Өзіңмен қатысыз нәрселерге араласпау ақылдылық
Өзіңмен қатысыз нәрселерге араласпау ақылдылық

Өзіңмен қатысыз нәрселерге араласпау ақылдылық

https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/312305240863188

Пайғамбарымыз «Біреудің исламдағы кемелділікке жетуіндегі бір бөлшек - оның өзімен қатысыз нәрселерге араласпауы.» дейді, мұсылмандардың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін және исламдағы толық кемелділікке жетуі үшін істелінетін істер бар, сондағы бір іс өзіңмен қатысы жоқ нәрселерді тастауың және оған араласпауың болмақ. Адамдар өз қателігін көрмейді, бірақ басқалардың қателігін көргіш келеді, олар «ол адам андай, бұл адам сондай.» дейді, алайда бұлар сенімен қатысы жоқ істер, бұлайша елдің мінін тергенше, ең алдымен өзіңді түзеп алуың керек, қалғанын солардың істегендерін өзіңде істемейтін болғанда көр, бірақ қажетсіз істерге араласпау сен үшін ең жақсы болмақ, қатысыз іске шатыспаған жөн.

«Жақсылықты хош көріп қолдау, жамандықты жек көріп шектеу.», бұл бөлек шаруа, бірақ адамдар еш ойланбастан «ол сондай, кім екенін көрген шығарсың.» деп айтады, бұл адамдарға әдет болып кеткен, кейбіреулер басқаларға ақыл айтқыш, бірақ олар өздерінің кім екендігіне бір көз сап қоймайды, өздерін бейне мінсіз періштедей көреді, шындығында, олардың өз бойындағы міндері өздері мінеп отырған адамдардікінен мыңдаған есе көп болып, өз міндері өздеріне жетіп артылады. Өзіңмен қатсыз болған істерге араласпау және қажетсіз нәрселерден аулақ болу - сопылық тәриқат жолындағы ең бірінші қағида, сондықтан біз алла тағалаға шүкіршіліктер айтуымыз керек, тәриқат жолы - пайғамбарымыздың жүрген жолы, әдемі жол. Нақшыбанд тәриқатында «назар бар қадам» яғни «назарың қадамыңда болсын.» дейді, бұның мағанасы «көзіңді төмен салып қадамыңа қара да, басыңды көтеріп басқалардың қатесіне қарама.» деген сөз, бұл маңызды түйіннің бірі.

Пайғамбарымыздың хадистерімен сөздері біздің жолды жарықтандыра түсетін нұр, олар қысқа ғана, бірақ адамдарға не істеу керектігін айнытпай дәл жеткізеді. Бұндағы түйін ешнәрсені білмей тұрып, сағаттап ұзын сонар әңгіме айтпастық. Хадис шәрифтер қысқа сөйлемдермен тұрады, сонымен бірге адамдар оны түсіне алады, хадис шәрифтердің адамдарға берер пайдасы мол болып, ол адамдар үшін табылмас ақыл-кеңестерден тұрады, кім оған ерсе бақытқа жетеді, ал кім оған ермей өзінен басқа өзгелердің бәрінің қателігіне көз сүзіп жүрсе, ол адам өзіне өзі зиян салған адам болмақ, оған келер залал тек рухани жақтан ғана болып қоймай физикалық тәндік тұрғысынан да келмек, адамдағы «көре алмастық» атты кесел оның жанын ғана емес тәнін де жараламақ, тіпті өлтірмек. Алла тағала баршамызды нәпсімізге реформа жүргізіп, оны меңгере білуге нәсіп еткей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

وزىڭمەن قاتىسىز نارسەلەرگە ارالاسپاۋ اقىلدىلىق (2021.11.16)

پايعامبارىمىز «بىرەۋدىڭ يسلامداعى كەمەلدىلىككە جەتۋىندەگى ءبىر بولشەك - ونىڭ وزىمەن قاتىسىز نارسەلەرگە ارالاسپاۋى.» دەيدى، مۇسىلمانداردىڭ جاقسى تۇلعا بولىپ قالىپتاسۋى ءۇشىن جانە يسلامداعى تولىق كەمەلدىلىككە جەتۋى ءۇشىن ىستەلىنەتىن ىستەر بار، سونداعى ءبىر ءىس وزىڭمەن قاتىسى جوق نارسەلەردى تاستاۋىڭ جانە وعان ارالاسپاۋىڭ بولماق. ادامدار ءوز قاتەلىگىن كورمەيدى، بىراق باسقالاردىڭ قاتەلىگىن كورگىش كەلەدى، ولار «ول ادام انداي، بۇل ادام سونداي.» دەيدى، الايدا بۇلار سەنىمەن قاتىسى جوق ىستەر، بۇلايشا ەلدىڭ ءمىنىن تەرگەنشە، ەڭ الدىمەن ءوزىڭدى تۇزەپ الۋىڭ كەرەك، قالعانىن سولاردىڭ ىستەگەندەرىن وزىڭدە ىستەمەيتىن بولعاندا كور، بىراق قاجەتسىز ىستەرگە ارالاسپاۋ سەن ءۇشىن ەڭ جاقسى بولماق، قاتىسىز ىسكە شاتىسپاعان ءجون.

