Алла мейрімі құлшылығыңмен қатыссыз
Алла мейрімі құлшылығыңмен қатыссыз
Егер бір адам Алла тағаланың барлық жаратқан пенделеріне төккен мейірімі олардың еткен құлшылықтарымен еш қатыссыз екенін түсіне білсе, ол адам ӘДЕПТІЛІКПЕН ЖАҚСЫ ИБА-ІЗЗЕТКЕ жеткен болады.
Адамның өмір бойы еткен құлшылығының құны Алла тағаланың жіберген теңіздей ИЛАХИ жомарттығының бір тамшысындай ғана, ендеше осылай бола тұра, адамдар қалай ғана өздерінің еткен құлшылықтарына масаттанып мақтануы керек?
"Мен жақсы құлшылық етушімін. Мен Алланың жақсы пендесімін, ал басқалар жаман." деу әрбір адам үшін ең нашар істерден болып, шайтанның жолынан болмақ-дүр. Бұл айтылған сөздер АЛЛАҒА сиынған дін ұстанған адамдар үшін бір жақсы сабақ.
Ешқашанда оқыған намаз, ұстаған ораза, жасаған қажылық, жіберген сақал және сан құлаш сәлделі үлкен тұрбан үшін мақтануға немесе риялық етуге болмайды. Бұлар ештеңеге татымайды.
Алланың рақымы әлдеқашан сіздің қажеттілігіңізден асырылған түрде сізге тоқтаусыз құйылуда әрі ол рақым сіз ұнатпайтын адамдардың үстінеде үзілместен құйыла бермек.
"Бұндай ақиқатты білушілік бізді сыпайлықпен кішпейілдікке бастайды. Біздің ешқайсымызға адамдарды жаннатқа немесе тозаққа салу ұқығы берілмеген.".
Алайда, біз Алла тағалаға ОҒАН деген ыстық ықыласты рақыметімізді, махаббатқа толы жақсы әдеп-ибамызбен іззеттілігімізді білдіру үшін құлшылық етеміз. Біз әр сәт сайын Алланың мейріміне мұқтажбыз, онсыз ештеңе өз орнында болмақ емес.
 
- Әулие Маулана Шайық Назым Әділ Хаққани (Ердоғанның пір ұстазы)
 
اللا مەيرىمى قۇلشىلىعىڭمەن قاتىسسىز
 
ەگەر ءبىر ادام اللا تاعالانىڭ بارلىق جاراتقان پەندەلەرىنە توككەن مەيىرىمى ولاردىڭ ەتكەن قۇلشىلىقتارىمەن ەش قاتىسسىز ەكەنىن تۇسىنە بىلسە، ول ادام ادەپتىلىكپەن جاقسى يبا-ىززەتكە جەتكەن بولادى.
ادامنىڭ ءومىر بويى ەتكەن قۇلشىلىعىنىڭ قۇنى اللا تاعالانىڭ جىبەرگەن تەڭىزدەي يلاحي جومارتتىعىنىڭ ءبىر تامشىسىنداي عانا، ەندەشە وسىلاي بولا تۇرا، ادامدار قالاي عانا وزدەرىنىڭ ەتكەن قۇلشىلىقتارىنا ماساتتانىپ ماقتانۋى كەرەك؟
"مەن جاقسى قۇلشىلىق ەتۋشىمىن. مەن اللانىڭ جاقسى پەندەسىمىن، ال باسقالار جامان." دەۋ ءاربىر ادام ءۇشىن ەڭ ناشار ىستەردەن بولىپ، شايتاننىڭ جولىنان ءبولماق-دۇر. بۇل ايتىلعان سوزدەر اللاعا سيىنعان ءدىن ۇستانعان ادامدار ءۇشىن ءبىر جاقسى ساباق.
ەشقاشاندا وقىعان ناماز، ۇستاعان ورازا، جاساعان قاجىلىق، جىبەرگەن ساقال جانە سان قۇلاش سالدەلى ۇلكەن تۇربان ءۇشىن ماقتانۋعا نەمەسە ريالىق ەتۋگە بولمايدى. بۇلار ەشتەڭەگە تاتىمايدى.
اللانىڭ راقىمى الدەقاشان ءسىزدىڭ قاجەتتىلىگىڭىزدەن اسىرىلعان تۇردە سىزگە توقتاۋسىز قۇيىلۋدا ءارى ول راقىم ءسىز ۇناتپايتىن ادامداردىڭ ۇستىنەدە ۇزىلمەستەن قۇيىلا بەرمەك.
"بۇنداي اقيقاتتى بىلۋشىلىك ءبىزدى سىپايلىقپەن كىشپەيىلدىككە باستايدى. ءبىزدىڭ ەشقايسىمىزعا ادامداردى جانناتقا نەمەسە توزاققا سالۋ ۇقىعى بەرىلمەگەن.".
الايدا، ءبىز اللا تاعالاعا وعان دەگەن ىستىق ىقىلاستى راقىمەتىمىزدى، ماحابباتقا تولى جاقسى ادەپ-يبامىزبەن ىززەتتىلىگىمىزدى ءبىلدىرۋ ءۇشىن قۇلشىلىق ەتەمىز. ءبىز ءار ءسات سايىن اللانىڭ مەيرىمىنە مۇقتاجبىز، ونسىز ەشتەڭە ءوز ورنىندا بولماق ەمەس.
 
- اۋليە ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل حاققاني (ەردوعاننىڭ ءپىر ۇستازى)

 

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 2065
0 комментариев
Прямой эфир