Көрдегі өлікті ауыстыратын періштелер және тәриқатпен мәхди қазірет жәйлі аз сөз
Көрдегі өлікті ауыстыратын періштелер және тәриқатпен мәхди қазірет жәйлі аз сөз

https://nvrislam.net/index.php?post=292
Көрдегі өлікті ауыстыратын періштелер және тәриқатпен мәхди қазірет жәйлі аз сөз

Әлхамдұлилах, алла тағала бізді англияда тағыда кездесуге жазды, біз бұнда көптеген қалаларды араладық, сұхбат бердік, бұл сұқбатымыз (кейін тағыда айтамыз) St. Anne’s дергасынан тыс жерде берген соңғы сұхбатымыз, біз алла тағалаға шүкірліктер айтамыз, иншалла, біз алла тағаланың және оның пайғамбарының берекесінде тағыда кездесетін боламыз. Уақыт өте тез өтуде, ол тым ширақы ағуда, осыдан 35 жыл бұрын біз мәуләна назым қазіретпен осында менің әйелімнің (қазіреттің әйелі ерте қайтыс болған) жаназасын шығарғанбыз, ол өте жас қайтыс болды, мәуләнә осында болып, оның жаназасына қатысты, сол уақыттан бері біз әр жолы келген сайын, осы араны зиярат етеміз, міне қазыр сапарымыздың соңына да жеттік.

Бұл адамдар әл-салихин уәл салихат яғни салих ерлермен салих әйелдер, олар өздері тұрған жерге береке алып келеді әрі бұл алла тағаладан берілген бір береке нығметі-дүр, себебі ол қайтыс болғанда жұрт «оның денесін шам дамашыққа апарып, сонда жерлейік.» дейді, бірақ мәуләнә бұл сөзді қабыл етпеді, ол «адам қайда қайтыс болса, оны сол араға жерлегені абзал» дейді, себебі алла тағаланың жаратқан мәлім періштелері бар болып, олардың міндеті жақсы салих ер-әйелдердің мәйітін мекке, медина немесе шам дамашық сияқты қасиетті жерлерге апару болады, сондықтан олардың мәйітін ұшақ және машинамен өзің жақсы көрген жерге апарып, өте ұзаққа жерлеуің қажетсіз, адамды қайтыс болға өңірге жерлеуіңе рұхсат, ал манағы айтылған аталмыш періштелер олардың мәйітін олар ең лайықты болған жерге апарып қоятын болады.

Тағы бір маңызды тақырып мекке, медина, дамашық немесе шам сияқты қасиетті жерлерге жерленгендер жәйлі болмақ, егер онда жерленгендер ол араға жерленуге лайықты болмаса, періштелер олардың денесін ол арадан алып, басқа жаққа апарып тастайтын болады, пайғамбарды, сахабаларды, әхлұл-бәйіттерді (пайғамбар ұрпақтарын) құрметтемегендердің мәйіті осы қасиетті жерлерде деп ойлап қалмаңдар, бүлік-фитна жасаушылар сол жақсы жерлерде өліп, сонда жерленсе де олар алла тағала жағынан бұл жерлерге қабыл етілмей, олардың өлігін періштелер алып, басқа жаққа лақтырып жіберетін болады.

Бұндай іс көп туылған, мәселен османлы кезінде осы тектес уақиға болған, османлы кезінде бір христан ханшасы мұсылман жігітке қатты ғашық болып, ислам қабылдайды, ол бұл махаббатымен исламды сүйеді, ол осылай мұсылман болады, алайда қыздың әкесі бұған қатты ашуланып, қызын ол мұсылман жігітке үйлендірмей қояды әрі тысқа шығуға рұқсат бермейді, ал қыздың жігітке және исламға деген махаббаты күн өткен сайын арта береді, кейін қыз ауыра бастайды, соңында жүдеп қайтыс болады. Ол қыз сол қайтыс болған өңірге жерленді, ал жігіт болса жолын тауып, «ол қыз мұсылман, біз оны мұсылмандар қабырына жерлеуіміз керек, оны христан немесе бей-мұсылмандардың қабырына қабырында қалдыруымызға болмайды, ана жер оның жатуына лайықты емес, біз ол үшін ең кемінде осыны істеп бере алуымыз керек.» дейді, ол ебін тауып христан қабырына кіріп, ол қыз жатқан қабырды қазады, бірақ ол ерекше бір жағдайға тап болды, қабырды ашса, қыздың мәйіті онда болмай шығады, ал онда кім жатыр еді? онда қыз емес, осы жігіттің ауылындағы бір асқан мұнафиық бар еді, қабырдағы мәйіт соның денесі болып шығады, қыздың мәйіті жоқ, алла тағала бұнда мұнафиқтың мәйітін апарып қойған еді, ол жігіт ауылына оралып, ауылында кімнің өлгенін сұрастырады, ауылдағылар аталмыш сол мұнафиқтың өлгеін айтады, олар дереу барып, мұнафиық жерленген бейітті ашса, онда қыздың денесі жатыр екен яғни оған ғашық қыздың мәйіті сонда әкелініпті, әлхимдұлиллах, бұндай істер көп туылған, бұл тек османлы тәрихында болған уақиғалардан бір мысал ғана, осы тектес істер көп кездеседі.

