Шындық (ақиқат) және жалғандықтың ара қатынасы
Шындық (ақиқат) және жалғандықтың ара қатынасы

Шындық (ақиқат) және жалғандықтың ара қатынасы

Алла тағала бұл дүниені адамдарға сынақ үшін жаратты әрі адамзатты осында орналастырды. Шындықпен жалғандық әрқашан өзара қарсы, олар ешқашан бірге болмақ емес. Шындық жалғандықпен араласа алмайды, керісіншеде солай, жалғандық шындықпен араласа алмайды, олар әрдайым бір-бірінен бөлініп тұрады. Шындық жалғандықпен бірге болып қалатын ораймен мүмкіндік жоқ, бастары қосылуы мүмкін емес. Ең соңында жеңіске жететіні сөзсіз түрде шындық болып, жалғандық жеңіліске ұшырайды, алайда жалғандық жеңіске жетпек үшін барын сала ұмтылады.

Өкінішке орай, адамзат шындықпен емес, бірақ ұдайы жалғандықпен бірге, көбі жалғандықтың қағидаларды бойынша әрекет етеді, іші қуыс бос нәрселерді өздеріне арқа сүйерлік тиянақ етіп алған. Олар алла тағалаға қарсы көптеген жалған дүниелермен өтірік жасамаларды жасап шықты, әрі бұл жасамаларын басқаларға шындық-ақиқат ретінде қабылдаңдар деп нәсихаттаиды, күшпен мәжбүрлейді. Олар қараны ақ, жақсыны жаман, ал қателікке ұрындыратын барлық нәрселерді дұрыс етіп көрсетуде. Олар өз әлінше бар қолынан келетінін істеп көрсін, алайда түбінде шындық өзінің кім екендігін танытады. 

Алла тағала құран әзиму шанда, бисмиллахир рахманир рахим, «وَقُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ» яғни « ... шындық келіп, жалғандық жойылады де ... » (17-сүре 81 аят) дейді. Шындық келгенде, жалғандық өз құнын жоғалтып, оған орын қалмайды да, өлімішті болады. Сондықтан, мұсұлман болған адам ешқашан үмітсіздіктерге бармау керек. Еш күмансіз түрде, шындық алла тағаламен бірге, ешқандай нәрсе алла тағалаға және оның билігіне қарсы келе алмайды.

Біз ақырзаман уақытында өмір сүріп жатқандықтан, көптеген фитналарға дөп келдік. Әсіресе мұсұлмандардың басына келген зұлымдық өзінің ең жоғарғы шегіне жетті, бұл жалғандықтың адамдарға алып келген зардабының көрнісітерінен. Шындық жамандық істемейді, ол әділдікпен бірге, ал жалғандықтың ішінде әділдік болмайды, тек зұлымдық болады. Қайда зұлымдық болса, ол араға жақсылық келмек емес, зұлымдық жасаушылар ешнәрсе ұта алмайды, оның зұлымдығы себепті оған келетін бар жақсылықтың жолы кесіледі.

Мәлім пенде азап тарта бастағанда, бұл езілушінің азабы алла тағаланың күрсісіне жетеді де, алла тағала өз қалауымен зұлымдыққа ұшыраушыға жәрдем етеді. Біз әрқашан алла тағаламен бірге болуымыз керек, иншалла, басқа ешнәрсе керек емес.


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды

Сілтеме: http://www.nvrislam.net/index.php?post=36
 
 
شىندىق (اقيقات) جانە جالعاندىقتىڭ ارا قاتىناسى
 
اللا تاعالا بۇل دۇنيەنى ادامدارعا سىناق ءۇشىن جاراتتى ءارى ادامزاتتى وسىندا ورنالاستىردى. شىندىقپەن جالعاندىق ءارقاشان ءوزارا قارسى، ولار ەشقاشان بىرگە بولماق ەمەس. شىندىق جالعاندىقپەن ارالاسا المايدى، كەرىسىنشەدە سولاي، جالعاندىق شىندىقپەن ارالاسا المايدى، ولار ءاردايىم بىر-بىرىنەن ءبولىنىپ تۇرادى. شىندىق جالعاندىقپەن بىرگە بولىپ قالاتىن ورايمەن مۇمكىندىك جوق، باستارى قوسىلۋى مۇمكىن ەمەس. ەڭ سوڭىندا جەڭىسكە جەتەتىنى ءسوزسىز تۇردە شىندىق بولىپ، جالعاندىق جەڭىلىسكە ۇشىرايدى، الايدا جالعاندىق جەڭىسكە جەتپەك ءۇشىن بارىن سالا ۇمتىلادى.
 
