Мұсұлман Халифасы құлағалы не өзгерді?
Мұсұлман Халифасы құлағалы не өзгерді?
Мұсұлман Халифасы құлағалы не өзгерді?
Қасиетті пайғамбарымыз «мұсұлмандарды менен соң әділетті хұлафа рашидиндер, халифалар, патша-сұлтандар, одан соң зулымдар билеиді, ең соңында, ақырзаман тым жақын қалғанда менің әулетімен Ал-Махди қазреті шығып билейді.» деген екен. Мұсұлмандардың соңғы халифасы 700 жылдай билік құрған Османлылар еді, олар 1922-жылдар айналасында құлады да, мұсұлмандар бассыз яғни халифасыз қалды, оның орнына әр жерде әртүрлі зулымдар билікке келді, әр жерде басқалар мұсұлмандарға қойға шапқан қасқырша ауыз салды, қазіргі біздің кез осы зулымдардың билік құрған кезеңіне тура келеді, бұғанда 100 жылдың ары-бері жағы болды. Зулымдықтар заманының бітер уақытыда тым таяу, енді күтетініміз қазірет Махди (қазақтар айтатын мәді) заманы, уақытпен жағдайлар оның келуіне қарай ыңғайлана бастағандай. Османлының кезіндегі сұлтаны Әбдұл Хамид қазіреті өзі сұлтан әрі асқан сабырлылығымен әулиелікке жеткен еді, онда жеті әулиенің күші бар сұлтан делінеді, осы қазіреті сұлтан «османлы кетеді, құлайды, біздің кетуыміз Махдиге ашылатын есік, біз кетпей ол келмейді, ақырзаман таяды. Көшедегі қалың бұлікшінің ең алдында ту ұстап келе жатқан жарлы кейіптегі адамды ешкімің танымайсыңдар, ол қазіреті Қызыр әлейхиссалам, маған османлының уақыты таяды деп хабар берді. Пашаларым сендер ешкімді өлтірмеңдер, атпаңдар, оларды еркіне жіберіңдер. Барлығыда алла тағаланың қалауы.» дейді.
 
Өткен 100 жылдық аласапыран барыстарда кей елдерде исламды мүлдем шектелінсе, кей елдерде исламның дәстүрлі қағидаттарын өзгертуге күш салынды. Бұнда көне деректерге негізделе отырып, өткен ғасырлардан бері ұмытылған кейбір мұсұлмандық жосындар деталдар берілді.
 
1) Азанға салауат қосып шақыру. Азанды шақырып бола салысымен, оның артынан салауат қосып шақыру, мұсұлман халифалар заманында азан осылай шақырылған. Қазір бұл негізінен ұмытылған, алайда бұл үрдіс Түркия, Мысыр және Сирияның кейбір жерлеріне әлі күнге дейін сақталынған.
2) Мазхаптар бұрышы. Қағбада қажылық өтегенде, қағбаның төрт бұрышына төрт мәзхап бойынша бөліне орналасатын, бұлар Меккеге саудттар билікке келген соң жоғалған.
3) Тәриқаттар қақпасы. Қағба тұрған алаңға баратын жолда көптеген ашық қақпалар бар, сол қақпалардың ішінде 41 сопылық тәриқатқа берілген арнайы 41 ашық қақпа болған екен. Әр сопылық тәриқат құрмет ретінде өзіне арналған қақпадан кіріп қағбаға баратын. Мұны бертінге дейін білетін жергілікті көне меккеліктерде болған, қажылыққа барғанда бұл жосынды білетін кейбір адамдар тәриқат қақпасын көне меккеліктерден сұрап білетін деректер сақталынған.
4) Қағба алаңына кіретін қақпалар есіксіз болған. Қағба тұрған алаңға кіретін қақпаларда есік жоқ болып, тек айқара ашық жатқан есіксіз қақпалар болған, ол қақпалардан қалаған адамдар кіре беретін, ертеректе қағба тұрған алаң ашық болып, оған есік орнату күна-харам саналынған. Ал бұл күнде толған сансыз құлыпты есіктер орнатылған.
