Өткен 270 жылдағы (1750-2020) Қазақтың жан саны
Өткен 270 жылдағы (1750-2020) Қазақтың жан саны

 Өткен 270 жылдағы (1750-2020) Қазақтың жан саны

Өткен 270 жылдағы (1750-2020) дүние жүзіндегі Қазақ, Монғол, Ұйғыр және Өзбек халықтарының жан саны мәліметі.

1750-1800 жылдар арасында қалмақтың (монғол) жан саны күріт түскен, бұған басты себеп қытайды билеп тұрған шүршіттердің жоңғарияға басып кіріп жоңғарлардың 90% ттен астам жан санын түгелдей қырып жіберуі еді, ол кезде монғолиямен қытайдың монғолиясында тұратын монғолдардың саны аздау еді. Қырғынның алдында жоңғарлардың саны 900 мың шамасында болса, басқа монғол тайпалары 400 мың шамасында болған, оларда көптеген қырғындарға ұшырап отырған әрі басым сандысы шүршіттермен қытайларға сіңіп жоғалған.

1900-1950 жылдар арасында қазақтың жан саны күріт түскен, бұған басты себеп кеңес одағы кезіндегі Қазақстанда тұратын қазақтарға арт-артынан жүргізілген бірнеше реткі ашаршылықпен құғын-сүргін болса, енді бір себебі көп мөлшердегі қазақтар кеңес одағы жағынан 2-дүние ұрысы майданына жіберіліп, олардың басым көп сандысы тірі келе алмаған, майданда қайтыс болған. Осы себептерге байланысты Қазақ халқы 45% жан санынан айырылған.

Қытайдағы қазақтардың 1910-жылы жан саны 190 мың болса, 2020-жылға келгенде олардың жан саны 2 милион айналасында болған, 100 жылда жан саны 11 есе айналасында өскен, олардың осы әр жылдағы өсімі 2.4% болған. Егер 1910-жылдан бері Қазақстан қазағының өсімі де 2.4% болса, бүгінгі жан саны 60 милион болар еді.

Өзбектермен ұйғырлардың 270 жылдағы әр жыл орташа өсімі 1.6% болған, егер қазақтарда осы өсіммен өскен болса, бұл күнде қазақтар 80 милион жан саны бар ірі халық болар еді, ал монғолдар 100 милион халқы бар алып ел болар еді. Алайда бұл екі көшпенді халық 200 жылдан бері үздіксіз ұрыстармен, зор қырғындарға, тәбиғи аппаттармен ашаршылықтарға душар болып жан саны өспей қалған, бұларға қоса бертінгі кезде қазақтардың қалаласуымен осызаманданып аз балалы болудай саналық өзгерістеріде олардың жан санының өспеуіне үлкес қосқан. Бұл факторлардан тыс қазақ және монғол халықтарының ат үстіндегі көшпенді әрі жаугершілік тұрмыс салты, олардың жан санының өсуіне ықпал еткен.

Қолайлылық үшін сандық мәліметтер дөңгеленіп алынды. 

 

وتكەن 270 جىلداعى (1750-2020) قازاقتىڭ جان سانى

وتكەن 270 جىلداعى (1750-2020) دۇنيە جۇزىندەگى قازاق، مونعول، ۇيعىر جانە وزبەك حالىقتارىنىڭ جان سانى مالىمەتى.

1750-1800 جىلدار اراسىندا قالماقتىڭ (مونعول) جان سانى كۇرىت تۇسكەن، بۇعان باستى سەبەپ قىتايدى بيلەپ تۇرعان شۇرشىتتەردىڭ جوڭعارياعا باسىپ كىرىپ جوڭعارلاردىڭ 90% تتەن استام جان سانىن تۇگەلدەي قىرىپ جىبەرۋى ەدى، ول كەزدە مونعوليامەن قىتايدىڭ مونعولياسىندا تۇراتىن مونعولداردىڭ سانى ازداۋ ەدى. قىرعىننىڭ الدىندا جوڭعارلاردىڭ سانى 900 مىڭ شاماسىندا بولسا، باسقا مونعول تايپالارى 400 مىڭ شاماسىندا بولعان، ولاردا كوپتەگەن قىرعىندارعا ۇشىراپ وتىرعان ءارى باسىم ساندىسى شۇرشىتتەرمەن قىتايلارعا ءسىڭىپ جوعالعان.

1900-1950 جىلدار اراسىندا قازاقتىڭ جان سانى كۇرىت تۇسكەن، بۇعان باستى سەبەپ كەڭەس وداعى كەزىندەگى قازاقستاندا تۇراتىن قازاقتارعا ارت-ارتىنان جۇرگىزىلگەن بىرنەشە رەتكى اشارشىلىقپەن قۇعىن-سۇرگىن بولسا، ەندى ءبىر سەبەبى كوپ مولشەردەگى قازاقتار كەڭەس وداعى جاعىنان 2-دۇنيە ۇرىسى مايدانىنا جىبەرىلىپ، ولاردىڭ باسىم كوپ ساندىسى ءتىرى كەلە الماعان، مايداندا قايتىس بولعان. وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى قازاق حالقى 45% جان سانىنان ايىرىلعان.

قىتايداعى قازاقتاردىڭ 1910-جىلى جان سانى 190 مىڭ بولسا، 2020-جىلعا كەلگەندە ولاردىڭ جان سانى 2 ميليون اينالاسىندا بولعان، 100 جىلدا جان سانى 11 ەسە اينالاسىندا وسكەن، ولاردىڭ وسى ءار جىلداعى ءوسىمى 2.4% بولعان. ەگەر 1910-جىلدان بەرى قازاقستان قازاعىنىڭ ءوسىمى دە 2.4% بولسا، بۇگىنگى جان سانى 60 ميليون بولار ەدى.

وزبەكتەرمەن ۇيعىرلاردىڭ 270 جىلداعى ءار جىل ورتاشا ءوسىمى 1.6% بولعان، ەگەر قازاقتاردا وسى وسىممەن وسكەن بولسا، بۇل كۇندە قازاقتار 80 ميليون جان سانى بار ءىرى حالىق بولار ەدى، ال مونعولدار 100 ميليون حالقى بار الىپ ەل بولار ەدى. الايدا بۇل ەكى كوشپەندى حالىق 200 جىلدان بەرى ۇزدىكسىز ۇرىستارمەن، زور قىرعىندارعا، تابيعي اپپاتتارمەن اشارشىلىقتارعا دۋشار بولىپ جان سانى وسپەي قالعان، بۇلارعا قوسا بەرتىنگى كەزدە قازاقتاردىڭ قالالاسۋىمەن وسىزاماندانىپ از بالالى بولۋداي سانالىق وزگەرىستەرىدە ولاردىڭ جان سانىنىڭ وسپەۋىنە ۇلكەس قوسقان. بۇل فاكتورلاردان تىس قازاق جانە مونعول حالىقتارىنىڭ ات ۇستىندەگى كوشپەندى ءارى جاۋگەرشىلىك تۇرمىس سالتى، ولاردىڭ جان سانىنىڭ وسۋىنە ىقپال ەتكەن.

قولايلىلىق ءۇشىن ساندىق مالىمەتتەر دوڭگەلەنىپ الىندى.

Өткен 270 жылдағы (1750-2020) Қазақтың жан саны
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1170
0 пікір
Блог туралы