Әркім пайғамбарымызды үлгі етісін
Әркім пайғамбарымызды үлгі етісін

Әркім пайғамбарымызды үлгі етісін
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/220046956755684

Мүбарак пайғамбарымыз күллі қиыншылық атаулының бәріне көне білді, осы себепті бізде оның үмбеті ретінде басымыздан осындай көптеген қиыншылықтарды өткеретін боламыз. Ең үлкен қиыншылықтар пайғамбарымыздың кезінде болған еді, ол кездер мұсұлмандар үшін аса бір машақатты уақыттар болатұғын. Ислам діні ең алғаш араптар арасындағы пайғамбарымыздың тайпасында тарала бастады. Исламнан бұрынғы ерте заманда араптардың да дұрыс жолдағы хақ діні болған, бірақ олар оны ұмытып, бұтқа табынатын қауымға өзгеріп кеткен, олар өз қалауларына ерді де, хақ діндерін тастап, кәпірлерге айналды. Пайғамбарымыз араптарға хақ жолға қайтыңдар деп айтқанда, олар пайғамбарымызға зор нәубет-қиыншылықтар жасап, оған кедергілік жасайды, олар көптеген қаскүнемдіктермен жауыздықтарды мейлінше істеп бағады, ал пайғамбарымыз болса, өте мейрімділігі себепті, олардың бұнысына жақсылықпен жауап қайтарып, сабырлылық көрсетеді. Бұдан соң пайғамбарымыз Мәдинаға көшіп кетеді, бірақ бұнда да оңай болмады, бұл жерде де пайғамбарымыз барлық қиындықтарға сол сабырлылық қалпымен мәміле жасап, бізге иманымызға әр қандай жағдай астында да берік бола білудің әдемі үлгісін үйретіп кетті.

Қазіргі кезде адамдар қиыншылыққа алғаш жолыға қалса, оған қарсы бар қолынан келетінін істейді де, сонан соң одан бет бұрып, тайқып қаша жөнеледі, екінші қайта келуге батына алмайды, қашарға ең оңтайлы жолмен зытып береді, бұндай «қашқындық» жақсы нәрсе емес. Бұнда сен өзінің қас жауың нәпсіңе қарсы жихат-күресте жүрсің, шайқаста жаудан қашу ең үлкен күналардың бірінен-дүр, себебі сен қашссаң бүккіл армия-қосынға кері әсер етесің де, күллі қосынның шайқаста жаудан жеңілуіне мұрындық болуың әбден мүмкін. Шайқас-жихаттың екі түрі бар, бірі үлкен шайқас, енді бірі кіші шайқас. Мұндағы үлкен жихат дегеніміз өзіңнің нәпсіңмен болған жихат, нәпсіңмен күрескенде, ешқашан арқаңды көрсетіп қашып кетуші болма, еш тайсалмастан оған қарсы қиян-кескі күрес алып бар.

Біздің қасиетті пайғамбарымыз тұтас өмір бойы руханият әлемі ішінде және нәпсіге қарсы жихат-күрес жасады. Пайғамбарымыздың нәпсісі мұсұлман еді, сондықтан ол бізге өз нәпсімізге қарсы жихат жасауды өсиеттеген. Пайғамбарымыздың көрсеткен мұғжизаларымен кереметтері оның ұлы пайғамбарлығына дәлел еді, пайғамбарымызда ең жақсы әрі ең асыл нәрселерді еш сұрамастан-ақ ала беретін кереметтер көп болатын, сонымен бірге пайғамбарымыз алла тағаланың ең сүйікті абзалы еді, ұлы жаратушы оның сұрағанын беретіні еш шүбәсіз-ды. Алайда пайғамбарымыз адамдарға үлгі болуы үшін, ол нәрселерді қабыл етпеді де, өте қарапайым өмір өткізді, мейлі қандай нашар әлсіз хәлде болсада ешнәрсе сұраған емес, пайғамбарымыздың мақам-дәрежесі осылайша ең биік дәрежеге көтерілген.

Алла тағала біздерді асыл пайғамбарымыздың сара жолына ілесіп, осы аса сұлу жолдан еш таймай үздіксіз жүре беруге нәсіп еткей, иншалла. Біз соншалықты төзімді жандар емеспіз, алла тағала өзі жәрдемші болғай, ұлы жаратушымыз бізді сынақтарыңмен сынай көрме.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.07.05, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