«جاقسىلىقتى حوش كورىپ قولداۋ، جاماندىقتى جەك كورىپ شەكتەۋ.»، بۇل بولەك شارۋا، بىراق ادامدار ەش ويلانباستان «ول سونداي، كىم ەكەنىن كورگەن شىعارسىڭ.» دەپ ايتادى، بۇل ادامدارعا ادەت بولىپ كەتكەن، كەيبىرەۋلەر باسقالارعا اقىل ايتقىش، بىراق ولار وزدەرىنىڭ كىم ەكەندىگىنە ءبىر كوز ساپ قويمايدى، وزدەرىن بەينە ءمىنسىز پەرىشتەدەي كورەدى، شىندىعىندا، ولاردىڭ ءوز بويىنداعى مىندەرى وزدەرى مىنەپ وتىرعان ادامداردىكىنەن مىڭداعان ەسە كوپ بولىپ، ءوز مىندەرى وزدەرىنە جەتىپ ارتىلادى. وزىڭمەن قاتسىز بولعان ىستەرگە ارالاسپاۋ جانە قاجەتسىز نارسەلەردەن اۋلاق بولۋ - سوپىلىق تاريقات جولىنداعى ەڭ ءبىرىنشى قاعيدا، سوندىقتان ءبىز اللا تاعالاعا شۇكىرشىلىكتەر ايتۋىمىز كەرەك، تاريقات جولى - پايعامبارىمىزدىڭ جۇرگەن جولى، ادەمى جول. ناقشىباند تاريقاتىندا «نازار بار قادام» ياعني «نازارىڭ قادامىڭدا بولسىن.» دەيدى، بۇنىڭ ماعاناسى «كوزىڭدى تومەن سالىپ قادامىڭا قارا دا، باسىڭدى كوتەرىپ باسقالاردىڭ قاتەسىنە قاراما.» دەگەن ءسوز، بۇل ماڭىزدى ءتۇيىننىڭ ءبىرى.

پايعامبارىمىزدىڭ حاديستەرىمەن سوزدەرى ءبىزدىڭ جولدى جارىقتاندىرا تۇسەتىن نۇر، ولار قىسقا عانا، بىراق ادامدارعا نە ىستەۋ كەرەكتىگىن اينىتپاي ءدال جەتكىزەدى. بۇنداعى ءتۇيىن ەشنارسەنى بىلمەي تۇرىپ، ساعاتتاپ ۇزىن سونار اڭگىمە ايتپاستىق. حاديس شاريفتەر قىسقا سويلەمدەرمەن تۇرادى، سونىمەن بىرگە ادامدار ونى تۇسىنە الادى، حاديس شاريفتەردىڭ ادامدارعا بەرەر پايداسى مول بولىپ، ول ادامدار ءۇشىن تابىلماس اقىل-كەڭەستەردەن تۇرادى، كىم وعان ەرسە باقىتقا جەتەدى، ال كىم وعان ەرمەي وزىنەن باسقا وزگەلەردىڭ ءبارىنىڭ قاتەلىگىنە كوز ءسۇزىپ جۇرسە، ول ادام وزىنە ءوزى زيان سالعان ادام بولماق، وعان كەلەر زالال تەك رۋحاني جاقتان عانا بولىپ قويماي فيزيكالىق تاندىك تۇرعىسىنان دا كەلمەك، ادامداعى «كورە الماستىق» اتتى كەسەل ونىڭ جانىن عانا ەمەس ءتانىن دە جارالاماق، ءتىپتى ولتىرمەك. اللا تاعالا بارشامىزدى ناپسىمىزگە رەفورما جۇرگىزىپ، ونى مەڭگەرە بىلۋگە ءناسىپ ەتكەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 1906
0 пікір
Блог туралы