РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?
РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?

РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?

https://instagram.com/nvrislami

Мәуләнә Руми әулие "рухани есейуге мына істерді істегенде жетесің" дер: 1) өзгені емес, өзіңді өзгертуге кірісіп кеткеніңде 2) әр адамды сол өз қалпында қабыл ете білгеніңде 3) әр адам өз ойы бойынша дұрыс екенін түсіне білгеніңде 4) "кете берсін" өнерін үйреніп алған кезіңде 5) елмен байланысқа келгенде ештеңе күтпестен, өзіңдегі барыңды өзгелерге арнаудан ләззат ала білген кезіңде 6) ісіміздің барлығы ішкі жан тыныштығымыз үшін екенін түсіне білген кезіңде 7) өзіңді ақылды кісі, есті кісі етіп көрсетуді қойған кезіңде 8) елден "бәрекелді"-ні іздеуді қойған кезіңде 9) өзіңді өзгемен салыстыруды тоқтатқан кезіңде 10) өзің өз ішіңнен тыныштық таба білген кезіңде 11) "қажет"-пен "қалаймын"-ды парықтай біліп, ондағы "қалаймын"- ыңды қағыс қалдырған кезіңде 12) бақытты дүниелік материалмен байланыстыруды мүлдем қойып кеткен кезіңде; міне бұларды істей алсаң рухани есейесің, Алла досы Мәуләнә Руми әулие осылай дер.

رۋمي: قاشان رۋحاني ەسەيىپ، تولىساسىڭ؟

ءماۋلانا رۋمي اۋليە "رۋحاني ەسەيۋگە مىنا ىستەردى ىستەگەندە جەتەسىڭ" دەر: 1) وزگەنى ەمەس، ءوزىڭدى وزگەرتۋگە كىرىسىپ كەتكەنىڭدە 2) ءار ادامدى سول ءوز قالپىندا قابىل ەتە بىلگەنىڭدە 3) ءار ادام ءوز ويى بويىنشا دۇرىس ەكەنىن تۇسىنە بىلگەنىڭدە 4) "كەتە بەرسىن" ونەرىن ۇيرەنىپ العان كەزىڭدە 5) ەلمەن بايلانىسقا كەلگەندە ەشتەڭە كۇتپەستەن، وزىڭدەگى بارىڭدى وزگەلەرگە ارناۋدان ءلاززات الا بىلگەن كەزىڭدە 6) ءىسىمىزدىڭ بارلىعى ىشكى جان تىنىشتىعىمىز ءۇشىن ەكەنىن تۇسىنە بىلگەن كەزىڭدە 7) ءوزىڭدى اقىلدى كىسى، ەستى كىسى ەتىپ كورسەتۋدى قويعان كەزىڭدە 8) ەلدەن "بارەكەلدى"-ءنى ىزدەۋدى قويعان كەزىڭدە 9) ءوزىڭدى وزگەمەن سالىستىرۋدى توقتاتقان كەزىڭدە 10) ءوزىڭ ءوز ىشىڭنەن تىنىشتىق تابا بىلگەن كەزىڭدە 11) "قاجەت"-پەن "قالايمىن"-دى پارىقتاي ءبىلىپ، ونداعى "قالايمىن"- ىڭدى قاعىس قالدىرعان كەزىڭدە 12) باقىتتى دۇنيەلىك ماتەريالمەن بايلانىستىرۋدى مۇلدەم قويىپ كەتكەن كەزىڭدە; مىنە بۇلاردى ىستەي الساڭ رۋحاني ەسەيەسىڭ، اللا دوسى ءماۋلانا رۋمي اۋليە وسىلاي دەر.

https://nvrislam.net


АДАМДАР ТІЛ-КӨЗДІ, ТЕРІС КҮШТІ ӨЗДЕРІ ШАҚЫРАДЫ

Ел ұдайы 'маған сиқыр-жады жасалды ма? менде жын бар ма?' дер, оларда ештеңе жоқ, сиқыр-жын кіру өте сирек іс, бірақ тіл-көз бар, адамдар оны өздері шақырар, себебі олар желіде ұдайы мақтанып, ішкен-жегенін, дүниесін, барын тб. көрсетеді, сурет-бейне шығарады, бірақ бұл өзгелердің қызғанышын тартады, тіл-көз сұғын шақырып әкеледі, тіл-көз сұғы бар адамдар болады, тіл-көз тисе, оны қайтара алмайсың, сол үшін, барыңды, нығметіңді, суретіңді, ішкен-жегеніңді көрсетіп мақтанба, сыр-құпияңды сақта, ештеңе көрсетпе, кішпейіл бол, "әйгілі адам, белгілі тұлға болам" деп, бос істермен әуре болма, бұның барлығы нәпсіден, егер олай етсең, өміріңе, отбасыңа, бала шағаңа, иманыңа жақсы болмас, тіл-көз тисе, барыңнан айырылып, қалпыңа келе алмауың мүмкін, демек, сиқыр-жын жоқ, бірақ олар нәпсілеріне еріп, осындай келеңсіз істерімен өздеріне өздері кесір шақырып алады, егер олар нәпсісін ұстай білсе, оларды жамандық іздеп келмес еді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ

ادامدار ءتىل-كوزدى، تەرىس كۇشتى وزدەرى شاقىرادى

ەل ۇدايى 'ماعان سيقىر-جادى جاسالدى ما؟ مەندە جىن بار ما؟' دەر، ولاردا ەشتەڭە جوق، سيقىر-جىن كىرۋ وتە سيرەك ءىس، ءبىراق ءتىل-كوز بار، ادامدار ونى وزدەرى شاقىرار، سەبەبى ولار جەلىدە ۇدايى ماقتانىپ، ىشكەن-جەگەنىن، دۇنيەسىن، بارىن تب. كورسەتەدى، سۋرەت-بەينە شىعارادى، ءبىراق بۇل وزگەلەردىڭ قىزعانىشىن تارتادى، ءتىل-كوز سۇعىن شاقىرىپ اكەلەدى، ءتىل-كوز سۇعى بار ادامدار بولادى، ءتىل-كوز تيسە، ونى قايتارا المايسىڭ، سول ءۇشىن، بارىڭدى، نىعمەتىڭدى، سۋرەتىڭدى، ىشكەن-جەگەنىڭدى كورسەتىپ ماقتانبا، سىر-قۇپياڭدى ساقتا، ەشتەڭە كورسەتپە، كىشپەيىل بول، "ايگىلى ادام، بەلگىلى تۇلعا بولام" دەپ، بوس ىستەرمەن اۋرە بولما، بۇنىڭ بارلىعى ناپسىدەن، ەگەر ولاي ەتسەڭ، ومىرىڭە، وتباسىڭا، بالا شاعاڭا، يمانىڭا جاقسى بولماس، ءتىل-كوز تيسە، بارىڭنان ايىرىلىپ، قالپىڭا كەلە الماۋىڭ مۇمكىن، دەمەك، سيقىر-جىن جوق، ءبىراق ولار ناپسىلەرىنە ەرىپ، وسىنداي كەلەڭسىز ىستەرىمەن وزدەرىنە وزدەرى كەسىر شاقىرىپ الادى، ەگەر ولار ءناپسىسىن ۇستاي بىلسە، ولاردى جاماندىق ىزدەپ كەلمەس ەدى.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە



Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
11 месяцев назад 1556
0 комментариев
Прямой эфир