Тәриқат сопылық жолы - тура жол, және бұзық ғалыммен жақсы ғалым хақында
Тәриқат сопылық жолы - тура жол, және бұзық ғалыммен жақсы ғалым хақында
Тәриқат соплық жолы - тура жол, және бұзық ғалыммен жақсы ғалым хақында
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?post=102
Әдетте мәлім бір іс туыла қалса, адамдар оған қатысты шешімді дереу шығарып жібергісі келіп тұрады. Олар «қайсысы дұрыс, бұл іс дұрыспа әлде бұрыспа па?» деп сұрақтың астына алады, әсілінде бұндай асығыстық жасаудың еш қажеті жоқ, ендеше істердің дұрыс-бұрыстығын қалай білеміз? Мұнда Ахлус Сүннә ул-Жамағаға, адамгершілікке және исламға сәйкес келетін істер жақсы іс болып табылады. Алайда, кейбір нәрселердың сыртқы бейнесі жақсы көрінгенімен, бірақ олардың ішкі бейнесі жаман болады, ал біз осы түйіндерге абай болғанымыз жөн.

Пайғамбарымыздан соң көптеген топ-фирқалар қалыптасып, олар жолдан шығып кетті. Пайғамбарымыз «болашақта 73 түрлі топ-фирқалар пайда болады, олардың ішінде тек біреуі ғана аман қалады.» дейді, аман қалатын бұл топ кімдер болмақ? Олар қасиетті пайғамбарымыздың жолына ерген топ, олар шәриғатпен тәриқатті бірдей тең ұстанған топ. Тек тәриқат немесе тек шәриғатпен ғана жүру жеткіліксіз, тек қана шәриғатпен қалу бейне жансыз яғни руханиятсыз қалумен бірдей іс, шәриғатты жосықсыз қолдана беру оңай, себебі шәриғат жалғыз қалса, ол тірексіз қалған болады, бұндағы тірек деп отырғанымыз мүбәрак пайғамбарымызбен алла тағала арналған махаббат. Тек қана шәриғат үстем болған жерде, олар әрқандай нәрсені қабыл етуге жол ашуы мүмкін, мұндайда олар жақсылықпен руханияттан басқасының барлығын өздеріне қабылдай беретін болады, олар руханиятты қабыл етпейтіндіктен жансыз дүниеге айналады, ал жансыз нәрсе болушы ма еді?.

Мына дүниеде әр түрлі адамдармен әр түрлі топтар бар, бұнда тәриқат жолы тура жол, жақсы жол, ал қалғандары адамдарды алдау үшін ғана, олардың адамдарға пайдасынан көрі зияны көп. Сонымен бірге, олар тәриқатты қабыл етпейді әрі тәриқат хақында жаман сөздер айтады, не үшін? себебі хақтың достары нағыз шыншыл адамдар да, ал оған дұшпандар қателескен адамдар, алла тағала адамдарды осылай жаратты, бұның барлығы сынақ. Күмәнсіз, жақсылар жақсылыққа жетеді де, жамандар сыпырылып алынып кетілетін болады.

Мүбарак пайғамбарымыздың заманынан бастап қазірге дейін көптеген адамдар өздерін маңызды тұлғалар ретінде көріп, өздерінің ойлары бойынша көптеген кітаптар жазып қалдырды, бұлар - бұзық ғалымдар, олардың қалдырған бүлік-фитналары Мәхди әлеихиссалам қазірет келгенге дейін жалғасады, ал Мәхди әлеихиссалам қазірет келгенде олардың бүлігін тамам ететін болады. Бүлік-фитна алла тағала жек көрген әрі қарғыстаған нәрселерден, кейде бір кітаптің немесе бірер ауыз сөздің әкелер зардабы қылыштан да жаман, қылыш сілтенсе бір адам өлер, бірақ сөздер немесе ойлар көп адамды адастырып, оларды бұл дүниеде бақытсыз етіп қана қоймай, ақиретте де олардың табар орнын жақсы орын етпестен, аса жаман орыннан ететін болады. Алла тағала баршамызды өз панасында еткей.

Біз былықпалыққа толы заманда өмір сүріп жатырмыз, адамдар білімді ғалым-ғұламаларды жақсы деп ойлайды, алайда мәлім уақыттан соң адамдар аталмыш ғалым-ғұламалардың ішімен сыртының екі бөлек екендігін байқайды. Осы дүниеде адамдарды алдап, олардың өмірімен ақиретін күйрететін көптеген ғалым білгіштер бар, олар - бұзық ғалымдар, оларды «عالم سوء» яғни «бұзық ғалымдар» деп атайды. Ғалымдар екі түрлі болады, бірі жақсы ғалымдар болса, енді бірі бұзық ғалымдар. Алла тағала біздерді өз панасына алып, игі-жақсылармен бірге еткей, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


تاريقات جولى - تۋرا جول, جانە بۇزىق عالىممەن جاقسى عالىم (2021.08.27)

ادەتتە ءمالىم ءبىر ءىس تۋىلا قالسا، ادامدار وعان قاتىستى شەشىمدى دەرەۋ شىعارىپ جىبەرگىسى كەلىپ تۇرادى. ولار «قايسىسى دۇرىس، بۇل ءىس دۇرىسپا الدە بۇرىسپا پا؟» دەپ سۇراقتىڭ استىنا الادى، اسىلىندە بۇنداي اسىعىستىق جاساۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، ەندەشە ىستەردىڭ دۇرىس-بۇرىستىعىن قالاي بىلەمىز؟ مۇندا احلۋس ءسۇننا ۋل-جاماعاعا، ادامگەرشىلىككە جانە يسلامعا سايكەس كەلەتىن ىستەر جاقسى ءىس بولىپ تابىلادى. الايدا، كەيبىر نارسەلەردىڭ سىرتقى بەينەسى جاقسى كورىنگەنىمەن، بىراق ولاردىڭ ىشكى بەينەسى جامان بولادى، ال ءبىز وسى تۇيىندەرگە اباي بولعانىمىز ءجون.