5) Намазда құранды қирағатсыз оқу. Ертеде жамағат намазда тұрғанда, намаз оқитын имам құранды созып қирағатпен оқымайтын, жамағат намазында құранды қирағаттап оқу бертінегі Сауд билігі қосқан дәстүр. Бұрындар пайғамбарымыздың құлшылықты мұсұлмандарға ауырлатпаңдар, жеңіл етіңдер деген өсиеті бойынша, имам намазда құранды қирағаттап созып әдемілеп оқып тұрмайтын, жеңіл жай ғана сырғытып оқып, құлшылықтарды тез бітіретін. Кейін кейбір топтар намазда құранды қирағаттап, созып оқуды кіргізіп, намазды ұзақ етіп ауырластырып жіберген. Құранды намаздан тыс бөлек арнайы уақытта арнайы қирағаттап оқитын-ды.
6) Тарауих намазы 20 ракат болған. Бұрындар қандай жағдайда болмасын тарауих намазы пайғамбар сүннеті бойынша 20 ракат оқылатын болған, әр жерде осылай болған, алайда қазір әр елдер әр түрлі етіп алған, мәселен 6, 8, 10 ракат етіп өзгертіп алған. Тарауих намаз ракат саны көбірек болғанымен, онда әрбір ракатта тек бір ғана құран аятын оқуғада болатын болып, оны оқуғада көп уақыт кетпейтін. Бұндағы маңыздысы тарауихтың пайғамбар сүннетіндегі 20 ракат болуы еді.
7) Азанда пайғамбарымыздың есімі айтылғанда қос бармақты үш рет сүйіп үш рет көзге басу. Бұлда пайғамбарымыздың «атымды естігенде осылай құрмет еткендерді, қиямет күнінде өзім іздеп табамын.» деген хадисынен келген.
8 ) Исламда доктор (PhD) болмаған, исламда тек қана ғұламар болған. Ал қазір PhD сынды кәпірлер таныстырған сан түрлі атақ-лауазымдар мұсұлмандарға дендей енген, олар мәлім дәрежеде батыстық көзғарастардың ықпалында исламның біраз жосын-жолдарын өзгерткен, тіпті исламның маңызында өзгертуге жорық жасалынуда. Қазір шайық өте көп болсада, бұрынғы кезде әр уақыттағы бүккіл ислам әлемінде саусақпен санарлық қана шайық-ғұламалар болатұғын.
9) қағбаға құрмет. Ертеде қағбаға, харам мешітімен пайғамбар мешітіне құрмет ретінде меккемен мединада олардан тым биік болған үйлер тұрғызылмайтын, ал қазір көк тіреген нимұртпен тажалдың биік құрлыстары қағбаны басып алған, қағбағамен харамға күн көзінде жөнді көрсетпейтін болған.
 
 
مۇسۇلمان حاليفاسى قۇلاعالى نە وزگەردى؟
 

قاسيەتتى پايعامبارىمىز «مۇسۇلمانداردى مەنەن سوڭ ادىلەتتى حۇلافا راشيديندەر، حاليفالار، پاتشا-سۇلتاندار، ودان سوڭ زۋلىمدار بيلەيدى، ەڭ سوڭىندا، اقىرزامان تىم جاقىن قالعاندا مەنىڭ اۋلەتىمەن ال-ماحدي قازرەتى شىعىپ بيلەيدى.» دەگەن ەكەن. مۇسۇلمانداردىڭ سوڭعى حاليفاسى 700 جىلداي بيلىك قۇرعان وسمانلىلار ەدى، ولار 1922-جىلدار اينالاسىندا قۇلادى دا، مۇسۇلماندار باسسىز ياعني حاليفاسىز قالدى، ونىڭ ورنىنا ءار جەردە ءارتۇرلى زۋلىمدار بيلىككە كەلدى، ءار جەردە باسقالار مۇسۇلماندارعا قويعا شاپقان قاسقىرشا اۋىز سالدى، قازىرگى ءبىزدىڭ كەز وسى زۋلىمداردىڭ بيلىك قۇرعان كەزەڭىنە تۋرا كەلەدى، بۇعاندا 100 جىلدىڭ ارى-بەرى جاعى بولدى. زۋلىمدىقتار زامانىنىڭ بىتەر ۋاقىتىدا تىم تاياۋ، ەندى كۇتەتىنىمىز قازىرەت ماحدي (قازاقتار ايتاتىن ءمادى) زامانى، ۋاقىتپەن جاعدايلار ونىڭ كەلۋىنە قاراي ىڭعايلانا باستاعانداي. وسمانلىنىڭ كەزىندەگى سۇلتانى ءابدۇل حاميد قازىرەتى ءوزى سۇلتان ءارى اسقان سابىرلىلىعىمەن اۋليەلىككە جەتكەن ەدى، وندا جەتى اۋليەنىڭ كۇشى بار سۇلتان دەلىنەدى، وسى قازىرەتى سۇلتان «وسمانلى كەتەدى، قۇلايدى، ءبىزدىڭ كەتۋىمىز ماحديگە اشىلاتىن ەسىك، ءبىز كەتپەي ول كەلمەيدى، اقىرزامان تايادى. كوشەدەگى قالىڭ بۇلىكشىنىڭ ەڭ الدىندا تۋ ۇستاپ كەلە جاتقان جارلى كەيىپتەگى ادامدى ەشكىمىڭ تانىمايسىڭدار، ول قازىرەتى قىزىر الەيحيسسالام، ماعان وسمانلىنىڭ ۋاقىتى تايادى دەپ حابار بەردى. پاشالارىم سەندەر ەشكىمدى ولتىرمەڭدەر، اتپاڭدار، ولاردى ەركىنە جىبەرىڭدەر. بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ قالاۋى.» دەيدى. 

