Ренішпен емес, ризашылықпен қарбалас бол
Ренішпен емес, ризашылықпен қарбалас бол

Ренішпен емес, ризашылықпен қарбалас бол
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/217614506998929
Бізден талап етілетіні сабыр ете білу және алла тағалаға сүйене білу яғни алла тағалаға тәуекелшілдік ете білу. Сабыр қылда, құдіретті алла тағаланы өзіңнің қорғаушың етіп ұстағын. Әр дайым «Хасбұн Аллаһу уа ниғмал уакил» деп айт, оны зікірлет.

Үлкен әулие мүршитіміз қазірет Абдұлла Дағыстан Қ.С маған «әр күні санын кемітпестен "тауакал тұллаһ ..." -ты 100 рет айт, бұл саған міндет, оның мағынасы, аллаға тәуекел еттім, аллаға бар сенімімді арыттым, құдіретті ием алла тағаланы өзімнің қорғаушым етіп алдым, көмекте сүйенерім ұлық алла тағала демекілік» деген-ды. Осылай етсеңдер, жүректеріңде үлкен күш пайда болмақ.

Сендер әр күні 100 рет «шүкір лиллаһ» деп айтыңдар, бұларың ұлы алла тағалаға білдірген алғыстарың-дүр. Ақиқатында, біздің сансыз нәрселермен істер үшін алла тағалаға алғыс айтарлық себебіміз бар, сондықтан реншіпен қарбалас болмай, керісінше алла тағалаға шүкірлік етіп, алғыс білдірумен қарбалас бол, демек «шүкір лиллаһ» айтумен әбігер бол.

- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым Әділ әл-Хаққани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

رەنىشپەن ەمەس، ريزاشىلىقپەن قاربالاس بول

بىزدەن تالاپ ەتىلەتىنى سابىر ەتە ءبىلۋ جانە اللا تاعالاعا سۇيەنە ءبىلۋ ياعني اللا تاعالاعا تاۋەكەلشىلدىك ەتە ءبىلۋ. سابىر قىلدا، قۇدىرەتتى اللا تاعالانى ءوزىڭنىڭ قورعاۋشىڭ ەتىپ ۇستاعىن. ءار دايىم «حاسبۇن اللاھۋ ۋا نيعمال ۋاكيل» دەپ ايت، ونى زىكىرلەت.

ۇلكەن اۋليە ءمۇرشيتىمىز قازىرەت ابدۇللا داعىستان ق.س ماعان «ءار كۇنى سانىن كەمىتپەستەن "تاۋاكال تۇللاھ ..." -تى 100 رەت ايت، بۇل ساعان مىندەت، ونىڭ ماعىناسى، اللاعا تاۋەكەل ەتتىم، اللاعا بار سەنىمىمدى ارىتتىم، قۇدىرەتتى يەم اللا تاعالانى ءوزىمنىڭ قورعاۋشىم ەتىپ الدىم، كومەكتە سۇيەنەرىم ۇلىق اللا تاعالا دەمەكىلىك» دەگەن-دى. وسىلاي ەتسەڭدەر، جۇرەكتەرىڭدە ۇلكەن كۇش پايدا بولماق.

سەندەر ءار كۇنى 100 رەت «شۇكىر ليللاھ» دەپ ايتىڭدار، بۇلارىڭ ۇلى اللا تاعالاعا بىلدىرگەن العىستارىڭ-ءدۇر. اقيقاتىندا، ءبىزدىڭ سانسىز نارسەلەرمەن ىستەر ءۇشىن اللا تاعالاعا العىس ايتارلىق سەبەبىمىز بار، سوندىقتان رەنشىپەن قاربالاس بولماي، كەرىسىنشە اللا تاعالاعا شۇكىرلىك ەتىپ، العىس بىلدىرۋمەن قاربالاس بول، دەمەك «شۇكىر ليللاھ» ايتۋمەن ابىگەر بول.

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم ءادىل ءال-حاققاني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Ренішпен емес, ризашылықпен қарбалас бол
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 1214
0 пікір
Блог туралы