Мәзхап имамдарының сопылық тәриқат жайлы айтқандары
Мәзхап имамдарының сопылық тәриқат жайлы айтқандары

Мәзхап имамдарының сопылық тәриқат жайлы айтқандары

Сопылық тәриқат, суфизм және тасауф қатарлы ұғымдар ұқсас ұғымдардан, сопылық тәриқат яғни суфизм исламның алдында да, артында да немесе қасында да тұрмайды, бірақ суфизм исламның жүрегі делінеді. Сопылық тәриқат адамдардың жүректерін тазалап, ішкі жан дүниесін кіршіксіздікке жеткізеді, ол - кемел мұсылмандыққа жетудің қысқа әрі тез жолы. Төменде бүккіл мұсылман қауымы ерген төрт мәзхап имамдарымен кейбір үлкен ғұламалардың сопылық тәриқат хақында айтқан сөздері келтірілді.

Иман Әбу Ханифа (700-767)

Ханафи мәзхабының имамы Имам Ағзам яғни Имам Әбу Ханифа қазіреті «егер бұл екі жылым болмағанда, мен шаруасы біткен біреу болар едім, мен әулие Сәидина Жафар әс-Садық қазіретке ердім және одан мол рухани білім алу арқылы тәриқат білгіріне айналдым.» дейді, бұнда Имам Ағзам «әйгілі әулие сопы Сәидина Жафар әс-Садық қазіреттен бая алып, тасауф (тәриқат) үйренбегем болсам, менің ұшан-теңіз шәриғат-фиқ білімдерім өзімді құтқара алмас еді» дейді. Ол кісі қайтыс боларында «бұл екі жылым болмаса, Нұғманның (өзінің есімі) ісі бітер еді.» деген екен, ол өмірінің соңғы жылдарында әулие сопы Сәидина Жафар әс-Садық қазіретке еріп, оны пір тұтады, бұл хақында 11-ғасырда жазылған «Al-Durr al-Mukhtar» атты еңбекте жазылған.

* Сәидина Жафар әс-Садық: Нақшбанд соплық тәриқатының 5-әулие шайқы, пайғамбарымыздың әулетінен.

Имам Мәлік (716-795)

Мәлики мәзхабының имамы Имам Мәлік қазіреті «кімде-кім шәриғат (фиқ) үйреніп, бірақ сопылық тәриқатты (тасауф) үйренбесе, ол бұзылған біруге айналады, ал кімде-кім тәриқатты үйреніп, бірақ шәриғатты үйренбесе, ол тура жолда бола алмайды, егер кімде-кім осы екеуін яғни шәриғатпен тәриқатты бірдей алып жүрсе, ол туралыққа яғни ақиқатқа жететін болады.» дейді, бұнда Имам Мәлік қазіреті тек қана шәриғат немесе тек қана тәриқатпен ғана жүрудің дұрыс емес екендігін айтады және адамдарға тәриқатпен шәриғатты бірдей алып жүргенде ғана оның кемел мұсылманға яғни мүмин бола алатынын ескертеді. Бұл «Ali al-Adawi, Imam Abil-Hassan» атты еңбекте айтылған. Имам Мәлик қазіреті Имам Әбу Ханифа қазіретпен бірге әулие сопы Имам Жафар әс-Садық қазіреттен тәриқат үйреніп, оған мүрит болған.

Имам Шафиғи (767-820)

Шафиғи мәзхабының имамы Имам Шафиғи қазіреті «мен сопылармен бірге болдым және мен олардан мына үш білімді үйрендім.» дейді:
1. олар маған қалай сөйлеуді үйретті.
2. олар маған адамдарға кең пейілділікпен және жұмсақ жүрекпен мәміле жасауды үйретті.
3. олар маған сопылық тәриқатты яғни суфизм жолын үйретті.
Бұл туралы «Kashf al-Khafa and Muzid al-Albas, Imam ‘Ajluni» атты 18-ғасырда жазылған еңбекте айтылады.
Иман Шафиғи қазіреті жоғарыда айтылған Имам Мәліктің төл шәкірті болып, ғұламалардан соплық тәриқатты яғни суфизымды үйренген.

