбірде адамзат пайдаланып отырған електір төгы жоғалып, електірге қатысты нәрселердің барлығы түгелдей істен шығып, керексіз қоқсыққа айналады. 2-такбірде мұнай істен шығып, ол лас қара майға айналады, ендігарі жанбайды, мұнайдың керегі қалмайтын болады. 3-тәкбірде оқ дәрілер істен шығады яғни оққа қатысты нәрселермен жойғыш қару-жарақтар керексіз үиіндіге айналады. Осылайша, алланың әмірінде қазірет Мәхди осы үш такбірмен технологияны күйретіп, адамзатты табиғатпен етене көне заманға кері қайтарады. Бұл істерден соң Махди дереу Ыстанболға бет алып, ол жерді тазартады әрі ондағы Османлы сұлтандары аманат етіп сақтап қойған пайғамбардан қалған халифаттық аманатты алады. Османлының қайта келуі осыған қатысты делінеді.

Қазірет Махди алла тағала бұйырумен осы заманғы технологияны түбегейлі жоғалытқанымен, оның орнын «илаһи технология» басатын болады, ол бір кереметпен мұғжизаға толы «ғажайып технология, қасиетті технология», ол технологияның кілті қазірет Махдимен қазірет Иса пайғамбарда, олардан бар адамзатқа тарайды әрі ол тек жақсылыққа қана істетіледі. Бұл «илаһи технологияның» қасында осы күнгі технология ештеңеге тұрмайды, қоқсыққа айналады, ол бұгінгі технологиядан мыңдаған есе озық болады әрі тек қана жақсылықтармен қатысты. Оның адам баласына, тәбиғатқа және басқа тіршілікке ешқандай жаманшылығы немесе кері әсері болмайды.


Тажалдың шығуы.

Қазірет Махди Ыстанболға кірген аз уақыттан соң, тажалдың шыққан хабары таралады, тажалда да көптеген керемет күшке ие, олда өліні тірілдіре алады. Қазірет Махдидың бұйырумен оған ерушілер Сирия Дамашыққа теңіздей жөңкіле көшеді, себебі ол кезде Шам Дамашық, Меккемен Мединадан басқа жерлер бүккілдей тажалдың қол астына өтетін болады, осы үш жер ғана тажалдың әмірі жүрмейді. Ол кезде кім Махдиге ергісі келсе, шын ниет етсе болғаны, Махдидың мұғжизалы күшке толы әскерлері оны жердің қай түбінен болсада аман алып келетін болады. Ал Махдиге ермегендерді екі талғам күтіп тұрады, олар тажалды құдай етіп қабылдау керек немесе тажалдың қолында өлуі керек болады, тажалға ергісі келмесе тажалдың әскерлері оны өлтіреді, ал ілессе оны құдай деп қабылдау керек. Тажалға қарсылар үшін жер бетінде Шам, Мекке және Мединадан басқа хауыпсыз жер жоқ, себебі ол жерге алла тағала ерекше періштелермен жындарды жіберіп қорғауға алады, оны тажалмен оның әскерлері қанша айлансада ала алмайды.

Дүние жүзілік 3-ұрыспен Махди кезінде жүрегінде дұрыс иманы, бойында жұмсақ мінезімен мейрімділігі мол адамдар көптеп аман қалады. Қатігез, иманы жоқ, қатты мінез және мейрімсіз адамдарға өлім хауыпы зор. Тажал Қорасаннан шығысымен дереу Иерусалимге бет алатын болады әрі сонда өз үкімдігін орнатып, бүккіл жер шарына сол жерден билік жүргізетін болады яғни ол бүгінгі Израил еліне келіп сонда өз ордасын құрады, оның бас орталығы сол Иерусалим яғни бүгінгі Израил мемлекеті болмақ.

