Әруақты яғни ол дүниелік жақыныңызды қалай қуантасыз?
Әруақты яғни ол дүниелік жақыныңызды қалай қуантасыз?
Әруақты яғни ол дүниелік жақыныңызды қалай қуантасыз?
 
Қайтыс болып кеткен кісілер жұма күні кеш және дүйсенбі күндері рух күйінде яғни олардың әруағы өз отбасымен жақын туыстарын аралауға келеді. Ал біздің бұл қонақтарға бере алатын ең жақсы әрі ең үлкен си-сауғаларымыз «сауабы оларға тисін деген ниетпен олардың атында құран қатым оқып, зікір-салауат ету, олардың атынан садақа беріп, құрбан шалу (нәзір беру, асын өткізу)» сынды істер болмақ.
 
Ол кісілер әлдеқашан бұл дүниеден аттанып кеткендіктен, оларға тамақ-сусын немесе мәлім дүниені яки ақшаны сауға ретінде бере алмаймыз. Бірақ біз олардың атынан ізгі істермен сауапты жұмыстарды атқаруымызға болады. Мәселен, олардың атынан садақа беру, жоқ-жітікке және көмекке мұқтаж әлсіз жандарға көмектесу қатарлылар, ал бұл істеріміз бақилық кісілерді қуандырады, олар разы болып, әруағы бір аунап қунайды.
 
Олар (әруақтар) біздің құран аяттарын оқып, зікір-салауат етіп, оларға бағыштауымызды күтіп отырады немесе одан дәметеді, ал біз оларға осы сауғаларды арнасақ олар қатты қуанып, риза болмақ. Олар рухани күймен (рух-әруақ кейіппен) келіп, бұл дүниедегі жақындарына назар салады, жақындары жақсы хәлде болса олар қуанып қалмақ. Бұндағы «жақсы хәл» дегеніміз - бұл дүниелік жақындарының алла тағала көрсеткен жақсы жолдармен жүріп, алла тағаланың махабатына ие бола білуі. Егер хәлдері нашар болса, оларың көңілсізденіп, мұңайып қалмақ.
 
Ол дүниелік жақындарыңызды немесе олардың әруақтарын қуантып, разы ету үшін ең алдымен сіз тура жолда жүрген болуыңыз және алла тағаланың бұйырғандарын істейтін қайырлы пенде болуыңыз қажет, сонда ғана оларға пайдаңыз тимек. Бұл жоғарыда айтылғандар иман келтіргендердің рух-әруақтарына қатысты істер. Себебі, адам өліп, жаны тәннен суырылып алынғанда, иман келтіргендердің жаны жәннәтқа ұқсайтын жаққа (барзақ) жеткізілсе, кәпірдің жаны тозаққа ұқсайтын жаққа лақтырылады. Кәпірдің рухы яғни әруағы бұл дұниедегі отбасымен жақындарына келе алмайды да, оларды көре алмайды. Алла тағалаға иман келтірген адамдардың әруақтары ғана туыстарына келіп, оларға көз сала алады. Айтып өткеніміздей, әруақтар жақындары жақсы хәлде болса қуанып, нашар хәлде болса мұңайады.
 
Адамдар жақыны қайтыс болғанда тым көңілсізденіп, қатты қайғырады, ал иман келтіргендер барлығыда алла тағаланың қалауы деп сенгендіктен еш өлімге қайғырмайды, ешбір жан өлімнен қашып құтылмақ емес. Егер мархұмдарға әлдебір пайдалы іс етпек болсаң, онда олардың атынан жақсылық істе. Осылай етсеңіз сіздіңде, мархұмдардыңда көңілсіздік бұлыты сейіледі, олардың жандары жәй табады.
 
Қабырлардың қасынан өтіп бара жатқанда ондағыларға құран не дұға арнап жіберсеңіз, онда жатқан барлық мархұм жарықтықтар бір қуанып, сізге разы болады. Себебі, көптеген адамдар ондағы мархұмдарға арнап құран бағыштап, дұға етіп жатқан жоқ. Ал оларға арнап осы амалдар етілсе, алла тағала ондағылардың бәріне рахым нүрын төгеді де, қиналып жатқан мархұмдар болса бағышталған құран-дұғалардың сауабынан пайда алып, қиналыстары жеңілдейді немесе қиналыстарын алла тағала бүккілдей алып тастайды.
 
