Өзгені аңдыма және ғайбат айтпа
Өзгені аңдыма және ғайбат айтпа

https://www.facebook.com/tanirtaw/photos/a.110483467712034/218858586874521/

Өзгені аңдыма және ғайбат айтпа

Алла тағала қасиетті құранда «о, иман келтіргендер, ондай (теріс) жорамалдаудан аулақ болыңдар. Расында, күмандану кінәға жатады, бір-біріңді аңдымаңдар да, өзара ғайбаттаспаңдар.» делінеді. Бұл аят кәрим күллі адамзат үшін болып, иман келтіргендерді өзара бір-бірі жайлы теріс күманда болмауға үндейді. Өзіңді жаман ойдан аулақ ұста, басқалар туралы жаман ойлау нашар істерден, өзара бір-бірлеріңді ғайбаттамаңдар, бұның барлығы соңында өздеріңе жаман ақует алып келетін болады. Бұндайлық істер адамдардың жақсы амалдарын жойып кетеді, сен мейлі соншама көп құлшылықпен жақсы амал жаса, бірақ елді аңдып, оларды ғайбаттасаң бұларыңның бәрінен айырыласың, сондықтан бұл істер ешқашанда істеуге тиісті істерден емес. Сақ болуың керек, бірақ біреудің (жаман) ісін айдай анық білмей жатып, олар туралы жаман ойда болу үлкен қателік, егер олай етсең ол өз кешірімін бермесе, ақиретте оңбай жазаланасың. Сондықтан, шайтан болса, мұсұлмандар арасына күмәнмен жаман пиғылды істерді таратып, бұлік-фитна жасауға құлшынады. Теріс күмандардан сақтану үшін, әркім ненің болғанын және ненің болмағанын анықтап біліп алуы керек. Білместікпен сөйлеу күдік болып табылады, ғайбат-өсекте солай, тіпті сен шындықты айтқан күнде де оның ғайбатқа жатады.

Біз ақырзаман уақытында өмір сүріп жатқандықтан, көптеген әртүрлі істер туылуда. Бұнда егер сен кейбір адамдар жайлы анық білсең, басқаларға ескерту жасауыңа болады. Себебі діннің сырыттай өлшемімен қарағанда діндар көрінгенімен, алайда адамдарды алдайтын әрі онысын өзіне пайдалы деп ойлайтын жандарда кездеседі. Бұл кезде олардың елге зиянды тірлігі жайлы басқаларға ескерту жасау ғайбатқа жатпайды. Себебі ондай адамдардың кесірінен көптеген кісілер шығынға ұшырайды, олардың кесірі себепті адамдардың кейбірі дүние жағынан зиян тартса, көбісі рухани жақтан яғни ақиреттік зиянға батады, ақиретін жоғалтады. Бұндай бұзғыншы адамдар жайлы бәлен-түгілен етуші еді деп, олардың кесірлі істерін басқаларға ескертіп айтуға болады, рухсат берілген. Бұл кезде ол ғайбат саналынбайды, алайда біреудің лаңын немесе істің шын сырын анықта қанық білмей тұрып сөйлеу ғайбатқа жатады, бәрі анық дәлелді болған соң ғана сөйлеу керек. Себебі айтып өткеніміздей, өзің білем деп жүрген ісің мүлден керісі болып шығуыда әбден мүмкін, ал өзің сенбей жүрген адамның ең сенімді нағыз әділ кісі болып шығуыда еш ғажап емес.

Осындай жағдайларға байланысты, басқаларды ескертіп, оларды зияннан сақтандыруың үшін алдымен аталмыш кейіпкер адамың жайлы 100% анықта дұрыс мәлімет біліп ал. Алайда алла тағала адамдарға нәпсіні қосақтап бірге жаратқандықтан, алдамшылықтың түр-түрі әр жерде, әр қоғамда кездеседі. Мәселен, қолфондарымызға сақшы бөлімшелерінен әртүрлі алдамшлылықтарға қатысты хаттармен ескертулер келіп жатады. Сол үшін бұнда ғана емес, әр жерлерде де сақ болған жөн. Біз алдамшылық істейтін адамдарға орай бермеуіміз керек, сонда ғана олар күнә істеуге мүмкіндік ала алмайтын болады. Олар туралы ескертушілер күнәкар болмағай, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.06.03, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

