Өлмей тұрып оянып ал ...
Өлмей тұрып оянып ал ...

Біз өлгенде тірілеміз ...
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/209402217820158

Ағузубиллахи минашшайтанир ражим, биссимилахир рахманир рахим.
Қазірет Әли «الناس نيامٌ، فإذا ماتوا انتبهوا» яғни «адамдар ұйқыда, олар өлген соң оянады» дейді. Барлық адамдар ессіз күйде ұйқтап жатыр, тірі адамдар бейне ұйқылы күйде жүріп бара жатқан махлұқтарға ұқсайды, ал енді олар қашан оянбақ? Олар өлген соң ғана оянбақ, олар бұл дүниеде шырт ұйқыда, ештеңені ойлап жүрген жоқ, берілген өмірдің қадіріне де жетпей жүр, бірақ олар уақыты келіп оянғанда барып шындықты көретін болады. Бұл ұйқыдан ояныс олардың кейбіріне жақсы, кейбіріне жаман, күллі адам баласы бұл барысты бастан кешіретін болады.
Алла тағала барлық адамзатты өзіне иман келтіруге жаратқан, оған иман келтіріп сенгендер амандыққа жетіп, осы дүниенің өзінде оянып алғандар. Егер сендер ақиретте иман келтіріп, сол кезде оянғыларың келсе, онда тым кеш қалған боласыңдар, енді орай берілмейді, өлім келгенде түсіңнен оянғандай боласың, бірақ бұл түс ендігары қайталанбайтын түс.
Адамдар қолдан келгенін істеп бағуда, олар біз не істеу керек екенін білеміз деп ойлайды, алайда олардың бар еткен тірліктері ең соңында өздеріне еш пайда бермейді. Адам баласы үшін, әр нәрседе оларды алла тағалаға апармайтын білімдермен істер оларға пайдасыз болмақ. Олар кішкентай кезінен бастап мектепке бара бастайды, мәселен бала бақша, бастауыш, орта, жоғары мектеп және университет дегендей, бәрінде емтихан алады, қазір тіпті бала бақшағада емтихан алып қабылдайтын болды. Барлық ата-аналардың алаңдайтыны әрдайым сол балаларының оқуы жайында, ал балалары алар білімін алады, бірақ соңында олардың оқуының басқаларғада, тіпті өзінеде пайдасы жоқ болып шығады, бұнда маңызды іс олар тек керекті білім алса ғана өзіне пайдалы болмақ.
Қазір адамдар өздеріне пайдасыз нәрселердің артына түсіп алған, олар борбайлап босқа шауып жүр. Олардың кейбірі балаларын оқытты, оларға соншама білімдерді үйретті, бірақ ақырында бұл перзеніттер ата-аналарын естімейтін, оларды құрметтемейтін әдепсіз біреулер болып шықты. Осы келеңсіздіктерден соң олар «балама барымды салып оқытып едім» деп сәлде болса оянып қалады, бірақ олар жер төсегін құшып, мәңгілікке аттанбайынша толық оянбақ емес. Күллі адамзат өлгенде ғана, дүниедегі барлық нәрселердің бос әуре және мағынасыз тірлік екенін түсінеді.
Біз мұнда балалар үшін еткен бар ісіміздің пайдасыздығы хақында аз мисал айттық, сондықтан адамдар жақсылап ойлануы тиіс, алла тағаланың разылығы үшін істеген істеріміз ғана бізге пайда әкелетінін біліуіміз керек. Балаларыңды оқыту үшін немесе мәлім табысқа жету үшін немесе жоғары мәнсапқа жетпек үшін жасаған жұмыстарыңның барлығы уақытша ғана тірліктер болып, олардан соңында сізге ештеңе қалмайды, мәңгілік қалатыны алла тағаланың мейрімімен оның құзіреті.
«وَٱلۡبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ» (Құран 18:46).