Сондықтан алла тағала өзі сүйген мүминді мына дүниеде де, ақиретте де өзінен алыс тастап қоймайды, олар әр уақыттада алла тағаламен бірге-дүр, сол үшін біздер алла тағалаға бізді исламмен нығыметтендіргені үшін, пайғамбарымыздың жолына ілесу нығметін бергені үшін, пайғамбарға тәриқатпен жалғасу нығыметін силағаны үшін сансыз шүкірліктер айтуымыз керек. Барлық мәзғап имамдары пайғамбарға жалғасқан, сопылық тәриқат деген осы, тәриқат әуелі сахабалардан, сәйдина әбубәкір сыдық немесе сәйдина әлиден келді, сахабалардан табиғиндарға, олардан таби әл-тәбиғиндарға жалғасып келеді, бәрі осылай бір-бірден жалғасып келмек, олар халифалықты пайғамбардан бастап бір-бірден саты бойынша, арт-артынан осылай бүгінгі күнге дейін жалғады, сопылық тәриқат осы күнге «мен осы ижәзәні алдым, енді бұл ижәзәдан саған ижәзә беремін» деген үрдіспен жалғасып жетті, ол осылай біреуден тағы біреуге жалғанды, сондықтан оның арасында еш қателік жоқ.

Алайда «біз жақсы істеп жатырмыз, тәриқат керек емес» дейтіндер басында исламда аздап «жақсы» жүргендей көрінер, бірақ одан соң онысы үзіліп, жаңа нәрселерді істей бастайтын болады, жаңа нәрселер деген солардың өздері айтып жүрген аталмыш бидаға-дүр, бидаға деген уахаби-салафилардың көзғарасында айтлып жүргендей «сопылық тәриқат бидаға» деген нәрселер емес, бірақ нағыз бидаға дегеніміз «сопылық тәриқатқа ілеспеу» деген сөз. Сопылық тәриқат пайғамбардан ақырзаманға дейін, қазірет мәхдиге дейін жалғанылған шынжырға ұқсайды, сәйдина мәхди қазірет келгенде шәриғатта, тәриқатта (бөліну) болмайды. Себебі ол кезде барлығы біреу болуы керек, ол қазірет сәйдина мәхди-дүр, міне әулие мәуләнә назым қазіреттің айтып келгендері, бірақ адамдар оны қате түсініп, «қазірден бастап тәриқат жоқ болды» деп жүр, жоқ, олай емес, тәриқат пайғамбарымыздан тартып қазірет сәйдина мәхдиге күшті шынжырмен бірге жалғанған.

Ақырзаманға жеткенде барлығы қазірет мәхдиға еруі керек, ол «абсолиот мұжтахид», бұл дегеніміз тәриқат, шәриғат, мәзхап бәрі сонда бір дегендік, демек барлығы бір сәйдина мәхди әлейхисаламда болады, не үшін? себебі ол кезде кұллі дүниеде исламнан басқа дін болмайды, мәхди қазіреттің әмірінен басқа тағы бір екінші нәрсе болмайды, ондай ештеме болмақ емес, ол бір нәрсені әмір етсе, оған «біз ана мәзхаб сияқты немесе мына сияқты бірдеңе істейміз» деген нәрселер мүлдем болмас, ондайлық жоқ, пайғамбардың жолына ергендер осыны түсінуі керек, қазірет мұхаммад әл-мәхди пайғамбарымыздың жалғастырушы мұрагері-дүр, ол жәйлі пайғамбарымыз «менің әулетімнен "мұхаммад" есімді кісі келеді, оның әкесінің аты менің әкемнің (абдуллаһ), ал оның анасының аты менің анамның (әмина) есімімен ұқсайды» деп баршамызға жақсы хабар айтып кеткен, ол осы мүбарак кісі-дүр, бұл айтылғандар пайғамбарымыздың хадисы, сондықтан бұл істер осы заманда болады яғни мәхди әлейхисаламның дәуірі, бізде оған бая беріп, иншалла, онымен бірге болатын боламыз, ол кезді «екінші реткі бақыт ғасыры» деп атайды, бұл сол кезде болмақ, ол ғасыр күллі дүние бүкіл жақсылыққа толы болатын ғасыр.

