Раббым, пендеңе еткен төрелігімді кешіре кор
Пендеңе еткен төрелігімді кешіре кор https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/189038859856494 Өз дін сенімінде жүрген әрбір адамды құрмет етуіміз керек, себебі ол пендемен алла тағаланың арасында қандай байланыс бар екенін біз білмейміз. Ертеректе аты мәшхұр бір әулие ұзақ жолда сапарлап келе жатып, иен далада еңкеңдеп намаз оқып жатқан қойшыға кез болады. Әулие кісі қойшының күні бойы тынбай жұмыс істегендіктен, үстіндегі кимінің тым кір боп кеткенін байқайды әрі оның бұндай кір киіммен намазда тұрғанын жақтырмайды. «Бұл түріңмен қалай намаз оқып жатсың? Үстіңдегі кимің өте кір...