Алла тағала жақсы көрмейтін адамдар
Алла тағала жақсы көрмейтін адамдар
Алла тағала жақсы көрмейтін адамдар
 
Біздер кеше ғана оқыған мүбарак пайғамбарымыздың хадистерінде алла тағала асыл дінін өз жеке бас пайдасы үшін пайдаланғандарды және жақсы-жаман істер үшін дін атынан аныт бергіш адамдарды жек көретінін айтады. Бұндай адамдар осы кезде өте көбейіп кетті. Ерте замандада сондай адамдар болған, бұл бізге адамдардың тәбиғатының өзгермейтінін білдіреді. Адамдарға орай беріле қалса, мүлдем естен адасып, бірден жабайы тағылыққа басады. Олар күпірлікке салынады немесе тура жолдан тайып кетеді. Сондықтан бұл мәселе өте маңызды мәселе болып отыр.
 
Мұнда, ең алдымен ниет өте таза болсын, ниетің тек алла тағаланың разылығы үшін қызмет ету болуы керек. Алла тағаланың разылығы үшін қызмет өтей білгеніңде ғана, алла жалла жаллалыху саған өз сауабыңмен сиыңды береді. Алайда, бұл қызмет өтеулерден өзіңе керекті жеке бас-пайда іздеп жүрсең, құдайдың атқаны сол, бұл дүниеде де оңбассың - саған пайдасыз, ал ол дүниедеге барғанда халіміз онан арман мүшкіл қиын болмақ.
 
Адамдар даңқын, атағымен атын шығару үшін қолынан келетін барын істеп бағуда, ол үшін олар бәріне даяр, бұл адамдар өз нәпсісіне құлақ сала бас ұрып, оны ие тұтып кеткендер. Алайда, дінді өз жеке мүддесі үшін пайдаланғандар, дінді былғағандармен дін атына зян әкелгендер ең сорақы топ болмақ-дүр. Ал басқа жамандық істеушілердің жамандығы өзімен кетеді, оған өзі жауап береді, көп адамдар олардың айтқанына сеніп немесе оған еріп кете қоймайды.
 
Егер мәлім бір адам «қазіргі дін жолы осы, бұрынғылардың барлығы қате жолда жүрген, мен қазір оны түзеп жатырмын» деген сөздерді айтса, бұл өте жаман істерден болып, ондай жерге бармаңдарда естімеңдер. Кейде олар өздерінің нәпсісін онан арман қанағаттандыру үшін осы сөздерін баспалардан кітап етіп басып шығарады, таратады. Әдетте бұндай сөздер тек тіл арқылы ауыз екі тараса әсері өте күшті болып кетпейді. Алайда, онысын кітап етіп басып шығарса, көптеген адамдарды адастырып, онан арман жаман іске ұрынған болады, олар өздеріне алла тағаланың ашуын шақырып алушылар.
 
Анықтап айтқанда, мәңгілік ақиретін бұл уақытша дүниелік пайдаға айырбастап алғандар ешқашанда ұлы алла тағаламен қасиетті пайғамбарымыз сенім артқан және бағалаған адамдар сапынан емес. Олар алла тағала жек көрген пенделерден әрі ешкім алла тағала жек көрген адамды сүймейді. Олар өздері қалағанша айтсын, жазссын және жоспар түзссін, сүйіктілерден бола алмайды. Алла тағала Хадис Құдысиде «мен сүйгенді барлығы сүймек.» дейді, ал ұлық алла сүймейтіндергеде осы айтылым жүреді яғни «алла тағала сүймегенді ешкімде сүймейді.». Сондықтан, осы тектес адамдар өздері ұтылғанмен қоймай, басқаларды да мәңгілік ұтылыс жолына тастап кетеді. Алла тағала бізді нәпсімізбен шайтанның жамандығынан сақтасын.
 
Уамин аллаху тауфиқ, әл-Фатиха
26/05/2021
 
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани
 
اللا تاعالا جاقسى كورمەيتىن ادامدار
 
بىزدەر كەشە عانا وقىعان مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ حاديستەرىندە اللا تاعالا اسىل ءدىنىن ءوز جەكە باس پايداسى ءۇشىن پايدالانعانداردى جانە جاقسى-جامان ىستەر ءۇشىن ءدىن اتىنان انىت بەرگىش ادامداردى جەك كورەتىنىن ايتادى. بۇنداي ادامدار وسى كەزدە وتە كوبەيىپ كەتتى. ەرتە زاماندادا سونداي ادامدار بولعان، بۇل بىزگە ادامداردىڭ تابيعاتىنىڭ وزگەرمەيتىنىن بىلدىرەدى. ادامدارعا وراي بەرىلە قالسا، مۇلدەم ەستەن اداسىپ، بىردەن جابايى تاعىلىققا باسادى. ولار كۇپىرلىككە سالىنادى نەمەسە تۋرا جولدان تايىپ كەتەدى. سوندىقتان بۇل ماسەلە وتە ماڭىزدى ماسەلە بولىپ وتىر.
 