Айтып өткеніміздей, осы кезден соң, сендер «біз мұсылманбыз, бірақ біз басқа жолға ереміз» деп мүлдем айта алмайсыңдар, жоқ, ол кезде жағдай мүлдем бөлек-дүр, ол кезде бәрі тек біреу ғана болады, қазір бола береді, себебі бізде бүкіл елдің бәрін бір жерге жинар құдірет жоқ, сол үшін әр адам сопылық тәриқатқа еруі керек әрі тәриқатпен бірге мәзхабқа еруі керек, бұны ұмытпа әрі бұны қате түсінбе, сонымен бірге біз осы міндеттерге қоса сахабаларды құметтеуіміз керек, әсіресе үш сахаба, хұлафа рәшидин сәйдина әбубәкір, сәйдина омар, сәйдина осман радия аллаху анха, осы үш сахабаны, бірақ шайтани адамдар оларды қабыл етпейді, себебі бұнда өздерін «тәриқаттанбыз» деп атаған көптеген адамдар бар, бірақ олар солай дей тұра, осы сахабаларды құрмет қылмайды, тіпті олар хақында жаман жалалы сөздерді айтады, ал бұндай қылық ешқашан тәриқаттан келмек емес, ол тек сыртқы көрністе тәриқат және ислам болып көріну ғана, олар пайғамбарды құрмет қылмайды және алла тағаладан қорықпайды. Біздің жол сәйдина мәхди әлейхисалам келгенше осылай бола бермек, ал бұны қабыл етпейтіндердің шипасы өзгеде бұрын шипасы біткендер сияқты бітетін болады, олар да құриды, ол заманда олар қалай құритын болады? алла тағала біледі, құдіретті алла тағала оларды жоқ етеді де, олардың біреуінде таба алмайтын боласыңдар, ол дәуірде сахабаны, ахлу-бәйтті (пайғамбар әулеті), әулиелерді құрметтемейтін адамдардың бәрі жоқ болады, олардың біріде қалмай жойылады, мәхди қазіреттің кезінде бұлардан бірде-бірі қалмай құриды.

Әлхамдұлиллах, біз пайғамбарымыздың айтқандарымен тәрбиелейміз, кім оны қабыл етсе, жеңуші болмақ, ең алғаш тоңмойындық еткен шайтан лағнеті еді, сол сияқты осы шайтанмен бірге болып, тоңмойындық еткен тоңмойындардың шипасы бітеді, олар жоқ болады, әлхамдұлиллах, көптеген адамдар пайғамбар жолында емес адамдардың жәйлі біраз біле бастады әрі олардың қандай мәселелерді тудырып жатқандығын да байқауда, исламның бірінші әрі ең үлкен дұшпаны солар, олар сол құрмет етпейтіндер және оны қабыл етпейтіндер, себебі олар исламды жоғалытқысы келеді, олар шайтанмен оның ерушілері жағынан алданды, оларға сөйлей алмайсың, олар қабыл етпейді, олар тек айғайлап шулайды, адамдарға еш пайдасы жоқ істерді істеттіріп қояды, сонымен жұрттың өмірлерін ысырап етеді, олардың хәлі алла тағаланың мына аятында тозақылық адамдарға айтылған іске ұқсар, «құй сабырлы бол я болма, бәрі сендерге ұқсас, сендер тек істеген істеріңнің қарымжы нәтижесін татып жатсыңдар» (құран 52:16) делінеді, олар мейлі сабыр етсін, мейлі етпесін, тек жаза ғана көретін болады, оларға еш сауап берілмейді.

