ДІН ҮЙРЕНУ БӨЛЕК, ДІН ТҮСІНУ БӨЛЕК, ДІНГЕ ХИКІМЕТ КЕРЕК
ДІН ҮЙРЕНУ БӨЛЕК, ДІН ТҮСІНУ БӨЛЕК, ДІНГЕ ХИКІМЕТ КЕРЕК

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6830


ДІН ҮЙРЕНУ БӨЛЕК, ДІН ТҮСІНУ БӨЛЕК, ДІНГЕ ХИКІМЕТ КЕРЕК

Гүлдерге әртүрлі аралар, насекомдар қонар, бірақ олардың барлығы бірдей бал жасай алмас, тіпті кейбірі у жасайды, демек, тек бір бөлім аралар ғана гүлден бал жасай алар, ал ислам, шәриғат, құранда осы гүлге ұқсар, көп адам оларды үйренер яғни олар да "дін" деген гүлге көп қонар, бірақ көбі оны түсінбес, демек, бал жасай алмас, у жасар, олар молда, доктор, профессор тб құр атақтарды қуып кеткен, олар нәпсі қалауын, дүние пайдасын діннен іздер, міне бұл мұсылманда ғұлама, молда, доктор, профессор көбейген сайын діннің бұзылып, кері кетуінің себебі, демек, дін үйренгеннің бәрі бірдей дін түсінбес, үйрете бермес, олар дін шырынын сорар, бірақ діннен "бал" жасап, жұртқа ұсына алмас, көбі бал емес, у ұсынар, біреу ислам, шәриғат, құран үйреніп жүрсе, бұл "олар оны түсініп жүр" дегенді білдірмейді, олар кейбір аралар секілді жәй қонып жүр, бал аралары ғана гүлден бал жасай алатыны сияқты ислам, құран, шәриғат оқығандардың аз бөлімі ғана одан "бал" жасай алады, ниеті таза, хикіметті адамдар ғана діннен "бал" жасап, халыққа діннің нағыз дәмін татқыза алады, әл-әзхар шайқысы "бізден 3 жүзмың шайық, доктор дін бітірді" деп лепіреді, ал оған "егер сол бітіргендердің елге пайдасы тиіп жатқан болса, не үшін Мысыр елі дүниедегі ең жемқор елдің бірі боп жүр?" дедім, жоқ, олар пайғамбардың нағыз жолын, пайғамбарымыздың махаббатын үйретіп жатқан жоқ, нәпсі-дүние құмарлықты үйретер, ислам аса киелі-дүр, оны әркім үйрете алмас, оған тазалық, хикімет керек, ел-жұртқа дін-ислам гүлінен бал жасай алатын "аралар" керек.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءدىن ۇيرەنۋ بولەك، ءدىن ءتۇسىنۋ بولەك، دىنگە حيكىمەت كەرەك

گۇلدەرگە ءارتۇرلى ارالار، ناسەكومدار قونار، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى بىردەي بال جاساي الماس، ءتىپتى كەيبىرى ۋ جاسايدى، دەمەك، تەك ءبىر ءبولىم ارالار عانا گۇلدەن بال جاساي الار، ال يسلام، ءشاريعات، قۇراندا وسى گۇلگە ۇقسار، كوپ ادام ولاردى ۇيرەنەر ياعني ولار دا "ءدىن" دەگەن گۇلگە كوپ قونار، ءبىراق كوبى ونى تۇسىنبەس، دەمەك، بال جاساي الماس، ۋ جاسار، ولار مولدا، دوكتور، پروفەسسور تب قۇر اتاقتاردى قۋىپ كەتكەن، ولار ءناپسى قالاۋىن، دۇنيە پايداسىن دىننەن ىزدەر، مىنە بۇل مۇسىلماندا عۇلاما، مولدا، دوكتور، پروفەسسور كوبەيگەن سايىن ءدىننىڭ بۇزىلىپ، كەرى كەتۋىنىڭ سەبەبى، دەمەك، ءدىن ۇيرەنگەننىڭ ءبارى بىردەي ءدىن تۇسىنبەس، ۇيرەتە بەرمەس، ولار ءدىن شىرىنىن سورار، ءبىراق دىننەن "بال" جاساپ، جۇرتقا ۇسىنا الماس، كوبى بال ەمەس، ۋ ۇسىنار، بىرەۋ يسلام، ءشاريعات، قۇران ۇيرەنىپ جۇرسە، بۇل "ولار ونى ءتۇسىنىپ ءجۇر" دەگەندى بىلدىرمەيدى، ولار كەيبىر ارالار سەكىلدى ءجاي قونىپ ءجۇر، بال ارالارى عانا گۇلدەن بال جاساي الاتىنى سياقتى يسلام، قۇران، ءشاريعات وقىعانداردىڭ از ءبولىمى عانا ودان "بال" جاساي الادى، نيەتى تازا، حيكىمەتتى ادامدار عانا دىننەن "بال" جاساپ، حالىققا ءدىننىڭ ناعىز ءدامىن تاتقىزا الادى، ءال-ءازحار شايقىسى "بىزدەن 3 ءجۇزمىڭ شايىق، دوكتور ءدىن ءبىتىردى" دەپ لەپىرەدى، ال وعان "ەگەر سول بىتىرگەندەردىڭ ەلگە پايداسى ءتيىپ جاتقان بولسا، نە ءۇشىن مىسىر ەلى دۇنيەدەگى ەڭ جەمقور ەلدىڭ ءبىرى بوپ ءجۇر؟" دەدىم، جوق، ولار پايعامباردىڭ ناعىز جولىن، پايعامبارىمىزدىڭ ماحابباتىن ۇيرەتىپ جاتقان جوق، ءناپسى-دۇنيە قۇمارلىقتى ۇيرەتەر، يسلام اسا كيەلى-ءدۇر، ونى اركىم ۇيرەتە الماس، وعان تازالىق، حيكىمەت كەرەك، ەل-جۇرتقا ءدىن-يسلام گۇلىنەن بال جاساي الاتىن "ارالار" كەرەك.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=6830

 

Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
9 месяцев назад 1069
0 комментариев
Прямой эфир