Ұстазың болсын, пірсіз жүрме
Ұстазың болсын, пірсіз жүрме

Ұстазың болсын, пірсіз жүрме

https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/121465803280467

Өмірде ұстазың болсын, пір тұт, мүршитке ер, онсыз етпек болған сапарың қиындықтарға, үрейге және хауыпке толы болмақ. Бетке алған ұзақ сапарыңда жол көрсетушы болмаса, жолыңнан адасасың. Аллаға барар жолға жалғыз шықпа.

- Әулие ақын Маулана Руми

Ұстазсыз, пірсіз жүрген пенде бір күнде жүретін жолды жүз жыл жүреді.

- Әулие ақын Маулана Руми

Абай (Ибрахиым) атамызда "ұстазсыз (пірсіз) шәкірт тұл" десе, ал пайғамбардан жеткен ақыляда "ұстазы (пірі) жоқтың ұстазы шайтан" делінген. Пайғамбарымызда жебірейіл періштенің нұсқау көмегімен құранды алды, үйренді әрі еруші сахабаларға пайғамбар исламды, иманды және ізгілікті үйретті.

Машинамен бұрын барып көрмеген алыс жаққа сапарласақ GPS-ті істетіп, оның жол көрсеткіші арқылы, жолдан адаспай, діттеген жерге жетеміз.

Зеңгір көкте ұшқан ұшақта әуедегі ұзақ сапарда GPS пен радардың көмегінде алған бағдарынан адаспай, мақсатты жеріне жетеді. Радар көмегі болмаса бұл ұшақ тауға немесе қасат бұлытқа соғылып шағылар, яки шетсіз-шексіз әуеде бағдарсыз қаңғып мерт болар.

Сәбиде ата-анасының көмегі, жол көрсетуы және қорғауы астында алаңсыз ержетіп, тән және рухани жақтардан ақаусыз есейеді.

Бала оқушыда ұстаз мұғалымдерінің жол көрсетуімен үйретуінің арқасында, білімін ұштап үлкен мектептерге түседі. Олар универлердеде ұстазының көмегінде оқуын сәтті тамамдайды. Ол ғалым болу үшінде, алдымен ғалымды пір тұтып, соның көмегімен жетістікке жетеді. Ғалым болу үшін, алдымен бір ғалымды пір тұт.

Аллаға барар жолда ұзақ сапар іспеттес, бұл ұзақ жолда бағыт-бағдар көрсетіп тұратын ұстаз мүршитіңіз болмаса, жолыңызда адасасыз.

Жәй тірліктер үшін бағыт бағдаршыға, жол көрсетушімен үйретушіге жүгінетін біздер, неліктен дүние ісінен әлдеқайда маңызды болған рухани өмір жолымыз үшін, дін-иман жолымыз үшін ұстазды қажетсінбеуіміз керек?

Атаның мұрасын жалғастырушы баласы болса, пайғамбар рухани мұрасын жалғастырушылар - әулиелер, ізгі ғұламалар және даналар.

Рухани өмір сапарыңызбен дін-иман жолыңызға пайғамбардың осы мұрагерлерін өзіңізге ұстаз пір тұтып, медет еткін. Әйтпесе бұл ұзақ сапарда нәпсіңіздің, шайтанның, дүниенің және хауаның шабуылына ұшырап АЛЛАҒА жете алмай, пайғамбар жолынан ауытқып кетерсіз.

 

ۇستازىڭ بولسىن، ءپىرسىز جۇرمە

ومىردە ۇستازىڭ بولسىن، ءپىر تۇت، مۇرشيتكە ەر، ونسىز ەتپەك بولعان ساپارىڭ قيىندىقتارعا، ۇرەيگە جانە حاۋىپكە تولى بولماق. بەتكە العان ۇزاق ساپارىڭدا جول كورسەتۋشى بولماسا، جولىڭنان اداساسىڭ. اللاعا بارار جولعا جالعىز شىقپا.

- اۋليە اقىن ماۋلانا رۋمي

ۇستازسىز، ءپىرسىز جۇرگەن پەندە ءبىر كۇندە جۇرەتىن جولدى ءجۇز جىل جۇرەدى.