Имам Ахмад бин Ханбал (780-855)

Ханбали мәзхабының имамы Имам Ханбали қазіреті баласына «о балам, сен сопылармен яғни суфизм адамдарымен бірге отыр, себебі олар бейне қайнап тұрған білімнің қайнар бұлағына ұқсайды, олар ұдайы алла тағаланы жүрегінде алып жүреді, зікірлейді. Олар жүректерін бос нәрседен нағыз тиғандар, руханият қуатыда соларда.» деп ақыл-өсиет айтады. Бұл туралы «Tanwir al-Qulub, Muhammad Amin al-Kurdi» атты 13-14-ғасырда жазылған еңбекте айтылған. «Ghiza Al-Albab» атты еңбекте Имам Ханбали қаіреті «мен сопылардан өткен жақсы адамдарды көрмедім.» дейд, Имам Ханбали қазірет Имам Шафиғи қазіреттің шәркірті еді.

Имам Ғазали (1058-1111)

Имам Ғазали қазіреті «Hujjat ul-Islam» атты еңбегінде сопылық тәриқат (суфизм) хақында «Мен сопыларды алла тағаланың жолындағы нағыз ізденушілер десем ақиқатты айтқан боламын, олардағы мінез ең жақсы мінез, олардың жолы ең жақсы жол, олардың әдебі ең әдемі, қасиетті толы. Олар өздерінің жүрегін алла тағаладан басқаның бәрінен тазалаған, олардың бұл қасиеті оларды алла тағаланың қасиетті илахи құзіретіндегі білімдерге жүздіріп апаратын өзен сияқты еткен.» дейді (al-Munqidh min ad-Dalal).

Имам Науауи (1223-1278)

Имам Науауи қазіреті «Maqasid at-Tawhid» атты еңбегінде, «сопылық тәриқат жолының ерекшелігі мына бес нәрсе.» дейді:
1. мейлі көппен болсаңда немесе жеке өзің ғана қалсаңда алла тағаланың қүзіретін жүрегіңде сақтау.
2. іс-әрекетпен сөзде де пайғамбарымыздың сүннетіне ілесе білу.
3. адамдарға йек артудан аулақ болу.
4. мейлі болымсыз болсада, алла тағаланың бергеніне қуанып, оған разы бола білу.
5. әр ісіңді аса ұлы және аса құдіретті алла тағалаға тапсыра білу.

Фақұруддин әр-Рази (1149-1209)

12-ғасырда Селжұқ Империясы тұсында жасаған әигілі ғұлама Фақұруддин әр-Рази қазірет «Itiqadat Firaq al-Muslimin» атты өз еңбегінде «сопылық тәриқат жолы білім іздеп, өздерін мына дүниенің қызығынан тәрік еткен, олардың ойларымен жүректері ұдайы алла тағаланы зікірлеумен қарбалас, сонымен бірге олар әр іс-әрекеттерімен әдеп-мінездерінде де осындай күйде.» дейді.

Ибн Халдұн (1332-1406)

12-ғасырда жасаған мұсылманның әйгілі ойшылы әрі ұлы тәрихшысы Ибн Халдұн қазірет «Muqaddimat ibn Khaldun» еңбегінде «сопылардың жолы салафтардың, ғұлама сахабалардың және тәбиғин, әт-тәбиғиндардың жолы. Олардың түбі алла тағалаға құлшылық ету, мына дүниенің қызығы және үлдесімен бүлдесінен өздерін тиудан келген.» дейді.

Жалалуддин әс-Суити (1445–1505)

Суити қазірет «сопылық тәриқат (суфизм) жақсылардың ішіндегі ең жақсысы және ең абыройлы білім, ол саған қасиетті пайғамбарымыздың сүннетіне қалай еру керектігін үйретеді және сені бидағаттан сақтайды.» дейді, оны «Dalam Ta'yad al-haqiqat al-'Aliyya» еңбегінде айтқан.

Жоғарыда айтылып өткендей күллі мұсылман әлемі еретін төрт мәзхабта төтелей немесе жанамалай Нақшыбанд тәриқатының 5-шайық әулие имамы болып келетін Сәидина Жафар әс-Садық қазіретпен байлансты болып, сопылық тәриқаттың тұлғалары болған әрі суфизм-тасауф ілімдеріне аса жеттік болған, бұнда сопылық тәриқат (суфизм, тасауф) хақында айтқандары берілді. Деректер Фарид Юнұстың «Ислам Мәдениеті (2013)» атты еңбегінен қысқартылып алынды.