اركىم پايعامبارىمىزدى ۇلگى ەتىسىن

مۇباراك پايعامبارىمىز كۇللى قيىنشىلىق اتاۋلىنىڭ بارىنە كونە ءبىلدى، وسى سەبەپتى بىزدە ونىڭ ۇمبەتى رەتىندە باسىمىزدان وسىنداي كوپتەگەن قيىنشىلىقتاردى وتكەرەتىن بولامىز. ەڭ ۇلكەن قيىنشىلىقتار پايعامبارىمىزدىڭ كەزىندە بولعان ەدى، ول كەزدەر مۇسۇلماندار ءۇشىن اسا ءبىر ماشاقاتتى ۋاقىتتار بولاتۇعىن. يسلام ءدىنى ەڭ العاش اراپتار اراسىنداعى پايعامبارىمىزدىڭ تايپاسىندا تارالا باستادى. يسلامنان بۇرىنعى ەرتە زاماندا اراپتاردىڭ دا دۇرىس جولداعى حاق ءدىنى بولعان، بىراق ولار ونى ۇمىتىپ، بۇتقا تابىناتىن قاۋىمعا وزگەرىپ كەتكەن، ولار ءوز قالاۋلارىنا ەردى دە، حاق دىندەرىن تاستاپ، كاپىرلەرگە اينالدى. پايعامبارىمىز اراپتارعا حاق جولعا قايتىڭدار دەپ ايتقاندا، ولار پايعامبارىمىزعا زور ناۋبەت-قيىنشىلىقتار جاساپ، وعان كەدەرگىلىك جاسايدى، ولار كوپتەگەن قاسكۇنەمدىكتەرمەن جاۋىزدىقتاردى مەيلىنشە ىستەپ باعادى، ال پايعامبارىمىز بولسا، وتە مەيرىمدىلىگى سەبەپتى، ولاردىڭ بۇنىسىنا جاقسىلىقپەن جاۋاپ قايتارىپ، سابىرلىلىق كورسەتەدى. بۇدان سوڭ پايعامبارىمىز ماديناعا كوشىپ كەتەدى، بىراق بۇندا دا وڭاي بولمادى، بۇل جەردە دە پايعامبارىمىز بارلىق قيىندىقتارعا سول سابىرلىلىق قالپىمەن مامىلە جاساپ، بىزگە يمانىمىزعا ءار قانداي جاعداي استىندا دا بەرىك بولا ءبىلۋدىڭ ادەمى ۇلگىسىن ۇيرەتىپ كەتتى.

قازىرگى كەزدە ادامدار قيىنشىلىققا العاش جولىعا قالسا، وعان قارسى بار قولىنان كەلەتىنىن ىستەيدى دە، سونان سوڭ ودان بەت بۇرىپ، تايقىپ قاشا جونەلەدى، ەكىنشى قايتا كەلۋگە باتىنا المايدى، قاشارعا ەڭ وڭتايلى جولمەن زىتىپ بەرەدى، بۇنداي «قاشقىندىق» جاقسى نارسە ەمەس. بۇندا سەن ءوزىنىڭ قاس جاۋىڭ ناپسىڭە قارسى جيحات-كۇرەستە ءجۇرسىڭ، شايقاستا جاۋدان قاشۋ ەڭ ۇلكەن كۇنالاردىڭ بىرىنەن-ءدۇر، سەبەبى سەن قاشسساڭ بۇككىل ارميا-قوسىنعا كەرى اسەر ەتەسىڭ دە، كۇللى قوسىننىڭ شايقاستا جاۋدان جەڭىلۋىنە مۇرىندىق بولۋىڭ ابدەن مۇمكىن. شايقاس-جيحاتتىڭ ەكى ءتۇرى بار، ءبىرى ۇلكەن شايقاس، ەندى ءبىرى كىشى شايقاس. مۇنداعى ۇلكەن جيحات دەگەنىمىز ءوزىڭنىڭ ناپسىڭمەن بولعان جيحات، ناپسىڭمەن كۇرەسكەندە، ەشقاشان ارقاڭدى كورسەتىپ قاشىپ كەتۋشى بولما، ەش تايسالماستان وعان قارسى قيان-كەسكى كۇرەس الىپ بار.

ءبىزدىڭ قاسيەتتى پايعامبارىمىز تۇتاس ءومىر بويى رۋحانيات الەمى ىشىندە جانە ناپسىگە قارسى جيحات-كۇرەس جاسادى. پايعامبارىمىزدىڭ ءناپسىسى مۇسۇلمان ەدى، سوندىقتان ول بىزگە ءوز ناپسىمىزگە قارسى جيحات جاساۋدى وسيەتتەگەن. پايعامبارىمىزدىڭ كورسەتكەن مۇعجيزالارىمەن كەرەمەتتەرى ونىڭ ۇلى پايعامبارلىعىنا دالەل ەدى، پايعامبارىمىزدا ەڭ جاقسى ءارى ەڭ اسىل نارسەلەردى ەش سۇراماستان-اق الا بەرەتىن كەرەمەتتەر كوپ بولاتىن، سونىمەن بىرگە پايعامبارىمىز اللا تاعالانىڭ ەڭ سۇيىكتى ابزالى ەدى، ۇلى جاراتۋشى ونىڭ سۇراعانىن بەرەتىنى ەش ءشۇباسىز-دى. الايدا پايعامبارىمىز ادامدارعا ۇلگى بولۋى ءۇشىن، ول نارسەلەردى قابىل ەتپەدى دە، وتە قاراپايىم ءومىر وتكىزدى، مەيلى قانداي ناشار ءالسىز حالدە بولسادا ەشنارسە سۇراعان ەمەس، پايعامبارىمىزدىڭ ماقام-دارەجەسى وسىلايشا ەڭ بيىك دارەجەگە كوتەرىلگەن.

اللا تاعالا بىزدەردى اسىل پايعامبارىمىزدىڭ سارا جولىنا ىلەسىپ، وسى اسا سۇلۋ جولدان ەش تايماي ۇزدىكسىز جۇرە بەرۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا. ءبىز سونشالىقتى ءتوزىمدى جاندار ەمەسپىز، اللا تاعالا ءوزى جاردەمشى بولعاي، ۇلى جاراتۋشىمىز ءبىزدى سىناقتارىڭمەن سىناي كورمە.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.07.05، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف 

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 года назад 1372
0 комментариев
Прямой эфир