«мәңгілік қалатын дұрыс амалдарың сен үшін жақсы ...», бұл дүниеден аттанып оларды көргенде, қуанышқа бөленетін боласың, ал бұндай жақсы амалдары жоқтар оянғанда өкініше қалады, бірақ олар ол кезде бұл дүниеге кері қайта алмайды. Алла тағала біздері ертеден оянып, алдын ала сақтанғандардан етсін.
Сайдина қазірет Әли «барлық адам баласы ұйқыда.» деп адамдарға жақсы ескерту айтып кетті. Африка, Азия, Әмерика, Европа барлығы яғни күллі адамзат ұйқыда, жердің әр бұрышында өмір сүріп жатқан адам әлейхиссаламнан тараған барлық адамдар ұйқтап жатыр. Кейбірулер «ох, оларды қалайша ұйқыда деп айтуға болар? қараңыздаршы, баракелді, олардың көздері бірде онда, бірде мұнда түсіп, оттай жайнап тұрған жоқпа? жанарларының қырағылығынан ешнәрсе құтылар түрі жоқ? ұйқтап жатқандарға мүлдем ұқсамайды ғой ...» дер. Жоқ, мұндағы «ұйқтау» дегеніміз дәл солардың ұйқтамай дүниелік әбігерлікте жүруі, сендер ұйқыдасыңдар, кейін оянатын боласыңдар, сонда қашан? өлген күні, адамдар өлгенде ұйқысымен түсінен оянып, ақиқатты көретін болады.
Сондықтан біз адам баласы осы үлкен оянуға дайын болуымыз керек, тіпті бұл дүниеде ояу жүре біл, жақсы амалдар істеу үшін шамаң келгенше өзіңды ояу күйде сақтай біл, сонда ғана үлкен ояныс келгенде жақсылық көретін боласың, оянған кезінде «қап!» деп өткенімен істегендеріне өкінетіндерге ұқсап қалма. Оянғанда өкінште қалғандар «е, әсілінде шындығы осы екен ғой, біз ұйқтап жатып, оны қабыл етпедік, тіпті білетін адамдар бізге бұл шындықты айтқан еді, алла тағала бізге ақылмен ақиқатты қабыл етер санада бергентұғын, алайда біз бұған назар салмаптық, өмірімізде басқа нәрселермен әуре-сарсаң болдық. Біз бизнис, пайда, атақ-даңық, жоғары орын және мәнсап деген сияқты басқада көптеген істердің артына түсіп, қарбалас болып кеткен едік. Ақиретімізбен жаратушымыз алла тағала жайлы ойламаптық, ойлауға уақытта жоқ еді, ал қазір біз ояндық, енді сөзсіз мыналарды істейміз ...» дейді, алайда қазір ештеңе істей алмайсың яғни өмірге қайта кемейсің ғой, ендігі қолыңнан келері тек қана өкіну болмақ, басқа дәнеңеде жоқ.
Ал адамдар болса, өздерін тым ақылды санайды, олар бұл дүниеде аса әбігерлікте жүр, істемегені жоқ, олар бұл істерді өз пайдалары үшін істеп жатқандай көрінеді, бірақ олар бұл дүниеде ақымақтыққа толы шаруалармен қарбалас екенін білсе ғой! Әсіресе осы кездегі адамдар, олар әр нәрсенің басын аяғына, аяғын басына төңкеріп тастады. Бұрынғы кезде үйдегі ұлдарымен қыздары отбасына көмектесетұғын, анасымен акесін құрметтейтін әрі оларға қарайласатын еді, бірақ қазір барлығы керісінше, ата-анасы қолынан келетінін салып, балалары үшін қызмет өтейді. Осы кезде бала бақша, бастауыс мектеп, орта мектеп, жоғары мектеп, университет барлығында емтихан алады, бұрындар тек университетке ғана үлкен емтихан алушы еді, тіпті қазір кейбір жерлер бала бақшаларғада емтихан алып қабылдауды енгізген, олар бала емтиханнан өтсе ғана қабылдамақ. Ал ата-аналар болса балаларын осындай емтихандардан қалай өткіземіз деп алаңдайды, одан балаларын өткізбек болып, біресе артынан итеріп, біресе алдынан сүйрелеп әбігер. Бастауыш, орта-жоғары мектепте де солай, осындай шаруалармен қарбалас, бұлар біздің елдерде болып жатқан істер ...