پايعامبارىمىزدان سوڭ كوپتەگەن توپ-فيرقالار قالىپتاسىپ، ولار جولدان شىعىپ كەتتى. پايعامبارىمىز «بولاشاقتا 73 ءتۇرلى توپ-فيرقالار پايدا بولادى، ولاردىڭ ىشىندە تەك بىرەۋى عانا امان قالادى.» دەيدى، امان قالاتىن بۇل توپ كىمدەر بولماق؟ ولار قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ەرگەن توپ، ولار شاريعاتپەن تاريقاتتى بىردەي تەڭ ۇستانعان توپ. تەك تاريقات نەمەسە تەك شاريعاتپەن عانا ءجۇرۋ جەتكىلىكسىز، تەك قانا شاريعاتپەن قالۋ بەينە جانسىز ياعني رۋحانياتسىز قالۋمەن بىردەي ءىس، شاريعاتتى جوسىقسىز قولدانا بەرۋ وڭاي، سەبەبى شاريعات جالعىز قالسا، ول تىرەكسىز قالعان بولادى، بۇنداعى تىرەك دەپ وتىرعانىمىز مۇباراك پايعامبارىمىزبەن اللا تاعالا ارنالعان ماحاببات. تەك قانا شاريعات ۇستەم بولعان جەردە، ولار ارقانداي نارسەنى قابىل ەتۋگە جول اشۋى مۇمكىن، مۇندايدا ولار جاقسىلىقپەن رۋحانياتتان باسقاسىنىڭ بارلىعىن وزدەرىنە قابىلداي بەرەتىن بولادى، ولار رۋحانياتتى قابىل ەتپەيتىندىكتەن جانسىز دۇنيەگە اينالادى، ال جانسىز نارسە بولۋشى ما ەدى؟.

مىنا دۇنيەدە ءار ءتۇرلى ادامدارمەن ءار ءتۇرلى توپتار بار، بۇندا تاريقات جولى تۋرا جول، جاقسى جول، ال قالعاندارى ادامداردى الداۋ ءۇشىن عانا، ولاردىڭ ادامدارعا پايداسىنان كورى زيانى كوپ. سونىمەن بىرگە، ولار تاريقاتتى قابىل ەتپەيدى ءارى تاريقات حاقىندا جامان سوزدەر ايتادى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى حاقتىڭ دوستارى ناعىز شىنشىل ادامدار دا، ال وعان دۇشپاندار قاتەلەسكەن ادامدار، اللا تاعالا ادامداردى وسىلاي جاراتتى، بۇنىڭ بارلىعى سىناق. كۇمانسىز، جاقسىلار جاقسىلىققا جەتەدى دە، جاماندار سىپىرىلىپ الىنىپ كەتىلەتىن بولادى.

مۇباراك پايعامبارىمىزدىڭ زامانىنان باستاپ قازىرگە دەيىن كوپتەگەن ادامدار وزدەرىن ماڭىزدى تۇلعالار رەتىندە كورىپ، وزدەرىنىڭ ويلارى بويىنشا كوپتەگەن كىتاپتار جازىپ قالدىردى، بۇلار - بۇزىق عالىمدار، ولاردىڭ قالدىرعان بۇلىك-فيتنالارى ءماحدي الەيحيسسالام قازىرەت كەلگەنگە دەيىن جالعاسادى، ال ءماحدي الەيحيسسالام قازىرەت كەلگەندە ولاردىڭ بۇلىگىن تامام ەتەتىن بولادى. بۇلىك-فيتنا اللا تاعالا جەك كورگەن ءارى قارعىستاعان نارسەلەردەن، كەيدە ءبىر كىتاپتىڭ نەمەسە بىرەر اۋىز ءسوزدىڭ اكەلەر زاردابى قىلىشتان دا جامان، قىلىش سىلتەنسە ءبىر ادام ولەر، بىراق سوزدەر نەمەسە ويلار كوپ ادامدى اداستىرىپ، ولاردى بۇل دۇنيەدە باقىتسىز ەتىپ قانا قويماي، اقيرەتتە دە ولاردىڭ تابار ورنىن جاقسى ورىن ەتپەستەن، اسا جامان ورىننان ەتەتىن بولادى. اللا تاعالا بارشامىزدى ءوز پاناسىندا ەتكەي.

ءبىز بىلىقپالىققا تولى زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ادامدار ءبىلىمدى عالىم-عۇلامالاردى جاقسى دەپ ويلايدى، الايدا ءمالىم ۋاقىتتان سوڭ ادامدار اتالمىش عالىم-عۇلامالاردىڭ ىشىمەن سىرتىنىڭ ەكى بولەك ەكەندىگىن بايقايدى. وسى دۇنيەدە ادامداردى الداپ، ولاردىڭ ومىرىمەن اقيرەتىن كۇيرەتەتىن كوپتەگەن عالىم بىلگىشتەر بار، ولار - بۇزىق عالىمدار، ولاردى «عالم سوء» ياعني «بۇزىق عالىمدار» دەپ اتايدى. عالىمدار ەكى ءتۇرلى بولادى، ءبىرى جاقسى عالىمدار بولسا، ەندى ءبىرى بۇزىق عالىمدار. اللا تاعالا بىزدەردى ءوز پاناسىنا الىپ، يگى-جاقسىلارمەن بىرگە ەتكەي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?post=102
 
Тәриқат жолы - тура жол және бұзық ғалыммен жақсы ғалым
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 жыл бұрын 1998
0 пікір
Блог туралы