Алла тағаламен бірге бол, машайықтармен бірге бол, әулиелермен бірге бол, мүминдермен бірге бол, сонда барып осы дүниеде де ақиретте де аман боласыңдар, айтып өткеніміздей, тіпті кәпірлердің қабырының ортасында қалсаңда, олар (алланың періштелері) сені ол арадан әкетіп басқа жаққа салатын болады, бізде лебаноннан (ливан) христан кісі бар болып, олардың отбасы христандықта өте күшті еді, ол кейін мұсылман болды, ол бізге «егер мен өлсем, отбасымыз христанда қатты болғандықтан мені христандар қабырына жерлейді ғой, мен бұны қайтем?» дейтін, әлхамдұлиллах, мәселе жоқ, періштелер оны алып кететін болады, иншалла, ол сәйдина мәхди әлейхисаламның кезіне жетеді, себебі ол қартаң кісі емес, жас кісі, ол кезде ол еркіндікте болады, иншалла, баршаңызға рақымет.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
https://www.nvrislam.net
https://www.instagram.com/tanirtaw/
http://www.fb.com/tanirtaw


كوردەگى ولىكتى اۋىستىراتىن پەرىشتەلەر جانە تاريقاتپەن ءماحدي قازىرەت ءجايلى از ءسوز

سۇحبات (2): بۇل دۇنيەدە دە اقيرەتتە دە امان بولا ءبىل (2022.03.19)

ءالحامدۇليلاح، اللا تاعالا ءبىزدى انگليادا تاعىدا كەزدەسۋگە جازدى، ءبىز بۇندا كوپتەگەن قالالاردى ارالادىق، سۇحبات بەردىك، بۇل سۇقباتىمىز (كەيىن تاعىدا ايتامىز) St. Anne’s دەرگاسىنان تىس جەردە بەرگەن سوڭعى سۇحباتىمىز، ءبىز اللا تاعالاعا شۇكىرلىكتەر ايتامىز، ينشاللا، ءبىز اللا تاعالانىڭ جانە ونىڭ پايعامبارىنىڭ بەرەكەسىندە تاعىدا كەزدەسەتىن بولامىز. ۋاقىت وتە تەز وتۋدە، ول تىم شيراقى اعۋدا، وسىدان 35 جىل بۇرىن ءبىز ءماۋلانا نازىم قازىرەتپەن وسىندا مەنىڭ ايەلىمنىڭ (قازىرەتتىڭ ايەلى ەرتە قايتىس بولعان) جانازاسىن شىعارعانبىز، ول وتە جاس قايتىس بولدى، ءماۋلانا وسىندا بولىپ، ونىڭ جانازاسىنا قاتىستى، سول ۋاقىتتان بەرى ءبىز ءار جولى كەلگەن سايىن، وسى ارانى زيارات ەتەمىز، مىنە قازىر ساپارىمىزدىڭ سوڭىنا دا جەتتىك.

بۇل ادامدار ءال-ساليحين ءۋال ساليحات ياعني ساليح ەرلەرمەن ساليح ايەلدەر، ولار وزدەرى تۇرعان جەرگە بەرەكە الىپ كەلەدى ءارى بۇل اللا تاعالادان بەرىلگەن ءبىر بەرەكە نىعمەتى-دۇر، سەبەبى ول قايتىس بولعاندا جۇرت «ونىڭ دەنەسىن شام داماشىققا اپارىپ، سوندا جەرلەيىك.» دەيدى، ءبىراق ءماۋلانا بۇل ءسوزدى قابىل ەتپەدى، ول «ادام قايدا قايتىس بولسا، ونى سول اراعا جەرلەگەنى ابزال» دەيدى، سەبەبى اللا تاعالانىڭ جاراتقان ءمالىم پەرىشتەلەرى بار بولىپ، ولاردىڭ مىندەتى جاقسى ساليح ەر-ايەلدەردىڭ ءمايىتىن مەككە، مەدينا نەمەسە شام داماشىق سياقتى قاسيەتتى جەرلەرگە اپارۋ بولادى، سوندىقتان ولاردىڭ ءمايىتىن ۇشاق جانە ماشينامەن وزىڭ جاقسى كورگەن جەرگە اپارىپ، وتە ۇزاققا جەرلەۋىڭ قاجەتسىز، ادامدى قايتىس بولعا وڭىرگە جەرلەۋىڭە رۇحسات، ال ماناعى ايتىلعان اتالمىش پەرىشتەلەر ولاردىڭ ءمايىتىن ولار ەڭ لايىقتى بولعان جەرگە اپارىپ قوياتىن بولادى.