Оған еврейлер дерліктей еретін болады, дүние екіге бөлінеді, бір тобы тажалға ерушілер, екінші тобы қазірет Махдиға ерушілер. Олар өзара ұрысады, тажал дүниенің үш жерінен басқа жердің барлығына билік жүргізетін болады. Шам өңірі яғни бүгінгі Сириядағы Дамашық өңірі, Мекке және Мәдина өңірлері, ал басқа жердің барлығы тажалдың әмірінде болады, ол өзіне ермегендері түгелдей қырып тастайды әрі өзін құдай деп жәриялайды. Ал Мәхдиге ерген мұсұлмандармен бей-мұсұлмандар осы айтылған үш жерден пана табатын болады, қазірет Махдиге көптеген надан мұсұлмандарда қарсы шығып, тажалдың арбауына еріп кететін болады. Махдиге кейбір мұсұлмандардан тыс, басқада көптеген христандар, бүддистер және әтеистерде еретін болады, олар Махдидың ықпалымен аллаға иман келтіріп мұсұлман болады, қазірет Махдиге ерушілерге айналады. Айтылым бойынша қазірет Махдиге қаралар яғни Африкалықтар көптеп еретін болады, олардың тым нашар азапты күнде болуы олардан болашақта Махдиге көп ерушілердің шығатынына байланысты болып, шайтанмен оның әскерлері оларға қатты ашулы. Бұл күнде шайтанның адам әскерлері Африка халқы жер бетінен жоғалуы керек, олар адамзатқа артық ауыртпашылық, олар керексіз деп ашық айтыпта жүр.

Қазірет Махдиге ермек болған адамдар Шам, Мекке және Мәдинаға дүниенің әр тарапынан лек-легімен ағылатын болады, олар онда тажал өлтірілгенше тұрады, оның өлімінен соң, өз мекендеріне қайта барады. Айтылып өткендей тажалға алла тағала ерекше қабылеттер берген, ол сол күшінен пайдалана отырып баяғыда өліп сүйегі қурап кеткен адамдарға да тыныштық бермейтін болады яғни оның сұмдығынан көрдегілерде тыс қалмайды, ол көптеген әруақтарды да мазалайтын болады. Тажал өлімен тіріге бірдей әсер етеді. Оның зұлымдығынан қазірет Махдиге ергендер ғана өзін сақтай алады. Тажалдың армиясын еврейлермен дінсіздер және алла тағалаға қарсылар құрайды.

Махдимен тажал күресі көп жыл жалғасады, соңында белгісіз бір таң намаз алдына қазіреті Иса пайғамбар Дамашықтағы ұмаия мешітінің минаратіне түседі, оны екі періште алып келеді. Ол қазірет Махдимен бірге намаз оқиды, қазірет Махди имам болады, одан соң ол Дамашықты қоршап алған тажалға келеді, тажал оны көре салысымен бейне күнге еріген сары майдай еріп, бар құдіретін аяқ асты жоғалтады, ол осылай өледі. Тажалдың осы күнге дейін өмір сүру уақыты 40 күн, бірақ бұл 40 күн біздің есептегі 40 күнге тең емес, оның анығы бір алламен оның пайғамбарларымен әулие достарына ғана аян, тажал сонау пайғамбар дәуірінде әлдеқашан жаратылып қойған, бірақ жасырылған мақұлық.


Тажалдан соңғы өмір.

Қазірет Иса пайғамбармен қазірет Махди жеті жылдай бірге тұрады, күллі адамзат ислам дініне кіріп, жер шарында еш кәпір қалмайды. Тажал өлген соң, оның ерушілері түгелдей қырылады. Адамзаттың көп бөлімі опат болады, өлгендердің көбі ерлер болып, бір ерге 50 әйел тең келетін уақыт орнайды, аман қалғандардың көбі жастар болады, жер бетінде адам сиреп қалады. Махди қазіреті жер шарынан тысқары жатқан тілсім Қаф тауынан аса көп сандағы беймәлім адамзатты ертіп келеді, аман қалған әйел-қыздар соларға үиленетін болады, ешкім бойдақ қалмайды, барлығы үйленеді. Қазірет Махди жындарға әмір беріп жер бетіндегі қалдықтармен технологиялар қоқсығын (семонт, машина, көмпиутер сынды т.б. алдынғы адамдардан қалған лас қалдықтар) басқа тілсім жерде өмір сүріп жатқан тастан жұмсақтың бәрін жей беретін яжұж-мажұждардың үстіне және теңізге тастатып жібереді. Осылайша олар бір түнде жер бетін тазалап, оны жәннәт секілді бір құтты мекенге айналдырады, адамзаттың жер бетіндегі ең бақытты кезеңі басталады.