مازحاپ يمامدارىنىڭ سوپىلىق تاريقات جايلى ايتقاندارى

سوپىلىق تاريقات، سۋفيزم جانە تاساۋف قاتارلى ۇعىمدار ۇقساس ۇعىمداردان، سوپىلىق تاريقات ياعني سۋفيزم يسلامنىڭ الدىندا دا، ارتىندا دا نەمەسە قاسىندا دا تۇرمايدى، بىراق سۋفيزم يسلامنىڭ جۇرەگى دەلىنەدى. سوپىلىق تاريقات ادامداردىڭ جۇرەكتەرىن تازالاپ، ىشكى جان دۇنيەسىن كىرشىكسىزدىككە جەتكىزەدى، ول - كەمەل مۇسىلماندىققا جەتۋدىڭ قىسقا ءارى تەز جولى. تومەندە بۇككىل مۇسىلمان قاۋىمى ەرگەن ءتورت ءمازحاپ يمامدارىمەن كەيبىر ۇلكەن عۇلامالاردىڭ سوپىلىق تاريقات حاقىندا ايتقان سوزدەرى كەلتىرىلدى.

يمان ءابۋ حانيفا (700-767)

حانافي ءمازحابىنىڭ يمامى يمام اعزام ياعني يمام ءابۋ حانيفا قازىرەتى «ەگەر بۇل ەكى جىلىم بولماعاندا، مەن شارۋاسى بىتكەن بىرەۋ بولار ەدىم، مەن اۋليە ءسايدينا جافار ءاس-سادىق قازىرەتكە ەردىم جانە ودان مول رۋحاني ءبىلىم الۋ ارقىلى تاريقات بىلگىرىنە اينالدىم.» دەيدى، بۇندا يمام اعزام «ايگىلى اۋليە سوپى ءسايدينا جافار ءاس-سادىق قازىرەتتەن بايا الىپ، تاساۋف (تاريقات) ۇيرەنبەگەم بولسام، مەنىڭ ۇشان-تەڭىز شاريعات-فيق بىلىمدەرىم ءوزىمدى قۇتقارا الماس ەدى» دەيدى. ول كىسى قايتىس بولارىندا «بۇل ەكى جىلىم بولماسا، نۇعماننىڭ (ءوزىنىڭ ەسىمى) ءىسى بىتەر ەدى.» دەگەن ەكەن، ول ءومىرىنىڭ سوڭعى جىلدارىندا اۋليە سوپى ءسايدينا جافار ءاس-سادىق قازىرەتكە ەرىپ، ونى ءپىر تۇتادى، بۇل حاقىندا 11-عاسىردا جازىلعان «al-durr al-mukhtar» اتتى ەڭبەكتە جازىلعان.

* ءسايدينا جافار ءاس-سادىق: ناقشباند سوپلىق تاريقاتىنىڭ 5-اۋليە شايقى، پايعامبارىمىزدىڭ اۋلەتىنەن.

يمام مالىك (716-795)

ماليكي ءمازحابىنىڭ يمامى يمام مالىك قازىرەتى «كىمدە-كىم شاريعات (فيق) ۇيرەنىپ، بىراق سوپىلىق تاريقاتتى (تاساۋف) ۇيرەنبەسە، ول بۇزىلعان بىرۋگە اينالادى، ال كىمدە-كىم تاريقاتتى ۇيرەنىپ، بىراق شاريعاتتى ۇيرەنبەسە، ول تۋرا جولدا بولا المايدى، ەگەر كىمدە-كىم وسى ەكەۋىن ياعني شاريعاتپەن تاريقاتتى بىردەي الىپ جۇرسە، ول تۋرالىققا ياعني اقيقاتقا جەتەتىن بولادى.» دەيدى، بۇندا يمام مالىك قازىرەتى تەك قانا شاريعات نەمەسە تەك قانا تاريقاتپەن عانا ءجۇرۋدىڭ دۇرىس ەمەس ەكەندىگىن ايتادى جانە ادامدارعا تاريقاتپەن شاريعاتتى بىردەي الىپ جۇرگەندە عانا ونىڭ كەمەل مۇسىلمانعا ياعني ءمۇمين بولا الاتىنىن ەسكەرتەدى. بۇل «ءalى al-ءadawى، ءىmam ءabىl-hassan» اتتى ەڭبەكتە ايتىلعان. يمام ماليك قازىرەتى يمام ءابۋ حانيفا قازىرەتپەن بىرگە اۋليە سوپى يمام جافار ءاس-سادىق قازىرەتتەن تاريقات ۇيرەنىپ، وعان ءمۇريت بولعان.