تاعى ءبىر ماڭىزدى تاقىرىپ مەككە، مەدينا، داماشىق نەمەسە شام سياقتى قاسيەتتى جەرلەرگە جەرلەنگەندەر ءجايلى بولماق، ەگەر وندا جەرلەنگەندەر ول اراعا جەرلەنۋگە لايىقتى بولماسا، پەرىشتەلەر ولاردىڭ دەنەسىن ول ارادان الىپ، باسقا جاققا اپارىپ تاستايتىن بولادى، پايعامباردى، ساحابالاردى، احلۇل-بايىتتەردى (پايعامبار ۇرپاقتارىن) قۇرمەتتەمەگەندەردىڭ ءمايىتى وسى قاسيەتتى جەرلەردە دەپ ويلاپ قالماڭدار، بۇلىك-فيتنا جاساۋشىلار سول جاقسى جەرلەردە ءولىپ، سوندا جەرلەنسە دە ولار اللا تاعالا جاعىنان بۇل جەرلەرگە قابىل ەتىلمەي، ولاردىڭ ولىگىن پەرىشتەلەر الىپ، باسقا جاققا لاقتىرىپ جىبەرەتىن بولادى.

بۇنداي ءىس كوپ تۋىلعان، ماسەلەن وسمانلى كەزىندە وسى تەكتەس ۋاقيعا بولعان، وسمانلى كەزىندە ءبىر حريستان حانشاسى مۇسىلمان جىگىتكە قاتتى عاشىق بولىپ، يسلام قابىلدايدى، ول بۇل ماحابباتىمەن يسلامدى سۇيەدى، ول وسىلاي مۇسىلمان بولادى، الايدا قىزدىڭ اكەسى بۇعان قاتتى اشۋلانىپ، قىزىن ول مۇسىلمان جىگىتكە ۇيلەندىرمەي قويادى ءارى تىسقا شىعۋعا رۇقسات بەرمەيدى، ال قىزدىڭ جىگىتكە جانە يسلامعا دەگەن ماحابباتى كۇن وتكەن سايىن ارتا بەرەدى، كەيىن قىز اۋىرا باستايدى، سوڭىندا جۇدەپ قايتىس بولادى. ول قىز سول قايتىس بولعان وڭىرگە جەرلەندى، ال جىگىت بولسا جولىن تاۋىپ، «ول قىز مۇسىلمان، ءبىز ونى مۇسىلماندار قابىرىنا جەرلەۋىمىز كەرەك، ونى حريستان نەمەسە بەي-مۇسىلمانداردىڭ قابىرىنا قابىرىندا قالدىرۋىمىزعا بولمايدى، انا جەر ونىڭ جاتۋىنا لايىقتى ەمەس، ءبىز ول ءۇشىن ەڭ كەمىندە وسىنى ىستەپ بەرە الۋىمىز كەرەك.» دەيدى، ول ەبىن تاۋىپ حريستان قابىرىنا كىرىپ، ول قىز جاتقان قابىردى قازادى، ءبىراق ول ەرەكشە ءبىر جاعدايعا تاپ بولدى، قابىردى اشسا، قىزدىڭ ءمايىتى وندا بولماي شىعادى، ال وندا كىم جاتىر ەدى؟ وندا قىز ەمەس، وسى جىگىتتىڭ اۋىلىنداعى ءبىر اسقان مۇنافيىق بار ەدى، قابىرداعى ءمايىت سونىڭ دەنەسى بولىپ شىعادى، قىزدىڭ ءمايىتى جوق، اللا تاعالا بۇندا مۇنافيقتىڭ ءمايىتىن اپارىپ قويعان ەدى، ول جىگىت اۋىلىنا ورالىپ، اۋىلىندا كىمنىڭ ولگەنىن سۇراستىرادى، اۋىلداعىلار اتالمىش سول مۇنافيقتىڭ ولگەىن ايتادى، ولار دەرەۋ بارىپ، مۇنافيىق جەرلەنگەن بەيىتتى اشسا، وندا قىزدىڭ دەنەسى جاتىر ەكەن ياعني وعان عاشىق قىزدىڭ ءمايىتى سوندا اكەلىنىپتى، ءالحيمدۇليللاح، بۇنداي ىستەر كوپ تۋىلعان، بۇل تەك وسمانلى ءتاريحىندا بولعان ۋاقيعالاردان ءبىر مىسال عانا، وسى تەكتەس ىستەر كوپ كەزدەسەدى.