Қазірет Махдиді күтіп, бірақ оған жете алмай қайтыс боп кеткен мүминдер, қазіретке берілген мұғжизамен қабырынан қайта тірілдіріліп әкелінетін болады әрі олар қазірет Махдимен қауышады, бұлар алла тағалаға еш қиын емес. Қазірет Әли және көптеген әулиелермен қазірет Махдиді сағынғандар осы кезде тіріліп келіп қазірет Махдимен қауышатын болады, ол бір кез тек мұғжизаға толы кез болмақ, тәбиғат заңдылығы шектемесіне ұшырамайтын бір ғажап дәуір, бұған жетудің кілті - пенде тірі өмірінде қазірет Махдиді күтіп, оны шын жүрекпен тосқан болуы керек. Бұл заманды «ұйқыдағы арыстан қайта оянған заман» депте айтады яғни ислам діні абсолиотты құдіретке жетіп, жер бетіндегі бар адамзаттың діні болады, ислам діні күллі адамзатқа хақ дін екендігін танытады, оған сенбеушілер қайран қалып, өз қателіктеріне куа болатын кез. Бұл кезде «Илахи Технология» жалпыласып, еш адам дүниелік тірлікке қызықпайды, барлығы рухани-илахи істермен әбігер болады, қазірет Иса пайғамбардың жетекшілігіне құранның көптеген адам ойлап жеткісіз, ғажайып мұғжизалы сырлары ашылады. Әулиелерден жеткен ілім бойынша, әрбір құран әріпінің астарында 12 мың түрлі білім жасырылған, кейбір осы ілімдердің ашылуы сол кездің еншісінде.

Қазірет Махди қайтыс болған соң, қазірет Иса пайғамбар жер бетіне Ислам шәриғатымен тағыда 40 жыл әмір жүргізеді, ол кісі өткен заманнан келген пайғамбарымызға үмбет болған үш адамның бірі (Иса, Қызыр, Іляс), Иса пайғамбар қайтыс болған соң адамдар Ислам дінін аз уақыт қана сақтай алады, одан соң олар қатты бұзыла бастайды. Соңында алла тағала әдемі бір хош иіс жіберіп жер бетіндегі барлық мүминдердің жанын алып кетеді, қазірет Қызыр жер бетіндегі иман келтірушілердің арасындағы ең соңында қайтыс болатын адам, осылайша жер бетінде тек қана дінсіз адамдар ғана қалады, ешқандай мұсұлман немесе құдайға сенуші қалмайды. Оларда азғындықтың ең жоғарғы шегіне жететін болады, ол кезде ең иманды адамның өлшемі «бұрынғы ата-бабаларымыз құдай деген бір нәрсе бар деп айтқан» деген сөз болады екен, олар киім кимейтін, ар-ұятты білмейтін жалаңаш жүретін махұлұқ болып кетеді, әулиелер «ұрпақтарымызды ол күндегі қауымнан болуға жеткізе көрме» деп дұға етеді екен.


Ислам діннің жойылуы.