وزگەنى اڭدىما جانە عايبات ايتپا

اللا تاعالا قاسيەتتى قۇراندا «و، يمان كەلتىرگەندەر، ونداي (تەرىس) جورامالداۋدان اۋلاق بولىڭدار. راسىندا، كۇماندانۋ كىناعا جاتادى، ءبىر-ءبىرىڭدى اڭدىماڭدار دا، ءوزارا عايباتتاسپاڭدار.» دەلىنەدى. بۇل ايات كاريم كۇللى ادامزات ءۇشىن بولىپ، يمان كەلتىرگەندەردى ءوزارا ءبىر-ءبىرى جايلى تەرىس كۇماندا بولماۋعا ۇندەيدى. ءوزىڭدى جامان ويدان اۋلاق ۇستا، باسقالار تۋرالى جامان ويلاۋ ناشار ىستەردەن، ءوزارا ءبىر-بىرلەرىڭدى عايباتتاماڭدار، بۇنىڭ بارلىعى سوڭىندا وزدەرىڭە جامان اقۋەت الىپ كەلەتىن بولادى. بۇندايلىق ىستەر ادامداردىڭ جاقسى امالدارىن جويىپ كەتەدى، سەن مەيلى سونشاما كوپ قۇلشىلىقپەن جاقسى امال جاسا، بىراق ەلدى اڭدىپ، ولاردى عايباتتاساڭ بۇلارىڭنىڭ بارىنەن ايىرىلاسىڭ، سوندىقتان بۇل ىستەر ەشقاشاندا ىستەۋگە ءتيىستى ىستەردەن ەمەس. ساق بولۋىڭ كەرەك، بىراق بىرەۋدىڭ (جامان) ءىسىن ايداي انىق بىلمەي جاتىپ، ولار تۋرالى جامان ويدا بولۋ ۇلكەن قاتەلىك، ەگەر ولاي ەتسەڭ ول ءوز كەشىرىمىن بەرمەسە، اقيرەتتە وڭباي جازالاناسىڭ. سوندىقتان، شايتان بولسا، مۇسۇلماندار اراسىنا كۇمانمەن جامان پيعىلدى ىستەردى تاراتىپ، بۇلىك-فيتنا جاساۋعا قۇلشىنادى. تەرىس كۇمانداردان ساقتانۋ ءۇشىن، اركىم نەنىڭ بولعانىن جانە نەنىڭ بولماعانىن انىقتاپ ءبىلىپ الۋى كەرەك. بىلمەستىكپەن سويلەۋ كۇدىك بولىپ تابىلادى، عايبات-وسەكتە سولاي، ءتىپتى سەن شىندىقتى ايتقان كۇندە دە ونىڭ عايباتقا جاتادى.

ءبىز اقىرزامان ۋاقىتىندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، كوپتەگەن ءارتۇرلى ىستەر تۋىلۋدا. بۇندا ەگەر سەن كەيبىر ادامدار جايلى انىق بىلسەڭ، باسقالارعا ەسكەرتۋ جاساۋىڭا بولادى. سەبەبى ءدىننىڭ سىرىتتاي ولشەمىمەن قاراعاندا ءدىندار كورىنگەنىمەن، الايدا ادامداردى الدايتىن ءارى ونىسىن وزىنە پايدالى دەپ ويلايتىن جانداردا كەزدەسەدى. بۇل كەزدە ولاردىڭ ەلگە زياندى تىرلىگى جايلى باسقالارعا ەسكەرتۋ جاساۋ عايباتقا جاتپايدى. سەبەبى ونداي ادامداردىڭ كەسىرىنەن كوپتەگەن كىسىلەر شىعىنعا ۇشىرايدى، ولاردىڭ كەسىرى سەبەپتى ادامداردىڭ كەيبىرى دۇنيە جاعىنان زيان تارتسا، كوبىسى رۋحاني جاقتان ياعني اقيرەتتىك زيانعا باتادى، اقيرەتىن جوعالتادى. بۇنداي بۇزعىنشى ادامدار جايلى بالەن-تۇگىلەن ەتۋشى ەدى دەپ، ولاردىڭ كەسىرلى ىستەرىن باسقالارعا ەسكەرتىپ ايتۋعا بولادى، رۋحسات بەرىلگەن. بۇل كەزدە ول عايبات سانالىنبايدى، الايدا بىرەۋدىڭ لاڭىن نەمەسە ءىستىڭ شىن سىرىن انىقتا قانىق بىلمەي تۇرىپ سويلەۋ عايباتقا جاتادى، ءبارى انىق دالەلدى بولعان سوڭ عانا سويلەۋ كەرەك. سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءوزىڭ بىلەم دەپ جۇرگەن ءىسىڭ مۇلدەن كەرىسى بولىپ شىعۋىدا ابدەن مۇمكىن، ال ءوزىڭ سەنبەي جۇرگەن ادامنىڭ ەڭ سەنىمدى ناعىز ءادىل كىسى بولىپ شىعۋىدا ەش عاجاپ ەمەس.

وسىنداي جاعدايلارعا بايلانىستى، باسقالاردى ەسكەرتىپ، ولاردى زياننان ساقتاندىرۋىڭ ءۇشىن الدىمەن اتالمىش كەيىپكەر ادامىڭ جايلى 100% انىقتا دۇرىس مالىمەت ءبىلىپ ال. الايدا اللا تاعالا ادامدارعا ءناپسىنى قوساقتاپ بىرگە جاراتقاندىقتان، الدامشىلىقتىڭ ءتۇر-ءتۇرى ءار جەردە، ءار قوعامدا كەزدەسەدى. ماسەلەن، قولفوندارىمىزعا ساقشى بولىمشەلەرىنەن ءارتۇرلى الدامشلىلىقتارعا قاتىستى حاتتارمەن ەسكەرتۋلەر كەلىپ جاتادى. سول ءۇشىن بۇندا عانا ەمەس، ءار جەرلەردە دە ساق بولعان ءجون. ءبىز الدامشىلىق ىستەيتىن ادامدارعا وراي بەرمەۋىمىز كەرەك، سوندا عانا ولار كۇنا ىستەۋگە مۇمكىندىك الا المايتىن بولادى. ولار تۋرالى ەسكەرتۋشىلەر كۇناكار بولماعاي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.06.03، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Өзгені аңдыма және ғайбат айтпа
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
1 ай бұрын 731
0 пікір
Блог туралы