Бұл пайғамбарымызбен оның мұрагерлері әулиелердің айтқандары, үйткені олар қабырда жатқан мархұмдардың жағдайы қалай екенін және олардың не күйде жатқанын біледі. Кейде олар өздеріне берілген илахи күшпен қабырдағыларға қарайды және олардың қиналыстарымен тартқан азаптарын көре алады. Мәселен, олар алғаш қарағанда кейбір мархұмдардың қатты азап тартып жатқанын көрсе, кейін мәлім уақыттан соң тағы бір қарағанда олардың азаптарының алынып тасталғанына куа болады. Не үшін бұлай болады? Себебі, кейде бұл қабырға жақын араға шын тақуа кісі орналасқаннан болса, кейде бұл арадан жол-жөнекей өткен адамдардың қабырдағы мархұмдарға құран-дұға бағыштағанынан болады. Алла тағала осыбір қайырлы тірілердің берекесі себепті, бақилық мархұмдардың қиналысын немесе қабыр азабын алып тастайды, бұл алла тағаладан адамдарға берілген үлкен нығымет. Алла тағаланың мейрім рахымы аса зор, ол пенделеріне сансыздаған рахым есіктерін ашып қойған, алла тағала осы есіктері арқылы пенделерін оның рахым мейрімімен қауышуға себепкер етеді. Бір аят, бір салауат немесе аз ғана зікірдің өзі адамдарға өте үлкен пайда әкеледі.
 
Алла тағала дүниенің әр бұрышынан оқылған және бағышталған құран, дұға-тілектерді қабыл ете кор әрі бәрімізге де разы бола кор. Көп елдерде дұға айтып, қатым түсіру салт-дәстүрге айналып кеткен. Бізде түсірлген қатым құранды, оқылған сүрелермен аяттарды, айтылған зікірлермен салауаттарды ең алдымен қасиетті мүбарак пайғамбар әлехиссаламға, онан соң оның әулетіндегі әруақтарға, оның ұлы сахабаларының әруақтарына, барлық пайғамбарлардың рухтарына, барлық әулиелермен машайықтардың әруақтарына бағыштаймыз, арнаймыз. Олардың жасап кеткен әрқандай жақсы баталарымен ізгі тілектері қабыл болып, шындыққа айналғай әрі ол бата-тілектер бәрімізді бұл дүниеде де, ақиретте де бақытқа жетуге себебкер еткей, иншалла. Бұл бағыштауларды бізге сүйікті болған маулана шайық Назым әулиенің және әулие Хала Сұлтанныңда рухтарына арнаймыз, лиллахил тағалал фатиха.
 
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани
 
 
 
ارۋاقتى ياعني ول دۇنيەلىك جاقىنىڭىزدى قالاي قۋانتاسىز؟
 
قايتىس بولىپ كەتكەن كىسىلەر جۇما كۇنى كەش جانە دۇيسەنبى كۇندەرى رۋح كۇيىندە ياعني ولاردىڭ ارۋاعى ءوز وتباسىمەن جاقىن تۋىستارىن ارالاۋعا كەلەدى. ال ءبىزدىڭ بۇل قوناقتارعا بەرە الاتىن ەڭ جاقسى ءارى ەڭ ۇلكەن سي-ساۋعالارىمىز «ساۋابى ولارعا ءتيسىن دەگەن نيەتپەن ولاردىڭ اتىندا قۇران قاتىم وقىپ، زىكىر-سالاۋات ەتۋ، ولاردىڭ اتىنان ساداقا بەرىپ، قۇربان شالۋ (ءنازىر بەرۋ، اسىن وتكىزۋ)» سىندى ىستەر بولماق.
 
ول كىسىلەر الدەقاشان بۇل دۇنيەدەن اتتانىپ كەتكەندىكتەن، ولارعا تاماق-سۋسىن نەمەسە ءمالىم دۇنيەنى ياكي اقشانى ساۋعا رەتىندە بەرە المايمىز. بىراق ءبىز ولاردىڭ اتىنان ىزگى ىستەرمەن ساۋاپتى جۇمىستاردى اتقارۋىمىزعا بولادى. ماسەلەن، ولاردىڭ اتىنان ساداقا بەرۋ، جوق-جىتىككە جانە كومەككە مۇقتاج ءالسىز جاندارعا كومەكتەسۋ قاتارلىلار، ال بۇل ىستەرىمىز باقيلىق كىسىلەردى قۋاندىرادى، ولار رازى بولىپ، ارۋاعى ءبىر اۋناپ قۋنايدى.
 