Уақыт аунап бұл кезге жеткенде, ислам діні бұккілдей жойылады, құран көтеріліп, адамдар арасынан ғайып болады, жер бетінде ешбір әулиелермен құдайға сенушілер қалмайды, олардың барлығы жан тапсырады, тек азғын адамдар ғана қалады. Осы кезге дейін пайғамбардан жеткен ислам діні жер бетінде 1500 жыл айналасында өмір сүреді. Одан соң қияметтің тағыда басқа ірі белгілері арт-артынан басталады, мәселен, жердің үш бөлігінің шөгуі, бұккіл жер бетін түтін басуы, жер сілкініп жердің батуы, өріт, ғажап жер жануарының жерден шығуы, яжұж-мажұждың келуі және күннің батыстан шығуы қатарлылар.

Бұндағы яжұж-мажұждер басқа жақтан жер бетіне түседі, алла тағала олармен біздің арамызға аса алып мұзды тау және үлкен болат қақпа қойған, үйтпегенде олар адамзатты түгелдей жойып жіберер еді. Яжұж-мажұждер саны өте көп, тастан жұмсақ нәрсенің бәрін жейді, олар адамдарды ет-сүйегімен қоса асап жей беретін қорқынышты мақұлұқтар. Олармен алысуға адам баласының шамасы мүлдем жетпейды, олар адамзатты әпсәтте жәркемдеп, жей бастайды, өзен-көлдерді ішіп суалтады, жолында кезіккенің бәрін сыпырып әкетеді. Яжұж-мажұждердің түрі адамға ұқсайды, бірақ денесін түгелдей сарғыштау түк басқан, кішкене көзі бар, бойлары бір құлаштан 120 құлашқа дейін, бойымен кеңдігі тең. Олардың құлақтары өте үлкен, бір құлағы астына төсек болса, енді бір құлағы үстіне көрпе болып жамылады, оларға ешнәрше шақ келмейды, азғындаған адам баласы олардың азығына айналады.

Олардың жерге келуінің бір белгісі, аспанда тағы бір күн секілді зат пайда болады, адамдар «аспанда екі күн болды ғой» деп ойлайды, ол нәрсе жер шарына жақындап, мұздар ерй бастайды, әрине бүл кездер тым арыда болатын болашақтағы уақиғалардан. Олар ішіп-жеуден басқаны білмейді, жүректерінде иман болмайды және құдайғада сенбейді, сондықтан мінез-құлықпен әрекеттері соларға ұқсайтын адамзат қауымдарында олардың баламасы түрінде яжұж-мажұж сяқтылар немесе яжұж-мажұждар депте атайды. Яжұж-мажұждардың заты адам атаның басқа ұрпағынан делінеді, олар жер бетіндегі соңғы күндерге дейін болады.

Яжұж-мажұждар жайлы құранмен хадистерде айтылған, бірақ олар жердегі әлде жерден тыс әлемдегі мақұлұқпа, ол жайлы нақты айтылмаған. Құранда қос мүиізды Зұлқарнайынның киімсіз тыржалаңаш жүрген жаратылыстарды яжұж-мажұждердің шапқыншылығынан құтқарып, болат қорған салғанын айтады, бұл аяттарға қарап оны кейбір баяндаушылар жер шарының шығысында болған іс десе, алайда көне баяндармен хадистер бойынша ол жер бетінде болған уақиға емес, бірақ жерден тысқары жатқан басқа жай адам баласына белгісіз тағы бір әлемде болған уақиға делінеді. Пайғамбардан қалған сөздер бойынша пайғамбарымыз михраж түнінде сырлы Қаф Тауымен ұштасқан сол жұмбақ әлемде жатқан сарис-тақил және яжұж-мажұж атты кәпір қауымға барып, исламға бұйырады, алайда олар иман келтірмейтінін айтып, пайғамбар кері қайтады. Тағы сол михраж түн сапарында пайғамбарымыз және бір жерге келеді, онда жалаңаш жүретін тек еркектерден ғана құралған бір жаратылыс бар екен, оларда адамзатта болатын шахуат нәпсі жоқ болып, тәбиғаты періштелерге жақындау махлұқ екен. Пайғамбарымыз оларға аллаға иман келтіруге жән исламды қабылдауға бұйырады, олар дереу иман келтіреді, пайғамбарымыз олардың арасынан біреуін өз халифасы етіп тағайындап кетеді.

