Бұл дүниеге не үшін келдің?
Бұл дүниеге не үшін келдің?

Бұл дүниеге не үшін келдің?

https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/305519824875063

Бұл ай қасиетті пайғамбарымыз туылған ай екенін білесіздер яғни оның туылған күні келе жатыр, сіздер оның қүрметі үшін келдіңіздер, алла тағала зияраттарыңызбен бұл мойын ұсынуларыңызды қабыл еткей, алла тағала сіздерге риза болсын. Қасиетті пайғамбарымыз туралы құранда «айт (я Мұхаммад), "егер алла тағаланы сүйсеңдер, онда маған еріңдер, (солай етсеңдер) алла тағалада сендерді де сүймек" деп айыт.» (құран 03:31) дейді, бұнда пайғамбарымыз «алла тағаланы сүйсең, оған ермекші болсаң, онда маған ер» деп адамдарға ескерту беруде, «егер сен маған ерсең, менің жолымда жүрсең, алла тағала сендерді сүйетін болады әрі кешіреді, оның кешіріміне қауышуға лайықтысың» демекілік, мұсылмандар үшін, пайғамбарымыздың жолындағылар үшін бұл айтылған түйінді олар өздерінің ең үлкен мақсаты етуі керек, пайғамбарымыздың істегендерін шама-шарқымыз келгенше істеу біздің міндетіміз.

«Бұл дүниеге не үшін келдің?» деп сұралғанда, «дүние үшін келдім.» деп жауап берген адам нағыз ақымақ адам, себебі бұл дүние уақытша ғана, ешкім бұл дүниені қолында ұстап тұра алмайды. Бұл сұраққа «мен бұнда ақирет үшін келдім, алла тағалаға мойын ұсынып, оған қызметші пенде болуға келдім, қасиетті пайғамбарымыздың үмбеті болуға келдім» деп жауап бер, айтылуға тиісті жауабы осы әрі бұлар біздің осында атқаратын міндеттеріміз болмақ. Жеу-ішу, ойнап-күлу және қызыққа бату сияқтылар біздің міндет емес, дүниеден сұрарымыз да бұл нәрселер емес. Біз алла тағаланың ризалығымен оның кешірімін алғымыз келеді, біз бұл дүниеге оны қолымызда ұстап тұрғандай болып келмедік, бірақ бұдан яғни дүниеден басқасының барлығы бізге байланысты.

Мүбәрак пайғамбарымыз «маған ер, шайтамен басқаларға ерме, маған ерсең пайдалы істерді істейтін боласың, ал маған ермесең, құның қалмас, тіпті бүккіл дүние саған тән болсада, одан ешбір пайда жоқ, керексіз болмақ.» дейді. Күллі мемілекет болсын, мейлік ойыңа не келсе соның барлығы маған тән деп жәрияла, олар сенікі ақ болсын, бірақ оның барлығы сенен кететін болады, ал соңында садақаң, жақсы амалдарың және пайғамбарымызға ергендігің ғана сенімен бірге қалмақ, сондықтан кезкелген мұсылман пайғамбарымыздың жолында бола білуі және ол хақында көп ойлануы керек. Егер адамдар әр ісінде осыны ойлана білсе, бұл оған еш кедергілік әкелмейді, қайта керісінше тіптіде мол берекелермен пайдаларды алып келетін болады, үйітпегенде олар қысым және жабығу астында өмір сүреді әрі бұл дүниеге неге келіп неге кеткенін білмей дал болған түрде құр қол ақиретке аттанатын болады.

Біздер пайғамбарымыздың үмбеті болғандығымыз үшін алла тағалаға шүкірліктер айтуымыз керек, бұл өте үлкен нығмет, пайғамбарымыз «менің барлық үмбетім жәннатқа кіреді, тек қасарысқандарынан басқасы» дейді, адамдар «бұл қасарысқандар кімдер?» деп сұрайды, оған пайғамбарымыз «маған құлақ салғандар, сөздеріммен амалдарымды қабылдағандар жәннатқа кіреді, ал бұларды қабылдамағандар жәннатқа кіре алмайды, бірақ тозаққа барады.» деп жауап қайырады. Сондықтан, біздің бұл дүниедегі ең үлкен міндетіміз пайғамбарымыздың жолында жүру, осыбір бақыт-қуаныштың жолында жүру, бұл жол жәннатқа бастайтын жол, ал басқа жолдар жәннаттың жолы емес болып, олар сені тозаққа алып кетпек, бұны түсіне білулерің өте қажетті-дүр.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن كەلدىڭ؟ (2021.10.15)

بۇل اي قاسيەتتى پايعامبارىمىز تۋىلعان اي ەكەنىن بىلەسىزدەر ياعني ونىڭ تۋىلعان كۇنى كەلە جاتىر، سىزدەر ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن كەلدىڭىزدەر، اللا تاعالا زياراتتارىڭىزبەن بۇل مويىن ۇسىنۋلارىڭىزدى قابىل ەتكەي، اللا تاعالا سىزدەرگە ريزا بولسىن. قاسيەتتى پايعامبارىمىز تۋرالى قۇراندا «ايت (يا مۇحامماد)، "ەگەر اللا تاعالانى سۇيسەڭدەر، وندا ماعان ەرىڭدەر، (سولاي ەتسەڭدەر) اللا تاعالادا سەندەردى دە سۇيمەك" دەپ ايىت.» (قۇران 03:31) دەيدى، بۇندا پايعامبارىمىز «اللا تاعالانى سۇيسەڭ، وعان ەرمەكشى بولساڭ، وندا ماعان ەر» دەپ ادامدارعا ەسكەرتۋ بەرۋدە، «ەگەر سەن ماعان ەرسەڭ، مەنىڭ جولىمدا جۇرسەڭ، اللا تاعالا سەندەردى سۇيەتىن بولادى ءارى كەشىرەدى، ونىڭ كەشىرىمىنە قاۋىشۋعا لايىقتىسىڭ» دەمەكىلىك، مۇسىلماندار ءۇشىن، پايعامبارىمىزدىڭ جولىنداعىلار ءۇشىن بۇل ايتىلعان ءتۇيىندى ولار وزدەرىنىڭ ەڭ ۇلكەن ماقساتى ەتۋى كەرەك، پايعامبارىمىزدىڭ ىستەگەندەرىن شاما-شارقىمىز كەلگەنشە ىستەۋ ءبىزدىڭ مىندەتىمىز.

