Сопылық тәриқат (жол) хақында
Сопылық тәриқат (жол) хақында

Сопылық тәриқат (жол) хақында

Адамның нәпсісін тәрбиелеуде, сопылық тәриқаттан өткен басқа жақсы жол жоқ. Соплық жол адамды бұл дүниенің ластықтарынан тазартады, бұл тазару жолын тәзкия деп атайды. Сондықтан, сопылық жол дін жолында пісып жетілген адамдарға арналған жол, бұл жол пайғамбарымыздың жолы.

Сопылық жол оңай жол емес. Кейде адамдар өздеріне қатысты әдемі сөздерді естігісі келеді, мақтау сүйеді, олар мадақталынғанда ерекше қуанады. Алайда олар өзіне қатысты әлде бір жаман сөзді естісе, көңілсізденеді немесе ашуланады, сол үшін сөз айтысып кергілеседі, тіпті ұрысуға дейін барады. Пайғамбарымыз «жерден бір уыс топырақ алда өзіңді мақтағанның бетіне шашып жібер, ендігарі ол сені мақтамас» дейді. Біреу өзің жайлы жаман сөз айтса немесе саған тіл тигізссе, оған бола ашуланба немесе көңілсізденбе, бұлар сенің нәпсіңді тәрбиелейтін нәрселер екенін түсінуың керек, сопылық деген осы.

Мақтау жәй адамдарға ұнамды, ол соларға арналған. Бірақ сопылық жолда жүргендер мейлі жақсы көрілсін мейлі қарғысталынсын бәріне бірдей немқұрайлы позытсияда бола білу керек, оның қалып-жүрегі еш жағдайда да өзгермеуі тиіс.

Алла тағала нәпсіміздің тәрбиеленуіне себеп жасағай, өз күйіміз өзімізге аян, алла тағала баршамызды абыройсыздықтан аулақ еткей, иншалла.

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 1450
0 комментариев