Пайғамбарымыз бұл қауымдар тұратын жерде кұнмен ай жоқ, олардың тамдарымен тау-тас құмдарынан жарық-нұр шығарып тұрады, олардың ішетін сулары біздікінен мүлдем бөлек, өздерінің суы бар деп айтады. Ал яжұж-мажұждер секілді сарис-тақил деген қауымдар бар, олар ұдайы бұл жалаңаш қауымдарға тисіеді, олар өзара ұрысып тұрады делінген. Пайғамбарымыз бұл жерлерге жай адам баласы ешқашан жете алмайды, оларға жүретін жолда төрт айлық қара түн бар, олар тым алыста, олар адам баласымен шайтанның кім екендігінде білмейді деп айтады. Көне баяндар Зұлқарнайын әскерлерін бастап, қараңғы түнде екі ай жүріп, сырлы Қаф Тауымен жалғасқан Жабұлса және Жабұлқа атты екі қалаға жете алмай, соңында артына кері қайтқанын және қазірет Махдидың Қаф Тауынан көптеген беймәлім адамдарды ертіп әкелетінін баяндайды.


Ислам діннің жасы 1500 жыл.

Көне ислам деректері бойынша алла тағала 124000 түрлі адамзат жаратқан, демек бізден басқа жүзмың сан түрлі адамзаттың түрі бар, біз жалғыз ғана адамзат емеспіз дегендік. Қазіргі адамзат яғни біз сол адамзаттардың ішіндегі ең соңғы адамзат түріміз әрі бізге жер бетінде 7000 жыл өмір сүру орайы берілген яғнй бұл алланың қасындағы 7 күндік қана өмір делінген. Әр адамзат түрінің өз өмір сүру жыл-кезеңдері болған, айта кетерлігі бүгінгі ғылым да көптеген басқада адам түрлерін таптық деп жәриялауда. Әулиелердің айтуы бойынша, қазір біз сол берілген 7000 жылдың ең соңғы ғасырларының бірінде тұрмыз, бұл тағыда бізге қазіргі адамзат мәдениетіның жасы 7000 жылдан көп емес екендігін де аңғартып тұр, мәселен, қазіргі зеріттеу бойынша адамзаттың ең алғашқы жазуына 5500 жыл болған.

Хадистер бойынша, пайғамбарымыз ислам дінінің жасы 1500 жыл айналасында деген екен яғни бұл алла тағаланың қасындағы біржарым күндік уақыт. Қазір Хижра күнтізбесі бойынша пайғамбардан жеткен ислам дініне 1442 жыл, ал Григориан күнтізбесі бойынша 1400 жыл болған. Бұнда айтылған 1500 жылдың соңғы 50 жылы қазірет Махдимен қазірет Иса пайғамбардың жер бетінде билік жүргізетін уақыты әрі қарапайым есептеулер бойынша қазірет Махдидың келуіне тым таяу қалған, оның бір үлкен белгісі дүние жүзлік 3-ұрыстың болуы. Қазірет Махди шамамен алда келе жатқан 10 да 30 жыл арасындағы мәлім бір кезде келуі мүмкін, алайда анығы бір алла тағалаға аян, бұндағы есептеулер тек түсінік жасау үшін ғана берілді. Қазірет Махдидың келуімен «ұйқыдағы арыстан оянады» яғни ислам діні қайта көтеріледі де, ол бұккіл адамзаттың дініне айналады делінеді.


Адамзаттың тірілуі.