ولار (ارۋاقتار) ءبىزدىڭ قۇران اياتتارىن وقىپ، زىكىر-سالاۋات ەتىپ، ولارعا باعىشتاۋىمىزدى كۇتىپ وتىرادى نەمەسە ودان دامەتەدى، ال ءبىز ولارعا وسى ساۋعالاردى ارناساق ولار قاتتى قۋانىپ، ريزا بولماق. ولار رۋحاني كۇيمەن (رۋح-ارۋاق كەيىپپەن) كەلىپ، بۇل دۇنيەدەگى جاقىندارىنا نازار سالادى، جاقىندارى جاقسى حالدە بولسا ولار قۋانىپ قالماق. بۇنداعى «جاقسى ءحال» دەگەنىمىز - بۇل دۇنيەلىك جاقىندارىنىڭ اللا تاعالا كورسەتكەن جاقسى جولدارمەن ءجۇرىپ، اللا تاعالانىڭ ماحاباتىنا يە بولا ءبىلۋى. ەگەر حالدەرى ناشار بولسا، ولارىڭ كوڭىلسىزدەنىپ، مۇڭايىپ قالماق.
 
ول دۇنيەلىك جاقىندارىڭىزدى نەمەسە ولاردىڭ ارۋاقتارىن قۋانتىپ، رازى ەتۋ ءۇشىن ەڭ الدىمەن ءسىز تۋرا جولدا جۇرگەن بولۋىڭىز جانە اللا تاعالانىڭ بۇيىرعاندارىن ىستەيتىن قايىرلى پەندە بولۋىڭىز قاجەت، سوندا عانا ولارعا پايداڭىز تيمەك. بۇل جوعارىدا ايتىلعاندار يمان كەلتىرگەندەردىڭ رۋح-ارۋاقتارىنا قاتىستى ىستەر. سەبەبى، ادام ءولىپ، جانى تاننەن سۋىرىلىپ الىنعاندا، يمان كەلتىرگەندەردىڭ جانى جانناتقا ۇقسايتىن جاققا (بارزاق) جەتكىزىلسە، كاپىردىڭ جانى توزاققا ۇقسايتىن جاققا لاقتىرىلادى. كاپىردىڭ رۋحى ياعني ارۋاعى بۇل دۇنيەدەگى وتباسىمەن جاقىندارىنا كەلە المايدى دا، ولاردى كورە المايدى. اللا تاعالاعا يمان كەلتىرگەن ادامداردىڭ ارۋاقتارى عانا تۋىستارىنا كەلىپ، ولارعا كوز سالا الادى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ارۋاقتار جاقىندارى جاقسى حالدە بولسا قۋانىپ، ناشار حالدە بولسا مۇڭايادى.
 
ادامدار جاقىنى قايتىس بولعاندا تىم كوڭىلسىزدەنىپ، قاتتى قايعىرادى، ال يمان كەلتىرگەندەر بارلىعىدا اللا تاعالانىڭ قالاۋى دەپ سەنگەندىكتەن ەش ولىمگە قايعىرمايدى، ەشبىر جان ولىمنەن قاشىپ قۇتىلماق ەمەس. ەگەر مارحۇمدارعا الدەبىر پايدالى ءىس ەتپەك بولساڭ، وندا ولاردىڭ اتىنان جاقسىلىق ىستە. وسىلاي ەتسەڭىز سىزدىڭدە، مارحۇمداردىڭدا كوڭىلسىزدىك بۇلىتى سەيىلەدى، ولاردىڭ جاندارى ءجاي تابادى.
 
قابىرلاردىڭ قاسىنان ءوتىپ بارا جاتقاندا ونداعىلارعا قۇران نە دۇعا ارناپ جىبەرسەڭىز، وندا جاتقان بارلىق مارحۇم جارىقتىقتار ءبىر قۋانىپ، سىزگە رازى بولادى. سەبەبى، كوپتەگەن ادامدار ونداعى مارحۇمدارعا ارناپ قۇران باعىشتاپ، دۇعا ەتىپ جاتقان جوق. ال ولارعا ارناپ وسى امالدار ەتىلسە، اللا تاعالا ونداعىلاردىڭ بارىنە راحىم ءنۇرىن توگەدى دە، قينالىپ جاتقان مارحۇمدار بولسا باعىشتالعان قۇران-دۇعالاردىڭ ساۋابىنان پايدا الىپ، قينالىستارى جەڭىلدەيدى نەمەسە قينالىستارىن اللا تاعالا بۇككىلدەي الىپ تاستايدى.
 
