Алла тағала әр адамның риздығын қамдаушы
Алла тағала әр адамның риздығын қамдаушы
Алла тағала әр адамның риздығын қамдаушы
 
Ешбір адам өзінен басқа адамдардың риздығын жеп кетпейді, әркім өз риздығын таусып болмай өлмес. Балаларыңда өз риздығымен келеді, олар сенің риздығыңа ортақ болып, сенікін жемейді. Риздық хақында көптеген адамдар арасында үлкен қате түсініктер бар, Алла тағала пенделеріне өздерінің риздығы туралы еш алаң болмауын және олардың риздығын әр күні беріп тұратындығын айтады.
 
Алла тағала «мен ертең етер құлшылығыңды бүгін сұрамаймын, бірақ сендер ертеңгі риздығыңды бүгін сұрайсыңдар! бұл ғана емес, сендер келер бір апталық, бір айлық, бір жылдық, тіпті бір ғұмырлық риздықтарыңды сұрайсыңдар!» дейді. Иттермен мысықтардан «сендер қалай өмір сүріп жүрсіңдер?» деп сұрасаңдар етті, олар сендер сияқты сауда істеп, егін егіп немесе бақша суарып жүргенін көрдіңдер ме? олар аушылық істейме немесе бір кәсіп істеп жүрме? оларда дүкен немесе бизнис барма? жоқ, бұлардың ешқайсысы оларда жоқ, олардың ештеңесі жоқ. Ендеше, олардың қалайша аман-есен өмір сүріп жүргеніне таңғалмайсыңдар ма? тағы басқа не сұрау керек? Егер кімде-кім өзінің риздығы жайлы күмәнда болса, бұл оның алла тағаланың әр пендесін риздықпен қамдай алатын құдіретіне шак келтіріп, күмән артатындығын білдіреді.
 
Мәселен, бұнда 100 адам бар, оның барлығын алла тағала жіберген әрі олардың риздықтарын да осында жазған, одан әркім өзіне тән бөлігін алады. Пайғамбарымыз «екі кісіге дайындалған ас төрт кісіге жетер, төрт кісіге дайындалса сегіз кісіге жетер, он кісінікі жирмаға жетер, адам көп келген сайын алла тағала оның берекесін арыттыра бермек» дейді. Сондықтан, үй иесі келген қонақтарыма берер асым жетпей қаларма деп ойлап алаң болмасын, ол жеткізе алмағанымен алла тағала барлық пенделеріне жеткізері хақ.
 
 
- Әулиелерден
 
 
اللا تاعالا ءار ادامنىڭ ريزدىعىن قامداۋشى
 
ەشبىر ادام وزىنەن باسقا ادامداردىڭ ريزدىعىن جەپ كەتپەيدى، اركىم ءوز ريزدىعىن تاۋسىپ بولماي ولمەس. بالالارىڭدا ءوز ريزدىعىمەن كەلەدى، ولار سەنىڭ ريزدىعىڭا ورتاق بولىپ، سەنىكىن جەمەيدى. ريزدىق حاقىندا كوپتەگەن ادامدار اراسىندا ۇلكەن قاتە تۇسىنىكتەر بار، اللا تاعالا پەندەلەرىنە وزدەرىنىڭ ريزدىعى تۋرالى ەش الاڭ بولماۋىن جانە ولاردىڭ ريزدىعىن ءار كۇنى بەرىپ تۇراتىندىعىن ايتادى.
 
اللا تاعالا «مەن ەرتەڭ ەتەر قۇلشىلىعىڭدى بۇگىن سۇرامايمىن، بىراق سەندەر ەرتەڭگى ريزدىعىڭدى بۇگىن سۇرايسىڭدار! بۇل عانا ەمەس، سەندەر كەلەر ءبىر اپتالىق، ءبىر ايلىق، ءبىر جىلدىق، ءتىپتى ءبىر عۇمىرلىق ريزدىقتارىڭدى سۇرايسىڭدار!» دەيدى. يتتەرمەن مىسىقتاردان «سەندەر قالاي ءومىر ءسۇرىپ جۇرسىڭدەر؟» دەپ سۇراساڭدار ەتتى، ولار سەندەر سياقتى ساۋدا ىستەپ، ەگىن ەگىپ نەمەسە باقشا سۋارىپ جۇرگەنىن كوردىڭدەر مە؟ ولار اۋشىلىق ىستەيمە نەمەسە ءبىر كاسىپ ىستەپ جۇرمە؟ ولاردا دۇكەن نەمەسە بيزنيس بارما؟ جوق، بۇلاردىڭ ەشقايسىسى ولاردا جوق، ولاردىڭ ەشتەڭەسى جوق. ەندەشە، ولاردىڭ قالايشا امان-ەسەن ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەنىنە تاڭعالمايسىڭدار ما؟ تاعى باسقا نە سۇراۋ كەرەك؟ ەگەر كىمدە-كىم ءوزىنىڭ ريزدىعى جايلى كۇماندا بولسا، بۇل ونىڭ اللا تاعالانىڭ ءار پەندەسىن ريزدىقپەن قامداي الاتىن قۇدىرەتىنە شاك كەلتىرىپ، كۇدىك ارتاتىندىعىن بىلدىرەدى.
 
ماسەلەن، بۇندا 100 ادام بار، ونىڭ بارلىعىن اللا تاعالا جىبەرگەن ءارى ولاردىڭ ريزدىقتارىن دا وسىندا جازعان، ودان اركىم وزىنە ءتان بولىگىن الادى. پايعامبارىمىز «ەكى كىسىگە دايىندالعان اس ءتورت كىسىگە جەتەر، ءتورت كىسىگە دايىندالسا سەگىز كىسىگە جەتەر، ون كىسىنىكى جيرماعا جەتەر، ادام كوپ كەلگەن سايىن اللا تاعالا ونىڭ بەرەكەسىن ارىتتىرا بەرمەك» دەيدى. سوندىقتان، ءۇي يەسى كەلگەن قوناقتارىما بەرەر اسىم جەتپەي قالارما دەپ ويلاپ الاڭ بولماسىن، ول جەتكىزە الماعانىمەن اللا تاعالا بارلىق پەندەلەرىنە جەتكىزەرى حاق.
 
- Әулиелерден

 

 
Алла тағала әр адамның риздығын қамдаушы
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1376
0 пікір
Блог туралы