يمام شافيعي (767-820)

شافيعي ءمازحابىنىڭ يمامى يمام شافيعي قازىرەتى «مەن سوپىلارمەن بىرگە بولدىم جانە مەن ولاردان مىنا ءۇش ءبىلىمدى ۇيرەندىم.» دەيدى:
1. ولار ماعان قالاي سويلەۋدى ۇيرەتتى.
2. ولار ماعان ادامدارعا كەڭ پەيىلدىلىكپەن جانە جۇمساق جۇرەكپەن مامىلە جاساۋدى ۇيرەتتى.
3. ولار ماعان سوپىلىق تاريقاتتى ياعني سۋفيزم جولىن ۇيرەتتى.
بۇل تۋرالى «kashf al-khafa and ءmuzىd al-albas، ءىmam ‘ءajlunى» اتتى 18-عاسىردا جازىلعان ەڭبەكتە ايتىلادى.
يمان شافيعي قازىرەتى جوعارىدا ايتىلعان يمام مالىكتىڭ ءتول شاكىرتى بولىپ، عۇلامالاردان سوپلىق تاريقاتتى ياعني سۋفيزىمدى ۇيرەنگەن.

يمام احماد بين حانبال (780-855)

حانبالي ءمازحابىنىڭ يمامى يمام حانبالي قازىرەتى بالاسىنا «و بالام، سەن سوپىلارمەن ياعني سۋفيزم ادامدارىمەن بىرگە وتىر، سەبەبى ولار بەينە قايناپ تۇرعان ءبىلىمنىڭ قاينار بۇلاعىنا ۇقسايدى، ولار ۇدايى اللا تاعالانى جۇرەگىندە الىپ جۇرەدى، زىكىرلەيدى. ولار جۇرەكتەرىن بوس نارسەدەن ناعىز تيعاندار، رۋحانيات قۋاتىدا سولاردا.» دەپ اقىل-وسيەت ايتادى. بۇل تۋرالى «ءtanwىr al-qulub، muhammad ءamىn al-ءkurdى» اتتى 13-14-عاسىردا جازىلعان ەڭبەكتە ايتىلعان. «ءghىza al-albab» اتتى ەڭبەكتە يمام حانبالي قاىرەتى «مەن سوپىلاردان وتكەن جاقسى ادامداردى كورمەدىم.» دەيد، يمام حانبالي قازىرەت يمام شافيعي قازىرەتتىڭ شاركىرتى ەدى.

يمام عازالي (1058-1111)

يمام عازالي قازىرەتى «hujjat ul-ءىslam» اتتى ەڭبەگىندە سوپىلىق تاريقات (سۋفيزم) حاقىندا «مەن سوپىلاردى اللا تاعالانىڭ جولىنداعى ناعىز ىزدەنۋشىلەر دەسەم اقيقاتتى ايتقان بولامىن، ولارداعى مىنەز ەڭ جاقسى مىنەز، ولاردىڭ جولى ەڭ جاقسى جول، ولاردىڭ ادەبى ەڭ ادەمى، قاسيەتتى تولى. ولار وزدەرىنىڭ جۇرەگىن اللا تاعالادان باسقانىڭ بارىنەن تازالاعان، ولاردىڭ بۇل قاسيەتى ولاردى اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى يلاحي قۇزىرەتىندەگى بىلىمدەرگە ءجۇزدىرىپ اپاراتىن وزەن سياقتى ەتكەن.» دەيدى (al-ءmunqىdh ءmىn ad-dalal).

