Ашура күні қандай күн?
Ашура күні қандай күн?
Ашура күні қандай күн?
 
Имам Ғазали қазірет өзінің Ихия Ұмұл әл-Дин атты еңбегінде «сауаппен игілікке толы күндерде ауыз бекіту тым жақсы қалаулы істерден. Олардың кейбірі әр жылдың, кейбірі әр айдың, ал кейбірі әр аптаның ішінде бар.» деп айтады. Рамазан айынан соң қасиетті саналған күн-айлар:
Арафа күні - Зұл Хижа айының 9-күні.
Ашура күні - Мұхаррам айының 10-күні.
Зұл Хижа айының алғашқы 10 күні.
Мұхаррам айының алғашқы 10 күні.
Ауыз бекітуге арналған басқада қасиетты айлар, Зұл Қида, Зұл Хижа, Мұхаррам және Ражап айлары.
 
Ашура күнінде яғни Мұхаррам айының 10-күні болған уақиғалар тізбегі:
- Алла тағала жәннаттан қуылған Адам атамыздың жасаған тәубесін қабыл етеді.
- Алла тағала Нұқ пайғамбармен оның ерушілерін кемеге шығарды.
- Алла тағала Ибрахим пайғамбар тасталған Нимұрттың отын өшірді.
- Алла тағала Мұса пайғамбарға тіке сөйлеп, оған әмір берді.
- Алла тағала Аюп пайғамбардың ауруын жазды.
- Алла тағала Юсұп пайғамбарды әкесі Яқұп пайғамбармен қауыштырды.
- Алла тағала Юнұс пайғамбарды балықтың ішінен құтқарды.
- Алла тағала теңізді жарып, Мұса пайғамбармен оның Бану-Исрайл жұртын Ферғауыннан құтқарды, ал Ферғауынмен оның әскерлері суға ғарық болып өлді.
- Алла тағала Дәут пайғамбарды кешірді.
- Алла тағала Сүлеймен пайғамбардың патшалығын қайта қалпына келтірді.
- Алла тағала Иса пайғамбарды жәннатқа-көкке көтеріп алып кетті.
- Алла тағала пайғамбарымыздың немересі Хұсейін қазіретке шахиттік мәртебе берді.
 
Ашурада атқарылатын міндеттер:
- Ауыз бекітіп, ораза ұстау. Ашура Мұхаррамның 10-күні, осы күнмен Ашураның алды-арты болған 9- және 11-күндері, осы 3 күн бекітсе жақсы.
- Садақа беру.
- Пайғамбарға көптеп салауат айту, 100 де 1000 рет, бұданда көп айтылса, тіпті жақсы.
- Жақсылық істеу.
- Отбасына көңіл бөліп, балаларына пайғамбарлармен әулиелерден қалған ғибыратты әңгімелер айту.
- Құран оқу, зікір істеу, нәфил намаз оқу.
- Құрбан шалып, кедей-кепшіктерге тарату.
- Тек жақсы сөз айту.
- Жетімнің басын сипау.
- Ғұсұл алу.
- Науқастың көңілін сұрау.
- Өкпе ренішті, жауласуды тастау.
 
 
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
 
 
 
اشۋرا كۇنى قانداي كۇن؟
 
يمام عازالي قازىرەت ءوزىنىڭ يحيا ۇمۇل ءال-دين اتتى ەڭبەگىندە «ساۋاپپەن يگىلىككە تولى كۇندەردە اۋىز بەكىتۋ تىم جاقسى قالاۋلى ىستەردەن. ولاردىڭ كەيبىرى ءار جىلدىڭ، كەيبىرى ءار ايدىڭ، ال كەيبىرى ءار اپتانىڭ ىشىندە بار.» دەپ ايتادى. رامازان ايىنان سوڭ قاسيەتتى سانالعان كۇن-ايلار:
ارافا كۇنى - زۇل حيجا ايىنىڭ 9-كۇنى.
اشۋرا كۇنى - مۇحاررام ايىنىڭ 10-كۇنى.
زۇل حيجا ايىنىڭ العاشقى 10 كۇنى.
مۇحاررام ايىنىڭ العاشقى 10 كۇنى.
اۋىز بەكىتۋگە ارنالعان باسقادا قاسيەتتى ايلار، زۇل قيدا، زۇل حيجا، مۇحاررام جانە راجاپ ايلارى.
 
اشۋرا كۇنىندە ياعني مۇحاررام ايىنىڭ 10-كۇنى بولعان ۋاقيعالار تىزبەگى:
- اللا تاعالا ءجانناتتان قۋىلعان ادام اتامىزدىڭ جاساعان تاۋبەسىن قابىل ەتەدى.
- اللا تاعالا نۇق پايعامبارمەن ونىڭ ەرۋشىلەرىن كەمەگە شىعاردى.
- اللا تاعالا يبراحيم پايعامبار تاستالعان نيمۇرتتىڭ وتىن ءوشىردى.
- اللا تاعالا مۇسا پايعامبارعا تىكە سويلەپ، وعان ءامىر بەردى.
- اللا تاعالا ايۋپ پايعامباردىڭ اۋرۋىن جازدى.
- اللا تاعالا يۋسۇپ پايعامباردى اكەسى ياقۇپ پايعامبارمەن قاۋىشتىردى.
- اللا تاعالا يۋنۇس پايعامباردى بالىقتىڭ ىشىنەن قۇتقاردى.
- اللا تاعالا تەڭىزدى جارىپ، مۇسا پايعامبارمەن ونىڭ بانۋ-يسرايل جۇرتىن فەرعاۋىننان قۇتقاردى، ال فەرعاۋىنمەن ونىڭ اسكەرلەرى سۋعا عارىق بولىپ ءولدى.
- اللا تاعالا ءداۋت پايعامباردى كەشىردى.
- اللا تاعالا سۇلەيمەن پايعامباردىڭ پاتشالىعىن قايتا قالپىنا كەلتىردى.
- اللا تاعالا يسا پايعامباردى جانناتقا-كوككە كوتەرىپ الىپ كەتتى.
- اللا تاعالا پايعامبارىمىزدىڭ نەمەرەسى حۇسەيىن قازىرەتكە شاحيتتىك مارتەبە بەردى.
 
اشۋرادا اتقارىلاتىن مىندەتتەر:
- اۋىز بەكىتىپ، ورازا ۇستاۋ. اشۋرا مۇحاررامنىڭ 10-كۇنى، وسى كۇنمەن اشۋرانىڭ الدى-ارتى بولعان 9- جانە 11-كۇندەرى، وسى 3 كۇن بەكىتسە جاقسى.
- ساداقا بەرۋ.
- پايعامبارعا كوپتەپ سالاۋات ايتۋ، 100 دە 1000 رەت، بۇداندا كوپ ايتىلسا، ءتىپتى جاقسى.
- جاقسىلىق ىستەۋ.
- وتباسىنا كوڭىل ءبولىپ، بالالارىنا پايعامبارلارمەن اۋليەلەردەن قالعان عيبىراتتى اڭگىمەلەر ايتۋ.
- قۇران وقۋ، زىكىر ىستەۋ، ءنافيل ناماز وقۋ.
- قۇربان شالىپ، كەدەي-كەپشىكتەرگە تاراتۋ.
- تەك جاقسى ءسوز ايتۋ.
- جەتىمنىڭ باسىن سيپاۋ.
- عۇسۇل الۋ.
- ناۋقاستىڭ كوڭىلىن سۇراۋ.
- وكپە رەنىشتى، جاۋلاسۋدى تاستاۋ.
 
 
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?post=91

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 1972
0 комментариев
Прямой эфир