«بۇل دۇنيەگە نە ءۇشىن كەلدىڭ؟» دەپ سۇرالعاندا، «دۇنيە ءۇشىن كەلدىم.» دەپ جاۋاپ بەرگەن ادام ناعىز اقىماق ادام، سەبەبى بۇل دۇنيە ۋاقىتشا عانا، ەشكىم بۇل دۇنيەنى قولىندا ۇستاپ تۇرا المايدى. بۇل سۇراققا «مەن بۇندا اقيرەت ءۇشىن كەلدىم، اللا تاعالاعا مويىن ۇسىنىپ، وعان قىزمەتشى پەندە بولۋعا كەلدىم، قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولۋعا كەلدىم» دەپ جاۋاپ بەر، ايتىلۋعا ءتيىستى جاۋابى وسى ءارى بۇلار ءبىزدىڭ وسىندا اتقاراتىن مىندەتتەرىمىز بولماق. جەۋ-ءىشۋ، ويناپ-كۇلۋ جانە قىزىققا باتۋ سياقتىلار ءبىزدىڭ مىندەت ەمەس، دۇنيەدەن سۇرارىمىز دا بۇل نارسەلەر ەمەس. ءبىز اللا تاعالانىڭ ريزالىعىمەن ونىڭ كەشىرىمىن العىمىز كەلەدى، ءبىز بۇل دۇنيەگە ونى قولىمىزدا ۇستاپ تۇرعانداي بولىپ كەلمەدىك، بىراق بۇدان ياعني دۇنيەدەن باسقاسىنىڭ بارلىعى بىزگە بايلانىستى.

مۇباراك پايعامبارىمىز «ماعان ەر، شايتامەن باسقالارعا ەرمە، ماعان ەرسەڭ پايدالى ىستەردى ىستەيتىن بولاسىڭ، ال ماعان ەرمەسەڭ، قۇنىڭ قالماس، ءتىپتى بۇككىل دۇنيە ساعان ءتان بولسادا، ودان ەشبىر پايدا جوق، كەرەكسىز بولماق.» دەيدى. كۇللى مەمىلەكەت بولسىن، مەيلىك ويىڭا نە كەلسە سونىڭ بارلىعى ماعان ءتان دەپ ءجاريالا، ولار سەنىكى اق بولسىن، بىراق ونىڭ بارلىعى سەنەن كەتەتىن بولادى، ال سوڭىندا ساداقاڭ، جاقسى امالدارىڭ جانە پايعامبارىمىزعا ەرگەندىگىڭ عانا سەنىمەن بىرگە قالماق، سوندىقتان كەزكەلگەن مۇسىلمان پايعامبارىمىزدىڭ جولىندا بولا ءبىلۋى جانە ول حاقىندا كوپ ويلانۋى كەرەك. ەگەر ادامدار ءار ىسىندە وسىنى ويلانا بىلسە، بۇل وعان ەش كەدەرگىلىك اكەلمەيدى، قايتا كەرىسىنشە تىپتىدە مول بەرەكەلەرمەن پايدالاردى الىپ كەلەتىن بولادى، ۇيىتپەگەندە ولار قىسىم جانە جابىعۋ استىندا ءومىر سۇرەدى ءارى بۇل دۇنيەگە نەگە كەلىپ نەگە كەتكەنىن بىلمەي دال بولعان تۇردە قۇر قول اقيرەتكە اتتاناتىن بولادى.

بىزدەر پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولعاندىعىمىز ءۇشىن اللا تاعالاعا شۇكىرلىكتەر ايتۋىمىز كەرەك، بۇل وتە ۇلكەن نىعمەت، پايعامبارىمىز «مەنىڭ بارلىق ۇمبەتىم جانناتقا كىرەدى، تەك قاسارىسقاندارىنان باسقاسى» دەيدى، ادامدار «بۇل قاسارىسقاندار كىمدەر؟» دەپ سۇرايدى، وعان پايعامبارىمىز «ماعان قۇلاق سالعاندار، سوزدەرىممەن امالدارىمدى قابىلداعاندار جانناتقا كىرەدى، ال بۇلاردى قابىلداماعاندار جانناتقا كىرە المايدى، بىراق توزاققا بارادى.» دەپ جاۋاپ قايىرادى. سوندىقتان، ءبىزدىڭ بۇل دۇنيەدەگى ەڭ ۇلكەن مىندەتىمىز پايعامبارىمىزدىڭ جولىندا ءجۇرۋ، ءوسىبىر باقىت-قۋانىشتىڭ جولىندا ءجۇرۋ، بۇل جول جانناتقا باستايتىن جول، ال باسقا جولدار ءجانناتتىڭ جولى ەمەس بولىپ، ولار سەنى توزاققا الىپ كەتپەك، بۇنى تۇسىنە بىلۋلەرىڭ وتە قاجەتتى-ءدۇر.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Бұл дүниеге не үшін келдің?
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
11 ай бұрын 870
0 пікір
Блог туралы