Білім дегеніміз АЛЛА тағаланы тану
Білім дегеніміз АЛЛА тағаланы тану

Білім дегеніміз АЛЛА тағаланы тану

Алла тағала қасиетті құран кәримде «"білетіндер білместермен тең бе?" деп айт.» дейді, расында, білетіндермен білмейтіндер тең бе? олар ұқсас дәрежеде ме? жоқ, ешқашан олай болмақ емес, бұндағы «білу» деп айтылғаны сірә не? ол - білім, ал білім дегеніміз не? білім дегеніміз алла тағаланы тани білумен ОҒАН сене білу. Бұнда айтылған «білім» көп оқу арқылы келмейді, аса көп оқитін оқымыстылар мол-ақ, бірақ олар көп оқыған сайын алла тағаланы жоққа шығарады, бұндайды білім деп атамайды, керісінше надандық деп атайды, бұдан басқа дәнеңеде емес. Олар тіпті болымсыз нәрсе үйренбек үшінде соншама жыл уақыт жұмсап оқу оқйды, оны зеріттеп сабақ алмақ болады, осылайша олар ана-мынаны істеп көреді, бірақ соңында олар бәрібір алла тағаланы жоққа шығарады, сонымен бірге олар соңындағы ұрпақтарға да алла тағаланы қалай жоққа шығаруды үйретпек.

Бұндайлық істер білім емес, бірақ надандық болмақ, алла тағала олардың бұл күйін «білетіндер білмейтіндермен тең бе?» деп екі ауыз сөзбен баяндайды. Әрине тең емес, білетіндер - ең алдымен алла тағаланың алдында одан соң адамдар арасына ең таңдаулылардан, ең қабыл етілгендерден және ең жоғары дәрежедегілерден. Білместер - надандар, ал надандықты үйреткендер - ең пәс төмендер, ең нашарлар және қабыл етілмей кері қайтарылатындар.

Алла тағаланы көптеп мойындап таныған сайын, дәрежең көтеріле бермек, ал керісінше болса, төмен құлдилап дәрежең түсе бермек, қанша төмен түскен сайын құның сонша арзандай бермек. Алла тағала - аса ұлы, алла тағаламен бірге бол, бірақ өздерін ұлы немесе ерекше санайтындармен бірге болма, бұндай адамдар өздерін алдап жүргендерден басқа дәнеңе емес, олар өздеріне ұқсайтын тәлейсіз соры қалың адамдарды алдайды, оған ергендер де солар секілді төмен пәс болмақ, олар алла тағаланың алдында қабыл етілмейтіндерден.

Олар өздерін әлі жеткенше «біз бәлебіз я түгіленбіз.» деп айта берсін, ал олар алла тағаланың алдына құнын жоғалытқанда, ұқсас түрде, адамдар арасында да құнын жоғалтатын болады. Кейде сыртын бүтіндеп, өздерін соншама жарнамалап жәриялап жататын адамдар кездеседі, бірақ бұндай тірлік пайдасыз болып, олардың еш құн-бағасы қалмайды, ал адамдар арасында хақты көре білетіндер хақты білетіндерден.

Пенденің құны - алла тағаланы біліп, ОНЫ тани білуінде, алла тағала біздерді осындайлардан етсін, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


ءبىلىم دەگەنىمىز اللا تاعالانى تانۋ (2020.09.18)