Жер бетіндегі яжұж-мажұждердың соңғы бір мезгілдерінде Исрафил періште бірінші рет сүр ұрлеп бар тіршіліктің жанын алып кетеді, одан соң жер қатты сілкініп таулар үгітіліп шөгіп, тас уатылып құм болады, жер беті мидай жазыққа айналады, осылай жер жүзі 40 жыл бойы еш тіршіліксіз жатады. Енді адамзаттың қайта тірілу уақыты келеді де, алла тағала құдіретімен ер адамның белінен шығатын су секілді жаңбыр жаудырады, ол бүккіл жер бетін басып, биіктігі 70 құлашқа жетеді. Адамзаттың мәлім сүйегінде ешқашан шірімейтін бір түйір болып (қазіргі ғылыми тілмен айтса бір кілетка деугеде болады), оны «адамнң дәні» деп атайды, ол манағы жауыннан нәр алып, бейне осімдік секілді әр адам дәнінен әуелгі адам өніп шықпақ, бірақ олар әлі жансыз, өзін білмейді, ес-тұссыз күйде. Құдайдың құдіретімен, осылайша, бұл рет адам баласы өз анасының құрсағынан емес, жер анасының «құрсағынан» туылады, алайда пайғамбарлармен әулиелердің денесі бұл күйреу және қайта туылу барыстарын бастан кешірмейді яғни алла тағала өзі бұл барыстардан оларды илаһи күшімен қорғайды.

Жан-рухты кіргізу кезегі келіп, бұл жолы Исрафил періште екінші рет сүр ұрлейді. Исрафилдың сүрі - ол сансыз саңылауы бар сырнайға ұқсайтын «илаһи сырнай», оның әр саңылауынан әр жандының рухтары атылып шығады. Оның сүрінен күллі адамның рух-жандары ұшып шығып, өз иесін яғни манағы өсіп шыққан денелерден өзіне тәуелді адам денесін табады, соған кіріп, оларға жан бітіреді, күллі адамзат баласы осылай тіріледі. Адамдардан ең алдымен пайғамбарымыз сақалындағы топырақты қағып орнынан тұра келеді, ол тұрысымен «үмбетін қайда, менің үмбетім» деп ала сұрады, оны сырытта күтіп отырған Жебірейіл періште «о, Мұхаммад қорықпа, олар өз жайларында сіздің бұйрықты күтуде» дейді, пайғамбар бұйрығымен, бір күштің әсерінде оның үмбеті бір жерге жиыла бастайды, адамдар қысылғаны соншалықты араларында ине сұғар бос орын болмайды. Аспанда күнде айда жоқ, тас қараңғылық, олар бір-бірін көре алмайды, денесі жалаңаш, қатты шөлдеген-ашыққан, жүздерін үлкен қорқыныш билеген, есі шыққаннан олар қайдан келіп, қайда тұрғанынан хабарсыз күйде, өте қорқынышты бір күн, ұлкен ояну - шын ояну.

Осыдан соң пайғамбарымыз әр адамға олардың иман қуатына қарай жарық нұр үлестіре бастайды, иманы күштілерге аса жарық нұр беріледі, имані ең әлсіздерге бір сөніп, бір жанып тұратын бармақтың ұшындай нұр беріледі. Барлық адам баласы әр тараптан қияметттегі жиналыс алаңы болатын Дамас жазығына жиналады, бұл жазық Шам өңірінде болып бүгінгі Дамашық қаласын өзегі еткен өте үлкен жазық, Жабал Қайсын тауы тұрған орынға «таразы» тұрғызылып, күрсі орнатылады.. адамдар қиямет алаңына лек-легімен ағылады ...

Соңы.


Бұндағы материялдар көне османлы жазбаларымен алдынғы ғасырларда өткен ғұлама-әулиелердің еңбектерінен қысқаша ықшамдалынып алынды. Сонымен бірге осы заманғы батыс-ағылшын ғалымдардың ғылыми еңбектерімен жаңалықтарындағы айтылымдарда қосымша аргиумент ретінде пайдаланылды.

Исламның Жасы 1500 Жыл: 3-Ұрыс, Махди, Тажал, Иса, Яжұж-Мажұж
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 2657
0 пікір
Блог туралы