- اۋليە اقىن ماۋلانا رۋمي

اباي (يبراحيىم) اتامىزدا "ۇستازسىز ء(پىرسىز) شاكىرت تۇل" دەسە، ال پايعامباردان جەتكەن اقىليادا "ۇستازى ء(پىرى) جوقتىڭ ۇستازى شايتان" دەلىنگەن. پايعامبارىمىزدا جەبىرەيىل پەرىشتەنىڭ نۇسقاۋ كومەگىمەن قۇراندى الدى، ۇيرەندى ءارى ەرۋشى ساحابالارعا پايعامبار يسلامدى، يماندى جانە ىزگىلىكتى ۇيرەتتى.

ماشينامەن بۇرىن بارىپ كورمەگەن الىس جاققا ساپارلاساق ءGPS-تى ىستەتىپ، ونىڭ جول كورسەتكىشى ارقىلى، جولدان اداسپاي، دىتتەگەن جەرگە جەتەمىز.

زەڭگىر كوكتە ۇشقان ۇشاقتا اۋەدەگى ۇزاق ساپاردا GPS پەن راداردىڭ كومەگىندە العان باعدارىنان اداسپاي، ماقساتتى جەرىنە جەتەدى. رادار كومەگى بولماسا بۇل ۇشاق تاۋعا نەمەسە قاسات بۇلىتقا سوعىلىپ شاعىلار، ياكي شەتسىز-شەكسىز اۋەدە باعدارسىز قاڭعىپ مەرت بولار.

سابيدە اتا-اناسىنىڭ كومەگى، جول كورسەتۋى جانە قورعاۋى استىندا الاڭسىز ەرجەتىپ، ءتان جانە رۋحاني جاقتاردان اقاۋسىز ەسەيەدى. بالا وقۋشىدا ۇستاز مۇعالىمدەرىنىڭ جول كورسەتۋىمەن ۇيرەتۋىنىڭ ارقاسىندا، ءبىلىمىن ۇشتاپ ۇلكەن مەكتەپتەرگە تۇسەدى. ولار ۋنيۆەرلەردەدە ۇستازىنىڭ كومەگىندە وقۋىن ءساتتى تامامدايدى. ول عالىم بولۋ ۇشىندە، الدىمەن عالىمدى ءپىر تۇتىپ، سونىڭ كومەگىمەن جەتىستىككە جەتەدى. عالىم بولۋ ءۇشىن، الدىمەن ءبىر عالىمدى ءپىر تۇت.

اللاعا بارار جولدا ۇزاق ساپار ىسپەتتەس، بۇل ۇزاق جولدا باعىت-باعدار كورسەتىپ تۇراتىن ۇستاز ءمۇرشيتىڭىز بولماسا، جولىڭىزدا اداساسىز. جاي تىرلىكتەر ءۇشىن باعىت باعدارشىعا، جول كورسەتۋشىمەن ۇيرەتۋشىگە جۇگىنەتىن بىزدەر، نەلىكتەن دۇنيە ىسىنەن الدەقايدا ماڭىزدى بولعان رۋحاني ءومىر جولىمىز ءۇشىن، ءدىن-يمان جولىمىز ءۇشىن ۇستازدى قاجەتسىنبەۋىمىز كەرەك؟

اتانىڭ مۇراسىن جالعاستىرۋشى بالاسى بولسا، پايعامبار رۋحاني مۇراسىن جالعاستىرۋشىلار - اۋليەلەر، ىزگى عۇلامالار جانە دانالار. رۋحاني ءومىر ساپارىڭىزبەن ءدىن-يمان جولىڭىزعا پايعامباردىڭ وسى مۇراگەرلەرىن وزىڭىزگە ۇستاز ءپىر تۇتىپ، مەدەت ەتكىن. ايتپەسە بۇل ۇزاق ساپاردا ءناپسىڭىزدىڭ، شايتاننىڭ، دۇنيەنىڭ جانە حاۋانىڭ شابۋىلىنا ۇشىراپ اللاعا جەتە الماي، پايعامبار جولىنان اۋىتقىپ كەتەرسىز.

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 2474
0 пікір
Блог туралы