سوندىقتان اللا تاعالا ءوزى سۇيگەن ءمۇميندى مىنا دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە وزىنەن الىس تاستاپ قويمايدى، ولار ءار ۋاقىتتادا اللا تاعالامەن بىرگە-دۇر، سول ءۇشىن بىزدەر اللا تاعالاعا ءبىزدى يسلاممەن نىعىمەتتەندىرگەنى ءۇشىن، پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ىلەسۋ نىعمەتىن بەرگەنى ءۇشىن، پايعامبارعا تاريقاتپەن جالعاسۋ نىعىمەتىن سيلاعانى ءۇشىن سانسىز شۇكىرلىكتەر ايتۋىمىز كەرەك. بارلىق ءمازعاپ يمامدارى پايعامبارعا جالعاسقان، سوپىلىق ءتاريقات دەگەن وسى، ءتاريقات اۋەلى ساحابالاردان، ءسايدينا ابۋباكىر سىدىق نەمەسە ءسايدينا اليدەن كەلدى، ساحابالاردان تابيعيندارعا، ولاردان تابي ءال-تابيعيندارعا جالعاسىپ كەلەدى، ءبارى وسىلاي بىر-بىردەن جالعاسىپ كەلمەك، ولار حاليفالىقتى پايعامباردان باستاپ بىر-بىردەن ساتى بويىنشا، ارت-ارتىنان وسىلاي بۇگىنگى كۇنگە دەيىن جالعادى، سوپىلىق ءتاريقات وسى كۇنگە «مەن وسى ءيجازانى الدىم، ەندى بۇل ءيجازادان ساعان ءيجازا بەرەمىن» دەگەن ۇردىسپەن جالعاسىپ جەتتى، ول وسىلاي بىرەۋدەن تاعى بىرەۋگە جالعاندى، سوندىقتان ونىڭ اراسىندا ەش قاتەلىك جوق.

الايدا «ءبىز جاقسى ىستەپ جاتىرمىز، ءتاريقات كەرەك ەمەس» دەيتىندەر باسىندا يسلامدا ازداپ «جاقسى» جۇرگەندەي كورىنەر، ءبىراق ودان سوڭ ونىسى ءۇزىلىپ، جاڭا نارسەلەردى ىستەي باستايتىن بولادى، جاڭا نارسەلەر دەگەن سولاردىڭ وزدەرى ايتىپ جۇرگەن اتالمىش ءبيداعا-دۇر، بيداعا دەگەن ۋاحابي-سالافيلاردىڭ كوزعاراسىندا ايتلىپ جۇرگەندەي «سوپىلىق ءتاريقات بيداعا» دەگەن نارسەلەر ەمەس، ءبىراق ناعىز بيداعا دەگەنىمىز «سوپىلىق ءتاريقاتقا ىلەسپەۋ» دەگەن ءسوز. سوپىلىق ءتاريقات پايعامباردان اقىرزامانعا دەيىن، قازىرەت ماحديگە دەيىن جالعانىلعان شىنجىرعا ۇقسايدى، ءسايدينا ءماحدي قازىرەت كەلگەندە ءشاريعاتتا، ءتاريقاتتا (ءبولىنۋ) بولمايدى. سەبەبى ول كەزدە بارلىعى بىرەۋ بولۋى كەرەك، ول قازىرەت ءسايدينا ءماحدي-دۇر، مىنە اۋليە ءماۋلانا نازىم قازىرەتتىڭ ايتىپ كەلگەندەرى، ءبىراق ادامدار ونى قاتە ءتۇسىنىپ، «قازىردەن باستاپ ءتاريقات جوق بولدى» دەپ ءجۇر، جوق، ولاي ەمەس، ءتاريقات پايعامبارىمىزدان تارتىپ قازىرەت ءسايدينا ماحديگە كۇشتى شىنجىرمەن بىرگە جالعانعان.

