Ең соңғы ақтық дем кезінде болсада құтқарып кететін амалдар
Ең соңғы ақтық дем кезінде болсада құтқарып кететін амалдар
Ең соңғы ақтық дем кезінде болсада құтқарып кететін амалдар
 
Амал етуші иесін ешқашанда тастап кетпейтін үш амал бар. Бұл амалдар иесі тіпті кәпір болып кетседе, өмірінің ең соңғы ақтық дем сәтінде іздеп келеді де, оны имансыз күпірліктен құтқарып, имандылық жолына сүйрелеп тартып әкетеді, осылайша ол өмірінің соңғы ақтық сәтінде исламға келіп, ана дүниеге аттанбақ.
 
Бұл амалдардың ең біріншісі пайғамбарымызға айтылған САЛАУАТТАР «аллахұмма сәлли әла мұхаммадин уа әла али мұхаммадин уа сәллим.». Бұл пайғамбармызға деген құрметпен махаббатымызды білдіру болып табылады, яғни, мағанасы «о раббым, бұл дүниедеде ақиреттеде пайғамбарымызға шексіз мейрім, зор даңқ және ұлы абырой бер» демекілік.
 
Пайғамбарға деген бұл құрмет салауатты кез келген адам омірінде бір-ақ рет қана айтып көрген болсада, бұл амал осы адамды оның бұл дүниемен қоштасар ең соңғы өмір ақтық дем сәттерінде іздеп келіп оны құтқарып кетеді. Бұл алланың өз құлдарына силаған бір мейрім-рахмандарынан дұр.
 
Екінші амал - ізгілікті ісіңмен жақсы амалың. Ислам діні бізге әрдайым өмірімізді ізгілікпен жақсы харекеттер үстінде өткізуге бұйырады. Исламда басқаларға жамандық істеуге немесе оларға жамандық ойлауға рұқсат берілмеген. Біз әрқандай адамға жақсылық жасай білуіміз керек. 
 
Үшінші амал - кешірімшілдік, біреу саған жамандық істесе, сен оны кешіре біл! Бұл адамды өмірінің ең соңғы ақтық демінде құтқарып кететін тағы бір амал. Кешірімшілдік сені жеңіліс жолына тастап кетпейді, бұл пайғамбарларға тән қасиет. Егер адамда басқаларды кешіре білетін әдет болса, алла тағалада оны кешіре біледі.
 
 
- Әулие Сопы Маулана Шайық Назым
 
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды
Сілтеме: http://www.nvrislam.net/index.php?post=29
 
 
ەڭ سوڭعى اقتىق دەم كەزىندە بولسادا قۇتقارىپ كەتەتىن امالدار
 
امال ەتۋشى يەسىن ەشقاشاندا تاستاپ كەتپەيتىن ءۇش امال بار. بۇل امالدار يەسى ءتىپتى كاپىر بولىپ كەتسەدە، ءومىرىنىڭ ەڭ سوڭعى اقتىق دەم ساتىندە ىزدەپ كەلەدى دە، ونى يمانسىز كۇپىرلىكتەن قۇتقارىپ، يماندىلىق جولىنا سۇيرەلەپ تارتىپ اكەتەدى، وسىلايشا ول ءومىرىنىڭ سوڭعى اقتىق ساتىندە يسلامعا كەلىپ، انا دۇنيەگە اتتانباق.
 
بۇل امالداردىڭ ەڭ ءبىرىنشىسى پايعامبارىمىزعا ايتىلعان سالاۋاتتار «اللاحۇمما ءساللي ءالا مۇحاممادين ۋا ءالا الي مۇحاممادين ۋا ءسالليم.». بۇل پايعامبارمىزعا دەگەن قۇرمەتپەن ماحابباتىمىزدى ءبىلدىرۋ بولىپ تابىلادى، ياعني، ماعاناسى «و راببىم، بۇل دۇنيەدەدە اقيرەتتەدە پايعامبارىمىزعا شەكسىز مەيرىم، زور داڭق جانە ۇلى ابىروي بەر» دەمەكىلىك.
 
پايعامبارعا دەگەن بۇل قۇرمەت سالاۋاتتى كەز كەلگەن ادام ومىرىندە ءبىر-اق رەت قانا ايتىپ كورگەن بولسادا، بۇل امال وسى ادامدى ونىڭ بۇل دۇنيەمەن قوشتاسار ەڭ سوڭعى ءومىر اقتىق دەم ساتتەرىندە ىزدەپ كەلىپ ونى قۇتقارىپ كەتەدى. بۇل اللانىڭ ءوز قۇلدارىنا سيلاعان ءبىر مەيرىم-راحماندارىنان دۇر.
 
ەكىنشى امال - ىزگىلىكتى ىسىڭمەن جاقسى امالىڭ. يسلام ءدىنى بىزگە ءاردايىم ءومىرىمىزدى ىزگىلىكپەن جاقسى حارەكەتتەر ۇستىندە وتكىزۋگە بۇيىرادى. يسلامدا باسقالارعا جاماندىق ىستەۋگە نەمەسە ولارعا جاماندىق ويلاۋعا رۇقسات بەرىلمەگەن. ءبىز ءارقانداي ادامعا جاقسىلىق جاساي ءبىلۋىمىز كەرەك.
 
ۇشىنشى امال - كەشىرىمشىلدىك، بىرەۋ ساعان جاماندىق ىستەسە، سەن ونى كەشىرە ءبىل! بۇل ادامدى ءومىرىنىڭ ەڭ سوڭعى اقتىق دەمىندە قۇتقارىپ كەتەتىن تاعى ءبىر امال. كەشىرىمشىلدىك سەنى جەڭىلىس جولىنا تاستاپ كەتپەيدى، بۇل پايعامبارلارعا ءتان قاسيەت. ەگەر ادامدا باسقالاردى كەشىرە بىلەتىن ادەت بولسا، اللا تاعالادا ونى كەشىرە بىلەدى.
 
 
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق نازىم
 
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق ء#دىن ء#تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى
سىلتەمە: http://www.nvrislam.net/index.php?post=29
Тәңіртау - ءتاڭىرتاۋТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ
3 года назад 1545
1 комментарий
Прямой эфир