اللا تاعالا قاسيەتتى قۇران كاريمدە «"بىلەتىندەر بىلمەستەرمەن تەڭ بە؟" دەپ ايت.» دەيدى، راسىندا، بىلەتىندەرمەن بىلمەيتىندەر تەڭ بە؟ ولار ۇقساس دارەجەدە مە؟ جوق، ەشقاشان ولاي بولماق ەمەس، بۇنداعى «ءبىلۋ» دەپ ايتىلعانى ءسىرا نە؟ ول - ءبىلىم، ال ءبىلىم دەگەنىمىز نە؟ ءبىلىم دەگەنىمىز اللا تاعالانى تاني بىلۋمەن وعان سەنە ءبىلۋ. بۇندا ايتىلعان «ءبىلىم» كوپ وقۋ ارقىلى كەلمەيدى، اسا كوپ وقيتىن وقىمىستىلار مول-اق، بىراق ولار كوپ وقىعان سايىن اللا تاعالانى جوققا شىعارادى، بۇندايدى ءبىلىم دەپ اتامايدى، كەرىسىنشە ناداندىق دەپ اتايدى، بۇدان باسقا دانەڭەدە ەمەس. ولار ءتىپتى بولىمسىز نارسە ۇيرەنبەك ۇشىندە سونشاما جىل ۋاقىت جۇمساپ وقۋ وقيدى، ونى زەرىتتەپ ساباق الماق بولادى، وسىلايشا ولار انا-مىنانى ىستەپ كورەدى، بىراق سوڭىندا ولار ءبارىبىر اللا تاعالانى جوققا شىعارادى، سونىمەن بىرگە ولار سوڭىنداعى ۇرپاقتارعا دا اللا تاعالانى قالاي جوققا شىعارۋدى ۇيرەتپەك.

بۇندايلىق ىستەر ءبىلىم ەمەس، بىراق ناداندىق بولماق، اللا تاعالا ولاردىڭ بۇل كۇيىن «بىلەتىندەر بىلمەيتىندەرمەن تەڭ بە؟» دەپ ەكى اۋىز سوزبەن باياندايدى. ارينە تەڭ ەمەس، بىلەتىندەر - ەڭ الدىمەن اللا تاعالانىڭ الدىندا ودان سوڭ ادامدار اراسىنا ەڭ تاڭداۋلىلاردان، ەڭ قابىل ەتىلگەندەردەن جانە ەڭ جوعارى دارەجەدەگىلەردەن. بىلمەستەر - ناداندار، ال ناداندىقتى ۇيرەتكەندەر - ەڭ ءپاس تومەندەر، ەڭ ناشارلار جانە قابىل ەتىلمەي كەرى قايتارىلاتىندار.

اللا تاعالانى كوپتەپ مويىنداپ تانىعان سايىن، دارەجەڭ كوتەرىلە بەرمەك، ال كەرىسىنشە بولسا، تومەن قۇلديلاپ دارەجەڭ تۇسە بەرمەك، قانشا تومەن تۇسكەن سايىن قۇنىڭ سونشا ارزانداي بەرمەك. اللا تاعالا - اسا ۇلى، اللا تاعالامەن بىرگە بول، بىراق وزدەرىن ۇلى نەمەسە ەرەكشە سانايتىندارمەن بىرگە بولما، بۇنداي ادامدار وزدەرىن الداپ جۇرگەندەردەن باسقا دانەڭە ەمەس، ولار وزدەرىنە ۇقسايتىن تالەيسىز سورى قالىڭ ادامداردى الدايدى، وعان ەرگەندەر دە سولار سەكىلدى تومەن ءپاس بولماق، ولار اللا تاعالانىڭ الدىندا قابىل ەتىلمەيتىندەردەن.

ولار وزدەرىن ءالى جەتكەنشە «ءبىز بالەبىز يا تۇگىلەنبىز.» دەپ ايتا بەرسىن، ال ولار اللا تاعالانىڭ الدىنا قۇنىن جوعالىتقاندا، ۇقساس تۇردە، ادامدار اراسىندا دا قۇنىن جوعالتاتىن بولادى. كەيدە سىرتىن بۇتىندەپ، وزدەرىن سونشاما جارنامالاپ ءجاريالاپ جاتاتىن ادامدار كەزدەسەدى، بىراق بۇنداي تىرلىك پايداسىز بولىپ، ولاردىڭ ەش قۇن-باعاسى قالمايدى، ال ادامدار اراسىندا حاقتى كورە بىلەتىندەر حاقتى بىلەتىندەردەن.

پەندەنىڭ قۇنى - اللا تاعالانى ءبىلىپ، ونى تاني بىلۋىندە، اللا تاعالا بىزدەردى وسىندايلاردان ەتسىن، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?post=104

Білім дегеніміз АЛЛА тағаланы тану
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1387
0 пікір
Блог туралы