وكىنىشكە وراي، ادامزات شىندىقپەن ەمەس، ءبىراق ۇدايى جالعاندىقپەن بىرگە، كوبى جالعاندىقتىڭ قاعيدالاردى بويىنشا ارەكەت ەتەدى، ءىشى قۋىس بوس نارسەلەردى وزدەرىنە ارقا سۇيەرلىك تياناق ەتىپ العان. ولار اللا تاعالاعا قارسى كوپتەگەن جالعان دۇنيەلەرمەن وتىرىك جاسامالاردى جاساپ شىقتى، ءارى بۇل جاسامالارىن باسقالارعا شىندىق-اقيقات رەتىندە قابىلداڭدار دەپ ءناسيحاتتايدى، كۇشپەن ماجبۇرلەيدى. ولار قارانى اق، جاقسىنى جامان، ال قاتەلىككە ۇرىندىراتىن بارلىق نارسەلەردى دۇرىس ەتىپ كورسەتۋدە. ولار ءوز الىنشە بار قولىنان كەلەتىنىن ىستەپ كورسىن، الايدا تۇبىندە شىندىق ءوزىنىڭ كىم ەكەندىگىن تانىتادى. 
 
اللا تاعالا قۇران ءازيمۋ شاندا، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَقُلْ ءجَاَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ» ياعني « ... شىندىق كەلىپ، جالعاندىق جويىلادى دە ... » (17-سۇرە 81 ايات) دەيدى. شىندىق كەلگەندە، جالعاندىق ءوز قۇنىن جوعالتىپ، وعان ورىن قالمايدى دا، ءولىمىشتى بولادى. سوندىقتان، مۇسۇلمان بولعان ادام ەشقاشان ۇمىتسىزدىكتەرگە بارماۋ كەرەك. ەش كۇمانسىز تۇردە، شىندىق اللا تاعالامەن بىرگە، ەشقانداي نارسە اللا تاعالاعا جانە ونىڭ بيلىگىنە قارسى كەلە المايدى.
 
بىز اقىرزامان ۋاقىتىندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، كوپتەگەن فيتنالارعا ءدوپ كەلدىك. اسىرەسە مۇسۇلمانداردىڭ باسىنا كەلگەن زۇلىمدىق ءوزىنىڭ ەڭ جوعارعى شەگىنە جەتتى، بۇل جالعاندىقتىڭ ادامدارعا الىپ كەلگەن زاردابىنىڭ كورنىسىتەرىنەن. شىندىق جاماندىق ىستەمەيدى، ول ادىلدىكپەن بىرگە، ال جالعاندىقتىڭ ىشىندە ادىلدىك بولمايدى، تەك زۇلىمدىق بولادى. قايدا زۇلىمدىق بولسا، ول اراعا جاقسىلىق كەلمەك ەمەس، زۇلىمدىق جاساۋشىلار ەشنارسە ۇتا المايدى، ونىڭ زۇلىمدىعى سەبەپتى وعان كەلەتىن بار جاقسىلىقتىڭ جولى كەسىلەدى.
 
مالىم پەندە ازاپ تارتا باستاعاندا، بۇل ەزىلۋشىنىڭ ازابى اللا تاعالانىڭ كۇرسىسىنە جەتەدى دە، اللا تاعالا ءوز قالاۋىمەن زۇلىمدىققا ۇشىراۋشىعا جاردەم ەتەدى. ءبىز ءارقاشان اللا تاعالامەن بىرگە بولۋىمىز كەرەك، ينشاللا، باسقا ەشنارسە كەرەك ەمەس.
 
 
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني
 
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق ء#دىن ء#تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى
 
سىلتەمە: http://www.nvrislam.net/index.php?post=36
Шындық (ақиқат) және жалғандықтың ара қатынасы
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 2000
0 пікір
Блог туралы