بۇل پايعامبارىمىزبەن ونىڭ مۇراگەرلەرى اۋليەلەردىڭ ايتقاندارى، ۇيتكەنى ولار قابىردا جاتقان مارحۇمداردىڭ جاعدايى قالاي ەكەنىن جانە ولاردىڭ نە كۇيدە جاتقانىن بىلەدى. كەيدە ولار وزدەرىنە بەرىلگەن يلاحي كۇشپەن قابىرداعىلارعا قارايدى جانە ولاردىڭ قينالىستارىمەن تارتقان ازاپتارىن كورە الادى. ماسەلەن، ولار العاش قاراعاندا كەيبىر مارحۇمداردىڭ قاتتى ازاپ تارتىپ جاتقانىن كورسە، كەيىن ءمالىم ۋاقىتتان سوڭ تاعى ءبىر قاراعاندا ولاردىڭ ازاپتارىنىڭ الىنىپ تاستالعانىنا كۋا بولادى. نە ءۇشىن بۇلاي بولادى؟ سەبەبى، كەيدە بۇل قابىرعا جاقىن اراعا شىن تاقۋا كىسى ورنالاسقاننان بولسا، كەيدە بۇل ارادان جول-جونەكەي وتكەن ادامداردىڭ قابىرداعى مارحۇمدارعا قۇران-دۇعا باعىشتاعانىنان بولادى. اللا تاعالا ءوسىبىر قايىرلى تىرىلەردىڭ بەرەكەسى سەبەپتى، باقيلىق مارحۇمداردىڭ قينالىسىن نەمەسە قابىر ازابىن الىپ تاستايدى، بۇل اللا تاعالادان ادامدارعا بەرىلگەن ۇلكەن نىعىمەت. اللا تاعالانىڭ مەيرىم راحىمى اسا زور، ول پەندەلەرىنە سانسىزداعان راحىم ەسىكتەرىن اشىپ قويعان، اللا تاعالا وسى ەسىكتەرى ارقىلى پەندەلەرىن ونىڭ راحىم مەيرىمىمەن قاۋىشۋعا سەبەپكەر ەتەدى. ءبىر ايات، ءبىر سالاۋات نەمەسە از عانا زىكىردىڭ ءوزى ادامدارعا وتە ۇلكەن پايدا اكەلەدى.
 
اللا تاعالا دۇنيەنىڭ ءار بۇرىشىنان وقىلعان جانە باعىشتالعان قۇران، دۇعا-تىلەكتەردى قابىل ەتە كور ءارى بارىمىزگە دە رازى بولا كور. كوپ ەلدەردە دۇعا ايتىپ، قاتىم ءتۇسىرۋ سالت-داستۇرگە اينالىپ كەتكەن. بىزدە تۇسىرلگەن قاتىم قۇراندى، وقىلعان سۇرەلەرمەن اياتتاردى، ايتىلعان زىكىرلەرمەن سالاۋاتتاردى ەڭ الدىمەن قاسيەتتى مۇباراك پايعامبار الەحيسسالامعا، ونان سوڭ ونىڭ اۋلەتىندەگى ارۋاقتارعا، ونىڭ ۇلى ساحابالارىنىڭ ارۋاقتارىنا، بارلىق پايعامبارلاردىڭ رۋحتارىنا، بارلىق اۋليەلەرمەن ماشايىقتاردىڭ ارۋاقتارىنا باعىشتايمىز، ارنايمىز. ولاردىڭ جاساپ كەتكەن ارقانداي جاقسى باتالارىمەن ىزگى تىلەكتەرى قابىل بولىپ، شىندىققا اينالعاي ءارى ول باتا-تىلەكتەر ءبارىمىزدى بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە باقىتقا جەتۋگە سەبەبكەر ەتكەي، ينشاللا. بۇل باعىشتاۋلاردى بىزگە سۇيىكتى بولعان ماۋلانا شايىق نازىم اۋليەنىڭ جانە اۋليە حالا سۇلتاننىڭدا رۋحتارىنا ارنايمىز، ليللاحيل تاعالال فاتيحا.
 
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني
 
Әруақты яғни ол дүниелік жақыныңызды қалай қуантасыз?
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1880
0 пікір
Блог туралы