Европада бұндай істер болып жатқан жоқ, олар бізден әлдеқайда зерек, ал мұнда барлығы сол батысқа еліктейді әрі онысын «бір керемет» көреді, бірақ олар батысқа дұрыстап та еліктей алмай, наданықпен еліктеп жүр. Европада әртүрлі көптеген мамандыққа арналған оқу орындары бар болып, одан әркім өз қалауы бойынша өзіне керегін үйренеді. Бірақ бұнда барлығы бір мектеп немесе бір университетке баруы керек секілді болып қалған, университеттерде аз ғана мамандық түрлері бар. Ата-аналар балаларын осы мектептерге өткізіп жіберуге күш салады әрі олар бұнысын жақсы бір іс деп ойлайды, бірақ соңында балалары олардың өздеріне қарсы келетін және олардың сөзін естімейтін біреу болып шығады, осылайша олар өзіне де, еліне де пайдасы жоқ, ерсі адамдарға айналады.
Бұл ата-аналарда алла тағала жайында ойлану деген болмайды, не үшін? себебі олар тәңертеңнен кешке дейін балаларын тек оқуға ғана итермелеумен сарсаң, бар назары тек сонда ғана. Олар баласы үшін мұғалым немесе ерекше мұғалымдарды ұсыныс етеді, оған қоса ана-мына кұрыстарға оқуға да береді, бірақ олар балаларына «бисмиллахир рахманир рахим-ды айтып жүр, мына қарапайым ғана құран аят-хадисты ұғып ал немесе дәрет алуды үйреніп ал» деп бір ескертіп қоймайды, көбісі балаларына бұны мүлдем үйретпейді, ең соңында балалары жақсы тәрбиелі ұрпақ болмай шығады.
Балаларды оқуға бергенде де, о басынан ниетті түзу ұстап, оларды алла тағаланың разылығы үшін оқуға беруіміз керек, мұнда міндетті түрде «баламды әулетімен әке-шешесіне құлақ асатын перзент болсын, пайғамбар үмбетіне пайдасы тиетін кісі болсын және алла тағаланың жақсы пендесі болсын деген ниетпен оқуға бердім» деген ниет болуы керек, балаңның оқуы осы ниетпен басталса жақсы болмақ. Егер ниет дұрыс болмаса, онда бұларың нәпсің үшін болып «ох, менің балам университетте, ол керемет университетте оқып жатыр» деуден ары аспайсың, ұл-қыздарың соңында мектепті бітіріп, диплом алған соң ата-анасы болған саған «ох қарашы, сендер надансыңдар ғой» деп айтар, олардың үйренген түгіде жоқ, осылайша, ақырында ақылағы жоқ әдепсіз ұрпақтар жетіліп шығады. Тек осы кезде яки олар сендерге жаман қылықтар көрсеткенде барып оянарсың, ал өлімішті болып, ол дүниеге аттанғаныңда бұл істеріңнің жақсы немесе жаман екеніне көзің анық жететін болады, бірақ ол кезде ешнәрсені түзеуге орай жоқ, бәріде кеш.
Бұнда қазірет Әлидың айтпағы «бізге осы дүниенің өзінде ояна біл» демекілік. Әр істе желге баққан түтін сяқты немесе біреуі жардан секірсе, қалғандары артынан ессіз түрде секіре беретін қойлар секілді болмаумыз керек. Европалықтар «біз оларды алдап, күлкілі кейіптегі ақымақ адамдар етіп жібердік» деп екі езуы құлағында, олар тағы «біз оларға не істегіміз келсе, соны істей аламыз» дейді.
Алла тағала баршамызды осында ояна білуге және пайғамбар әлехиссаламның жолында болуға нәсіп еткей, біздерді бұл дүниеде де ақиретте де ең жақсы жолдар үстінде еткей.
Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.06.17, Түркия
- Әулие Сопы Маулана
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 2001
0 комментариев