اقىرزامانعا جەتكەندە بارلىعى قازىرەت ءماحديعا ەرۋى كەرەك، ول «ابسوليوت مۇجتاحيد»، بۇل دەگەنىمىز ءتاريقات، ءشاريعات، ءمازحاپ ءبارى سوندا ءبىر دەگەندىك، دەمەك بارلىعى ءبىر ءسايدينا ءماحدي الەيحيسالامدا بولادى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ول كەزدە كۇللى دۇنيەدە يسلامنان باسقا ءدىن بولمايدى، ءماحدي قازىرەتتىڭ امىرىنەن باسقا تاعى ءبىر ەكىنشى نارسە بولمايدى، ونداي ەشتەمە بولماق ەمەس، ول ءبىر نارسەنى ءامىر ەتسە، وعان «ءبىز انا ءمازحاب سياقتى نەمەسە مىنا سياقتى بىردەڭە ىستەيمىز» دەگەن نارسەلەر مۇلدەم بولماس، وندايلىق جوق، پايعامباردىڭ جولىنا ەرگەندەر وسىنى ءتۇسىنۋى كەرەك، قازىرەت مۇحامماد ءال-ماحدي پايعامبارىمىزدىڭ جالعاستىرۋشى مۇراگەرى-دۇر، ول ءجايلى پايعامبارىمىز «مەنىڭ اۋلەتىمنەن "مۇحامماد" ەسىمدى كىسى كەلەدى، ونىڭ اكەسىنىڭ اتى مەنىڭ اكەمنىڭ (ابدۋللاھ)، ال ونىڭ اناسىنىڭ اتى مەنىڭ انامنىڭ (ءامينا) ەسىمىمەن ۇقسايدى» دەپ بارشامىزعا جاقسى حابار ايتىپ كەتكەن، ول وسى مۇباراك كىسى-دۇر، بۇل ايتىلعاندار پايعامبارىمىزدىڭ حاديسى، سوندىقتان بۇل ىستەر وسى زاماندا بولادى ياعني ءماحدي الەيحيسالامنىڭ ءداۋىرى، بىزدە وعان بايا بەرىپ، ينشاللا، ونىمەن بىرگە بولاتىن بولامىز، ول كەزدى «ەكىنشى رەتكى باقىت عاسىرى» دەپ اتايدى، بۇل سول كەزدە بولماق، ول عاسىر كۇللى دۇنيە بۇكىل جاقسىلىققا تولى بولاتىن عاسىر.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وسى كەزدەن سوڭ، سەندەر «ءبىز مۇسىلمانبىز، ءبىراق ءبىز باسقا جولعا ەرەمىز» دەپ مۇلدەم ايتا المايسىڭدار، جوق، ول كەزدە جاعداي مۇلدەم بولەك-دۇر، ول كەزدە ءبارى تەك بىرەۋ عانا بولادى، ءقازىر بولا بەرەدى، سەبەبى بىزدە بۇكىل ەلدىڭ ءبارىن ءبىر جەرگە جينار قۇدىرەت جوق، سول ءۇشىن ءار ادام سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرۋى كەرەك ءارى تاريقاتپەن بىرگە ءمازحابقا ەرۋى كەرەك، بۇنى ۇمىتپا ءارى بۇنى قاتە تۇسىنبە، سونىمەن بىرگە ءبىز وسى مىندەتتەرگە قوسا ساحابالاردى قۇمەتتەۋىمىز كەرەك، اسىرەسە ءۇش ساحابا، حۇلافا ءراشيدين ءسايدينا ابۋباكىر، ءسايدينا ومار، ءسايدينا وسمان راديا اللاحۋ انحا، وسى ءۇش ساحابانى، ءبىراق شايتاني ادامدار ولاردى قابىل ەتپەيدى، سەبەبى بۇندا وزدەرىن «ءتاريقاتتانبىز» دەپ اتاعان كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق ولار سولاي دەي تۇرا، وسى ساحابالاردى قۇرمەت قىلمايدى، ءتىپتى ولار حاقىندا جامان جالالى سوزدەردى ايتادى، ال بۇنداي قىلىق ەشقاشان ءتاريقاتتان كەلمەك ەمەس، ول تەك سىرتقى كورنىستە ءتاريقات جانە يسلام بولىپ كورىنۋ عانا، ولار پايعامباردى قۇرمەت قىلمايدى جانە اللا تاعالادان قورىقپايدى. بىزدىڭ جول ءسايدينا ءماحدي الەيحيسالام كەلگەنشە وسىلاي بولا بەرمەك، ال بۇنى قابىل ەتپەيتىندەردىڭ شيپاسى وزگەدە بۇرىن شيپاسى بىتكەندەر سياقتى بىتەتىن بولادى، ولار دا قۇريدى، ول زاماندا ولار قالاي قۇريتىن بولادى؟ اللا تاعالا بىلەدى، قۇدىرەتتى اللا تاعالا ولاردى جوق ەتەدى دە، ولاردىڭ بىرەۋىندە تابا المايتىن بولاسىڭدار، ول داۋىردە ساحابانى، ءاحلۋ-بايتتى (پايعامبار اۋلەتى)، اۋليەلەردى قۇرمەتتەمەيتىن ادامداردىڭ ءبارى جوق بولادى، ولاردىڭ بىرىدە قالماي جويىلادى، ءماحدي قازىرەتتىڭ كەزىندە بۇلاردان بىردە-بىرى قالماي قۇريدى.