وتكەن 100 جىلدىق الاساپىران بارىستاردا كەي ەلدەردە يسلامدى مۇلدەم شەكتەلىنسە، كەي ەلدەردە يسلامنىڭ ءداستۇرلى قاعيداتتارىن وزگەرتۋگە كۇش سالىندى. بۇندا كونە دەرەكتەرگە نەگىزدەلە وتىرىپ، وتكەن عاسىرلاردان بەرى ۇمىتىلعان كەيبىر مۇسۇلماندىق جوسىندار دەتالدار بەرىلدى.
 
1) ازانعا سالاۋات قوسىپ شاقىرۋ. ازاندى شاقىرىپ بولا سالىسىمەن، ونىڭ ارتىنان سالاۋات قوسىپ شاقىرۋ، مۇسۇلمان حاليفالار زامانىندا ازان وسىلاي شاقىرىلعان. قازىر بۇل نەگىزىنەن ۇمىتىلعان، الايدا بۇل ءۇردىس تۇركيا، مىسىر جانە سيريانىڭ كەيبىر جەرلەرىنە ءالى كۇنگە دەيىن ساقتالىنعان.
2) مازحاپتار بۇرىشى. قاعبادا قاجىلىق وتەگەندە، قاعبانىڭ ءتورت بۇرىشىنا ءتورت ءمازحاپ بويىنشا بولىنە ورنالاساتىن، بۇلار مەككەگە ساۋدتتار بيلىككە كەلگەن سوڭ جوعالعان.
3) تاريقاتتار قاقپاسى. قاعبا تۇرعان الاڭعا باراتىن جولدا كوپتەگەن اشىق قاقپالار بار، سول قاقپالاردىڭ ىشىندە 41 سوپىلىق تاريقاتقا بەرىلگەن ارنايى 41 اشىق قاقپا بولعان ەكەن. ءار سوپىلىق تاريقات قۇرمەت رەتىندە وزىنە ارنالعان قاقپادان كىرىپ قاعباعا باراتىن. مۇنى بەرتىنگە دەيىن بىلەتىن جەرگىلىكتى كونە مەككەلىكتەردە بولعان، قاجىلىققا بارعاندا بۇل جوسىندى بىلەتىن كەيبىر ادامدار تاريقات قاقپاسىن كونە مەككەلىكتەردەن سۇراپ بىلەتىن دەرەكتەر ساقتالىنعان.
4) قاعبا الاڭىنا كىرەتىن قاقپالار ەسىكسىز بولعان. قاعبا تۇرعان الاڭعا كىرەتىن قاقپالاردا ەسىك جوق بولىپ، تەك ايقارا اشىق جاتقان ەسىكسىز قاقپالار بولعان، ول قاقپالاردان قالاعان ادامدار كىرە بەرەتىن، ەرتەرەكتە قاعبا تۇرعان الاڭ اشىق بولىپ، وعان ەسىك ورناتۋ كۇنا-حارام سانالىنعان. ال بۇل كۇندە تولعان سانسىز قۇلىپتى ەسىكتەر ورناتىلعان.