يمام ناۋاۋي (1223-1278)

يمام ناۋاۋي قازىرەتى «ءmaqasىd at-ءtawhىd» اتتى ەڭبەگىندە، «سوپىلىق تاريقات جولىنىڭ ەرەكشەلىگى مىنا بەس نارسە.» دەيدى:
1. مەيلى كوپپەن بولساڭدا نەمەسە جەكە ءوزىڭ عانا قالساڭدا اللا تاعالانىڭ قۇزىرەتىن جۇرەگىڭدە ساقتاۋ.
2. ءىس-ارەكەتپەن سوزدە دە پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتىنە ىلەسە ءبىلۋ.
3. ادامدارعا يەك ارتۋدان اۋلاق بولۋ.
4. مەيلى بولىمسىز بولسادا، اللا تاعالانىڭ بەرگەنىنە قۋانىپ، وعان رازى بولا ءبىلۋ.
5. ءار ءىسىڭدى اسا ۇلى جانە اسا قۇدىرەتتى اللا تاعالاعا تاپسىرا ءبىلۋ.

فاقۇرۋددين ءار-رازي (1149-1209)

12-عاسىردا سەلجۇق يمپەرياسى تۇسىندا جاساعان ايگىلى عۇلاما فاقۇرۋددين ءار-رازي قازىرەت «ءىtىqadat ءfىraq al-ءmuslىmىn» اتتى ءوز ەڭبەگىندە «سوپىلىق تاريقات جولى ءبىلىم ىزدەپ، وزدەرىن مىنا دۇنيەنىڭ قىزىعىنان تارىك ەتكەن، ولاردىڭ ويلارىمەن جۇرەكتەرى ۇدايى اللا تاعالانى زىكىرلەۋمەن قاربالاس، سونىمەن بىرگە ولار ءار ءىس-ارەكەتتەرىمەن ادەپ-مىنەزدەرىندە دە وسىنداي كۇيدە.» دەيدى.

يبن حالدۇن (1332-1406)

12-عاسىردا جاساعان مۇسىلماننىڭ ايگىلى ويشىلى ءارى ۇلى ءتاريحشىسى يبن حالدۇن قازىرەت «ءmuqaddىmat ءىbn khaldun» ەڭبەگىندە «سوپىلاردىڭ جولى سالافتاردىڭ، عۇلاما ساحابالاردىڭ جانە تابيعين، ءات-تابيعينداردىڭ جولى. ولاردىڭ ءتۇبى اللا تاعالاعا قۇلشىلىق ەتۋ، مىنا دۇنيەنىڭ قىزىعى جانە ۇلدەسىمەن بۇلدەسىنەن وزدەرىن تيۋدان كەلگەن.» دەيدى.

جالالۋددين ءاس-سۋيتي (1445–1505)

سۋيتي قازىرەت «سوپىلىق تاريقات (سۋفيزم) جاقسىلاردىڭ ىشىندەگى ەڭ جاقسىسى جانە ەڭ ابىرويلى ءبىلىم، ول ساعان قاسيەتتى پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتىنە قالاي ەرۋ كەرەكتىگىن ۇيرەتەدى جانە سەنى بيداعاتتان ساقتايدى.» دەيدى، ونى «dalam ta'yad al-ءhaqىqat al-'ءalىyya» ەڭبەگىندە ايتقان.

جوعارىدا ايتىلىپ وتكەندەي كۇللى مۇسىلمان الەمى ەرەتىن ءتورت ءمازحابتا توتەلەي نەمەسە جانامالاي ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 5-شايىق اۋليە يمامى بولىپ كەلەتىن ءسايدينا جافار ءاس-سادىق قازىرەتپەن بايلانستى بولىپ، سوپىلىق تاريقاتتىڭ تۇلعالارى بولعان ءارى سۋفيزم-تاساۋف ىلىمدەرىنە اسا جەتتىك بولعان، بۇندا سوپىلىق تاريقات (سۋفيزم، تاساۋف) حاقىندا ايتقاندارى بەرىلدى. دەرەكتەر فاريد يۋنۇستىڭ «يسلام مادەنيەتى (2013)» اتتى ەڭبەگىنەن قىسقارتىلىپ الىندى.

Мәзхап имамдарының сопылық тәриқат жайлы айтқандары
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
2 жыл бұрын 1840
0 пікір
Блог туралы