ءالحامدۇليللاح، ءبىز پايعامبارىمىزدىڭ ايتقاندارىمەن تاربيەلەيمىز، كىم ونى قابىل ەتسە، جەڭۋشى بولماق، ەڭ العاش توڭمويىندىق ەتكەن شايتان لاعنەتى ەدى، سول سياقتى وسى شايتانمەن بىرگە بولىپ، توڭمويىندىق ەتكەن توڭمويىنداردىڭ شيپاسى بىتەدى، ولار جوق بولادى، ءالحامدۇليللاح، كوپتەگەن ادامدار پايعامبار جولىندا ەمەس ادامداردىڭ ءجايلى ءبىراز بىلە باستادى ءارى ولاردىڭ قانداي ماسەلەلەردى تۋدىرىپ جاتقاندىعىن دا بايقاۋدا، يسلامنىڭ ءبىرىنشى ءارى ەڭ ۇلكەن دۇشپانى سولار، ولار سول قۇرمەت ەتپەيتىندەر جانە ونى قابىل ەتپەيتىندەر، سەبەبى ولار يسلامدى جوعالىتقىسى كەلەدى، ولار شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى جاعىنان الداندى، ولارعا سويلەي المايسىڭ، ولار قابىل ەتپەيدى، ولار تەك ايعايلاپ شۋلايدى، ادامدارعا ەش پايداسى جوق ىستەردى ىستەتتىرىپ قويادى، سونىمەن جۇرتتىڭ ومىرلەرىن ىسىراپ ەتەدى، ولاردىڭ ءحالى اللا تاعالانىڭ مىنا اياتىندا توزاقىلىق ادامدارعا ايتىلعان ىسكە ۇقسار، «قۇي سابىرلى بول يا بولما، ءبارى سەندەرگە ۇقساس، سەندەر تەك ىستەگەن ىستەرىڭنىڭ قارىمجى ناتيجەسىن تاتىپ جاتسىڭدار» (قۇران 52:16) دەلىنەدى، ولار مەيلى سابىر ەتسىن، مەيلى ەتپەسىن، تەك جازا عانا كورەتىن بولادى، ولارعا ەش ساۋاپ بەرىلمەيدى.

اللا تاعالامەن بىرگە بول، ماشايىقتارمەن بىرگە بول، اۋليەلەرمەن بىرگە بول، مۇميندەرمەن بىرگە بول، سوندا بارىپ وسى دۇنيەدە دە اقيرەتتە دە امان بولاسىڭدار، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءتىپتى كاپىرلەردىڭ قابىرىنىڭ ورتاسىندا قالساڭدا، ولار (اللانىڭ پەرىشتەلەرى) سەنى ول ارادان اكەتىپ باسقا جاققا سالاتىن بولادى، بىزدە لەبانوننان (ليۆان) حريستان كىسى بار بولىپ، ولاردىڭ وتباسى حريستاندىقتا وتە كۇشتى ەدى، ول كەيىن مۇسىلمان بولدى، ول بىزگە «ەگەر مەن ولسەم، وتباسىمىز حريستاندا قاتتى بولعاندىقتان مەنى حريستاندار قابىرىنا جەرلەيدى عوي، مەن بۇنى قايتەم؟» دەيتىن، ءالحامدۇليللاح، ماسەلە جوق، پەرىشتەلەر ونى الىپ كەتەتىن بولادى، ينشاللا، ول ءسايدينا ءماحدي الەيحيسالامنىڭ كەزىنە جەتەدى، سەبەبى ول قارتاڭ كىسى ەمەس، جاس كىسى، ول كەزدە ول ەركىندىكتە بولادى، ينشاللا، بارشاڭىزعا راقىمەت.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
https://www.nvrislam.net
https://www.instagram.com/tanirtaw/
http://www.fb.com/tanirtaw

Көрдегі өлікті ауыстыратын періштелер және тәриқатпен мәхди қазірет жәйлі аз сөз
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
1 жыл бұрын 1683
0 пікір
Блог туралы