5) نامازدا قۇراندى قيراعاتسىز وقۋ. ەرتەدە جاماعات نامازدا تۇرعاندا، ناماز وقيتىن يمام قۇراندى سوزىپ قيراعاتپەن وقىمايتىن، جاماعات نامازىندا قۇراندى قيراعاتتاپ وقۋ بەرتىنەگى ساۋد بيلىگى قوسقان ءداستۇر. بۇرىندار پايعامبارىمىزدىڭ قۇلشىلىقتى مۇسۇلماندارعا اۋىرلاتپاڭدار، جەڭىل ەتىڭدەر دەگەن وسيەتى بويىنشا، يمام نامازدا قۇراندى قيراعاتتاپ سوزىپ ادەمىلەپ وقىپ تۇرمايتىن، جەڭىل جاي عانا سىرعىتىپ وقىپ، قۇلشىلىقتاردى تەز بىتىرەتىن. كەيىن كەيبىر توپتار نامازدا قۇراندى قيراعاتتاپ، سوزىپ وقۋدى كىرگىزىپ، نامازدى ۇزاق ەتىپ اۋىرلاستىرىپ جىبەرگەن. قۇراندى نامازدان تىس بولەك ارنايى ۋاقىتتا ارنايى قيراعاتتاپ وقيتىن-دى.
6) تاراۋيح نامازى 20 راكات بولعان. بۇرىندار قانداي جاعدايدا بولماسىن تاراۋيح نامازى پايعامبار سۇننەتى بويىنشا 20 راكات وقىلاتىن بولعان، ءار جەردە وسىلاي بولعان، الايدا قازىر ءار ەلدەر ءار ءتۇرلى ەتىپ العان، ماسەلەن 6، 8، 10 راكات ەتىپ وزگەرتىپ العان. تاراۋيح ناماز راكات سانى كوبىرەك بولعانىمەن، وندا ءاربىر راكاتتا تەك ءبىر عانا قۇران اياتىن وقۋعادا بولاتىن بولىپ، ونى وقۋعادا كوپ ۋاقىت كەتپەيتىن. بۇنداعى ماڭىزدىسى تاراۋيحتىڭ پايعامبار سۇننەتىندەگى 20 راكات بولۋى ەدى.
7) ازاندا پايعامبارىمىزدىڭ ەسىمى ايتىلعاندا قوس بارماقتى ءۇش رەت ءسۇيىپ ءۇش رەت كوزگە باسۋ. بۇلدا پايعامبارىمىزدىڭ «اتىمدى ەستىگەندە وسىلاي قۇرمەت ەتكەندەردى، قيامەت كۇنىندە ءوزىم ىزدەپ تابامىن.» دەگەن حاديسىنەن كەلگەن.
8 ) يسلامدا دوكتور (phd) بولماعان، يسلامدا تەك قانا عۇلامار بولعان. ال قازىر phd سىندى كاپىرلەر تانىستىرعان سان ءتۇرلى اتاق-لاۋازىمدار مۇسۇلماندارعا دەندەي ەنگەن، ولار ءمالىم دارەجەدە باتىستىق كوزعاراستاردىڭ ىقپالىندا يسلامنىڭ ءبىراز جوسىن-جولدارىن وزگەرتكەن، ءتىپتى يسلامنىڭ ماڭىزىندا وزگەرتۋگە جورىق جاسالىنۋدا. قازىر شايىق وتە كوپ بولسادا، بۇرىنعى كەزدە ءار ۋاقىتتاعى بۇككىل يسلام الەمىندە ساۋساقپەن سانارلىق قانا شايىق-عۇلامالار بولاتۇعىن.
9) قاعباعا قۇرمەت. ەرتەدە قاعباعا، حارام مەشىتىمەن پايعامبار مەشىتىنە قۇرمەت رەتىندە مەككەمەن مەدينادا ولاردان تىم بيىك بولعان ۇيلەر تۇرعىزىلمايتىن، ال قازىر كوك تىرەگەن نيمۇرتپەن تاجالدىڭ بيىك قۇرلىستارى قاعبانى باسىپ العان، قاعباعامەن حارامعا كۇن كوزىندە ءجوندى كورسەتپەيتىن بولعان.
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 1275
0 комментариев
Прямой эфир