مۇندا، ەڭ الدىمەن نيەت وتە تازا بولسىن، نيەتىڭ تەك اللا تاعالانىڭ رازىلىعى ءۇشىن قىزمەت ەتۋ بولۋى كەرەك. اللا تاعالانىڭ رازىلىعى ءۇشىن قىزمەت وتەي بىلگەنىڭدە عانا، اللا جاللا جاللالىحۋ ساعان ءوز ساۋابىڭمەن سيىڭدى بەرەدى. الايدا، بۇل قىزمەت وتەۋلەردەن وزىڭە كەرەكتى جەكە باس-پايدا ىزدەپ جۇرسەڭ، قۇدايدىڭ اتقانى سول، بۇل دۇنيەدە دە وڭباسسىڭ - ساعان پايداسىز، ال ول دۇنيەدەگە بارعاندا ءحالىمىز ونان ارمان مۇشكىل قيىن بولماق.
 
ادامدار داڭقىن، اتاعىمەن اتىن شىعارۋ ءۇشىن قولىنان كەلەتىن بارىن ىستەپ باعۋدا، ول ءۇشىن ولار بارىنە دايار، بۇل ادامدار ءوز ناپسىسىنە قۇلاق سالا باس ۇرىپ، ونى يە تۇتىپ كەتكەندەر. الايدا، ءدىندى ءوز جەكە مۇددەسى ءۇشىن پايدالانعاندار، ءدىندى بىلعاعاندارمەن ءدىن اتىنا زيان اكەلگەندەر ەڭ سوراقى توپ بولماق-ءدۇر. ال باسقا جاماندىق ىستەۋشىلەردىڭ جاماندىعى وزىمەن كەتەدى، وعان ءوزى جاۋاپ بەرەدى، كوپ ادامدار ولاردىڭ ايتقانىنا سەنىپ نەمەسە وعان ەرىپ كەتە قويمايدى.
 
ەگەر ءمالىم ءبىر ادام «قازىرگى ءدىن جولى وسى، بۇرىنعىلاردىڭ بارلىعى قاتە جولدا جۇرگەن، مەن قازىر ونى تۇزەپ جاتىرمىن» دەگەن سوزدەردى ايتسا، بۇل وتە جامان ىستەردەن بولىپ، ونداي جەرگە بارماڭداردا ەستىمەڭدەر. كەيدە ولار وزدەرىنىڭ ءناپسىسىن ونان ارمان قاناعاتتاندىرۋ ءۇشىن وسى سوزدەرىن باسپالاردان كىتاپ ەتىپ باسىپ شىعارادى، تاراتادى. ادەتتە بۇنداي سوزدەر تەك ءتىل ارقىلى اۋىز ەكى تاراسا اسەرى وتە كۇشتى بولىپ كەتپەيدى. الايدا، ونىسىن كىتاپ ەتىپ باسىپ شىعارسا، كوپتەگەن ادامداردى اداستىرىپ، ونان ارمان جامان ىسكە ۇرىنعان بولادى، ولار وزدەرىنە اللا تاعالانىڭ اشۋىن شاقىرىپ الۋشىلار.
 
انىقتاپ ايتقاندا، ماڭگىلىك اقيرەتىن بۇل ۋاقىتشا دۇنيەلىك پايداعا ايىرباستاپ العاندار ەشقاشاندا ۇلى اللا تاعالامەن قاسيەتتى پايعامبارىمىز سەنىم ارتقان جانە باعالاعان ادامدار ساپىنان ەمەس. ولار اللا تاعالا جەك كورگەن پەندەلەردەن ءارى ەشكىم اللا تاعالا جەك كورگەن ادامدى سۇيمەيدى. ولار وزدەرى قالاعانشا ايتسىن، جازسسىن جانە جوسپار ءتۇزسسىن، سۇيىكتىلەردەن بولا المايدى. اللا تاعالا حاديس قۇدىسيدە «مەن سۇيگەندى بارلىعى سۇيمەك.» دەيدى، ال ۇلىق اللا سۇيمەيتىندەرگەدە وسى ايتىلىم جۇرەدى ياعني «اللا تاعالا سۇيمەگەندى ەشكىمدە سۇيمەيدى.». سوندىقتان، وسى تەكتەس ادامدار وزدەرى ۇتىلعانمەن قويماي، باسقالاردى دا ماڭگىلىك ۇتىلىس جولىنا تاستاپ كەتەدى. اللا تاعالا ءبىزدى ناپسىمىزبەن شايتاننىڭ جاماندىعىنان ساقتاسىن.
 
ۋامين اللاحۋ تاۋفيق، ءال-فاتيحا
26/05/2021
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني
 
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 1297
0 пікір
Блог туралы